Мен соғысты жек көрем

Сабақтың тақырыбы: Мен соғысты жек көрем. (Қ. Жұмағалиев)

Сабақ мақсаты: 1. Оқушылардың өлеңінің мазмұнымен таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру; мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру; белсенді ынтылы оқуға үйрету; туғантопырағының сонау тереңде жатқан тарихын таныту. 2. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтау мен нығайтуға; өз ойларын еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлеледей білуге машықтандыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту; 3. Оқушыларды ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, өзін ортада еркін ұстап, жолдастарының ойларын тыңдай білуге үйрету; Отаны үшін отқа түсетін ел жанды ел азаматы етіп тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Видеопроектор, фото альбомдар

Әдісі: Ой қозғау”, “Ой дамыту”,”Топтастыру”, сұрақ жауап, әңгімелеу.

Түрі: жаңа білім беру

Пәнаралық байланыс:дүниетану

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.

а) Бекіту сұрақтары: Мәтіннен “интернет”туралы не ұқтың?

Өзің компьютерде қандай ойын онап білесің?

ә) Америка және  Канада жөнінде материалдарды ортаға салу.

  1. “Топтастыру ”стратегиясы

 

Фото альбомнан соғыс көрінісін көрсету.

“Соғыс” сөзіне талдау жасату

  1. “Ой дамыту” стратегиясы

Мұғалімнің сөзі: Сонау ерте заманнан -ақ бабаларымыз болашағын ойлап күңіренді.толғанды. Әлде қазақ халқының болашақ өмірде “мың өліп, мың тірілетінін” болжады ма екен? Қазақ ешқашан басқаның жеріне сұқтанбаған, өз жерін жатқа сыйламаған және сатпаған халық. Ұлан -ғайыр жерінің ұрпақтары үшін жанын жалау еткен бабларымыз тірескеннің өткелдерінен деректер білу — ұрпақтарға парыз, міндет.

  1. Соғыс туралы мағлұмат беру.
  2. Біз бүгінгі сабағымызда ақын Қайрат Жұмағалиевтің “Мен соғысты жек көрем” өлеңімен танысамыз.

II- негізіг бөлім.

  1. Мағынаны тану. Ақын туралы мәлімет беру.
  2. Кітаппен жұмыс. Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы. Оқушылардың мәнерлеп оқуы. Тізбектей оқыту. Сөздік жұмыс. Сұрақ — жауап.
  3. “Ой қозғау ”стратегиясы. Видеопроектордан тапсырма беру.

Дәптермен жұмыс.

I- қатарға берілген тапсырма:

Мен соғысты жек көрем! Ойткені……..(пайымдау мәтінін жазу)

II қатарға берілген тапсырма:

Талай ғасырлар

Еш соғыссыз өтпеген! Өйткені…………….(пайымдау мәтінін жазу)

III қатарға берілген тапсырма:

Адамзатты жеткізген,

Арманына жетпеген!  Ойткені……………(пайымдау мәтінін жазу)

  1. “Тіл тірегі” телеойынының ізімен.

Берілген сұрақтарға тез және ұтымды жауап беру. Н,м,т әріптері берілді.

Атың кім?

Әкең аты кім?

Жасың нешеде?

Қайда тұрасың?

Елбасы кім?

Кім болғың келеді?

 

  1. Бес жол өлең.

Бейбітшілік, достық тақырыбында өлең құрастыру.

 

III. Қорытындылау, оқушылар еңбегін бағалау, үйге тапсырма беру.