Мұқан Иманжанов «Таңның атуы»

 

ПәніАна тілі
Сабақтың тақырыбы:Мұқан Иманжанов «Таңның атуы»
Сабақтың мақсаты:Білімділік:Оқушыларға табиғаттың құдіреттілігін таныта отырып, жаз мезгілінің әсемдігін сезіне, бағалай білуге баулу.

Дамытушылық:табиғат ерекшеліктерін елестете білу,шығармашылық ,іскерлік дағдыларын дамыту, ұжымдық жұмыс жасауға үйрету.

Тәрбиелілік:табиғаттың өзіне тән сұлулығын қорғау, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижеОйы толығады.Өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстырып біледі.Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.
СілтемеОқулық 3 сынып. Слайд.
Сабақта қолданылатын материалдар:Оқулық

2. Слайдтар, смайликтер.

Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеруСәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз»

Графикалық диктант арқылы тексеремін.

-Олай болса жаз айларын атап жіберейікші?

 Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Қызығушылығын ояту:Сыныпты топқа бөлу(жаз айлары бойынша)Оқушылар топтарға бөлінеді, топ басшысын сайлайды.

1-топ: маусым

2-топ: шілде

3-топ: тамыз

ІІІ. Жаңа сабақСөз жұмбақ шешеді жаңа тақырып ашылады.

Бейнероликтен

«Таңның атуы» атты үзіндіні көреді

 

«Мұқан Иманжановтың өмірімен танысады.

 

Оқушылар бейнеролик бойынша тұжырым жасап,жаңа тақырыпты анықтайды.

Слайд көреді, өздері білетіндерімен толықтырады.

ІҮ. Оқулықпен жұмысМәтінді іштей оқиды.

Мәтінді тізбектей оқиды.

 

-Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді екен?

-Шолпан жұлдызы қай уақытта туады?

«Шолпан» жұлдызы туралы аңыз оқып берейін.

Оқушылар оқып  шығады.әр топ түсіндіреді.
Ү. Дәптермен жұмысШолпан жұлдызы туралы берілген сөйлемді тауып жазыңдарЖазған сөйлемдерін оқиды.
ҮІСергіту сәтіӘуенмен қимыл-қозғалыс жаттығуларыӘуенмен қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды
ҮІ. Тапсырма1-топ:Эссе жазады.

2-топ «Таңның атуы» мәтінін топтастыру

3-топ: «Таңның ату» суретін салу

 

 

Постер қорғайды

ҮІІІ. Қорытынды«Бәйге жарысы» бойынша

-Мұқан Иманжанов қай жылы туылды?

-Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді ?

-Шолпан жұлдызы қай уақытта туады?

-Мұқан Иманжанов қай өңірде туылған?

-Қандай пьессалары бар?

-Әңгімелері қай тілде аударылған?

ІХ. Үй тапсырмасыСәбит Мұқановтың «Таңның атуы» мәтінін оқуТапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
Х. БағалауСабақ барысында алған баллдарын қорытып, бағалау. Күнделіктеріне қою.Бағаны не үшін қойды, қысқаша сипаттама айтып өтеді
Рефлексия-Сабақ сендерге ұнады ма?

Өзара бағалау

Екі жұлдыз, бір ұсыныс