М.Мақатаев Үш бақытым
Cабақтың тақырыбы: М.Мақатаев Үш бақытым
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға М.Мақатаев туралы мағлұмат беру,өлең мазмұнын түсіндіріп, мәнерлеп оқуға үйрету. Өз ойын жинақтап айтуға баулу.
Дамытушылық: тіл байлығын, сөздік қорын молайту, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру және ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: топпен жұмыс.
Сабақтың әдісі: топтау, сұрақ жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:М.Мақатаевтың суреті, кітаптары, интерактивті
тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
«Алақан» жаттығуы
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Ш.Құдайбердіұлының «Бостандық таңы» атты өлеңі
Оқушыларды үш топқа бөлу, тапсырма беру.
І. Оқу тобы. Ш.Құдайбердіұлы туралы айту. Өлеңді оқу
ІІ. Жазу тобы. Өлеңді оқу, мазмұндау
ІІІ. Өнер тобы. Өлең мазмұнындағы жақсы,
жаман әдеттерді бөліп жазу.
Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру.
Үй тапсырмасын қорытындылау. Сұрақ-жауап.
- Бостандық сөзін қалай түсінеміз?
- Ақын нелерден аулақ бол дейді?
- Тәуелсіз елдің балалары қандай болу керек?
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Сөзжұмбақ шешу
Сұрақтары:
- Береке, молшылық айы
- Қазақтың саяхатшы ғалымы кім?
- Әнұранның әнін жазған кім?
- Қысқы ұйқыға кеш жататын аң?
- Отанымыздың астанасы
- Елтаңбадағы сиволдың бірі
- Рәміздің бірі
- Өлең сөздің шебері
- «Күз кереметі» мәтініндегі атай
- Ой қозғау
- Бақыт сөзін қалай түсінеміз?
- Бақыт деген не?
- Үш қандай сан?
(Оқушылар өз ойын айтады)
ІІІ. Жаңа сабақ
- М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңімен танысу. Автор туралы мәлімет беру.
- Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұндау
- Сұрақ жауап
- Қасиетті тіл деп отырғаны қай тіл?
- Ақын айтқан үш бақытты ата?
- Сергіту сәті.
- Жаңа сабақты бекіту
- Әр топтың тапсырмалары қысқаша түсіндіріледі. Басты мақсаты – оқушы белсенді әрекеті арқылы өз білімін анықтап, бар біліміне жаңа білім қосады. Екінші мақсат – оқушылардың өздерін белсендіру.
Оқу тобы
Жазу тобы Өлеңді тізбектей оқыту
Өнер тобы
- Оқу тобы: Отан туралы мақал мәтел жазу, айту
Жазу тобы: Тіл туралы мақал мәтел жазу, айту
Өнер тобы: Топтастыру
- Оқу тобы: «Халқым, тілім, Отан» сөздеріне дыбыстық талдау жаса
Жазу тобы: «Қазақ тілі — мемлекеттік тіл» шағын әңгіме жазу
Өнер тобы: 5 жолды өлең құрастыру (тілім).
VII. Қорытындылау.
«Кім жылдам?» ойыны
VIІI. Үйге тапсырма беру.
М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жаттау.
IX.Бағалау.