Атадан қалған асыл сөз

Менің жұлдызды сәтім!

Тақырыбы: «Атадан  қалған  асыл  сөз».

Мақсаты: Оқушылардың  рухани  байлығын  дамытыу,атадан қалған асыл  сөздерді  естерінде  сақтау, ойлау қабілеттерін  арттыру.

Жүру  жоспары: 1.І-ші  бөлім: «Тапқырлық» сайысы.

2.ІІ-ші  бөлім: «Біліктілік»   сайысы.

3.ІІІ-ші бөлім: «Танымдық өре» сайысы.

  1. ІV-ші бөлім: «Үміткерлер» сайысы.
  2. V-ші бөлім: «Зерде»  сайысы.

Ойын  шарты: Әр бөлім  бойынша  сайысқа түсушілер дұрыс  жауап үшін жұлдызшалар алады. 2-ші және 3-ші бөлімнен кейін жұлдызшалары  аз  5-ойыншы  ойыннан  шығады да, қалған 3- ойыншыдан  біреуі 4-ші бөлімнен  кейін шығып, екеуі  соңғы бөлімде сайысып жеңгені «Менің  жұлдызды  сәтім» ойынының  жеңімпаз болады.

Жүргізу  барысы: 1-жүргізуші: Құрметті  ұстаздар,оқушылар!. Сіздерді  «Жұлдызды  сәт»  ойынын  тамашалауға шақырамыз.

2-жүргізуші: Біреуінің  жүрегінде  түгі  бар,

Біреунің  арқалап  жүрген қоғамдық  жүгі бар

Біреуінің  күмбірлеген  күйі  бар

Енді біреуінің  қатты істейтін  миы бар.

Ойыншыларымызды  ортаға  шақырамыз.

 

1-жүргізуші:  Мәңгі  бақи есте қалар  қызықты  бір  жиын болсын.

Білімдірек  шәкірт озар  сұрақтар қиын болсын.

2-жүргізуші:  Ойынымыздың  1-ші бөлімі «Тапқырлық» деп  аталады. Шарты : Сұрақ  қойылғаннан  кейін ойлануға  1-минут уақыт беріледі.

Тақтадағы 4-жауаптың  біреуі  қате,сол жауапты тауып «уақыттарыңыз  бітті» деген  кезде  қате жауаптың  номерін (көрсет) көтересіздер.Дұрыс  жауап  берген ойыншылар бір-бірден  жұлдызшалар  ұтып  алады.

1-жүргізуші:  1-сұрақ.Қазақ  әдебиетінің  классиктерінен кімдерді «Үш  бәйтерек» дейміз.

Дұрыс  жауап: С.Сейфулин,Б.Майлин,І.Жансүгіров.

2-жүргізуші:  2-сұрақ. Шәкәрім «Үш  анық» деп айтарлық  үш  нәрсе  бар  деген екен  олар қайсылар.

Дұрыс  жауап: Мінсіз сөз,Кірсіз ақыл,Адал  еңбек

1-жүргізуші: 3-сұрақ. Діни  аңыздарда Иса пайғамбардың  неше шәкіртінің  бірі  сатқын  болған.

Дұрыс жауап:  13-шәкірті  сатқын болған.

2-жүргізуші:  Жұмбақ:  Құйрығы  інге кірсе беті  өртеген,

Илегіне  ішегі тисе қатер төнген.

(элект пеші)

1-жүргізуші:  Бұл  жерге  ешкім келмеді ермек  үшін

Ойын-күлкі,өтірік термек үшін

Білмекке  аталардың  асыл сөзін

Келдім  айтып оларды бермек  үшін   деп   ойынымыздың        2-бөлімін  бастаймыз.

2-жүргізуші:  2-бөлім «Біліктілік» деп  аталады.Сұрақтарға  кім  жылдам белгісін  көтерсе, сол жауап береді.»

  1. Үш байлық (ден саулық,ақ жаулық,он саулық).
  2. Үш қуат  (ақыл,жүрек,тіл).
  3. Үш жаман (нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған ж/ы б/у).
  4. Үш  тәтті (жан, жар, мал).
  5. Жеті жұт (құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала)

6 .    Жеті жоқ (жерде өлшеуіш, аспанда тіреу,таста тамыр, тасбақада талақ, аллада бауыр, аққуда сүт, жылқыда өт жоқ).

  1. Жеті ата (ата,әке,бала,немере,шөбере,немене,шөпшек).
  2. Жеті қазына(ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы).

 

1-жүргізуші: Жұлдызшалары  аз 3-ойыншы ойыннан  шығады.

2-жүргізуші: Ойынымыздың  3-бөлімі «Танымдық өре» сайысы деп аталады.

1-жүргізуші: Ойланайық  азырақ,уақытыңды үнемдеп  кім табады кәнеки, жауабын мен білем деп,-келесі сайысымыздың шарты стол үстіндегі қима-кеспелерден  қойылған  сұраққа дұрысын  іріктеп  алу.

1-ойыншыға: «Үш  көз» (су анасы-бұлақ,жол анасы-тұяқ,сөз анасы -құлақ).

2-ойыншыға: «Үш  тоқтам» (ақыл-арқан,ой-өріс,адам-қазық).

3-ойыншыға: «Жеті амал» (күнің тоқырау,қарашаның қайтуы,үркердің батуы,мұздың қатуы, киіктің матауы,қыстың  кіруі,адың толғаны).

4-ойыншыға:  «Жеті ғалам»(күншығыс,күнбойыншыатыс,түстік,терістік,аспан-жоғары ғалам,жер-орта  ғалам,жер асты-төменгі  ғалам ).

5-ойыншыға: «Үш  мұрат» (сауда мұраты-ұту,жол мақсаты-жету,дау мақсаты-біту).

2-жүргізуші: Бұл  ойынның  соңынан жұлдызшалары аз  тағы екі ойыншы ойыннан  шығады.

1-жүргізуші:  Келісейік айтыспай,

Бірігейік ренжіспей

Бөлінген мен жан-жаққа

Мақсатымыз бір жақта,-деп ойынымыздың  келесі  бөлімі «Үміткер» сайысын  бастайық.

2-жүргізуші: Атаң қазақ болған соң

Жеті атаңды білген жөн

Жеті атасын білмейтін

Жетесіз ұлға күлген жөн, — дегендей  жеті аталарыңды  білесіңдерме?  Кім  айта алмаса ойыннан шығады.

1-жүргізуші:  Ойынымыздың  5-бөлімін «Зерделілер» сайысын бастаймыз.

2-жүргізуші: Жүлде үшін жарыстың

Көрініп тұр әне мәресі

Сөйлемнен сөз тудырып

Байқайық кім Зерделі

«Менің  жұлдызды  сәтім» сөйлемінен сөз құрау кезек-кезек айтып, кімде сөз болмай  қалса, сол  жеңіледі.

1-жүргізуші:  Бас қатырып бәріміз

Еңбектеніп терледік

Аяқтайық осымен

«Менің жұлдызды сәтім» ойынын

2-жүргізуші: Енді бізде айтарлықтай ешбір күмән  қалмады.

Аталардың  асыл  сөзі сақталсын жадыңда

Осы айтқан біліміңді өз бойың да жйнақта

Дәріс берген ұстаздарды әрқашан да ардақта, — деп бүгінгі ойынымыздың,  жеңімпаздарын құттықтаймыз