Қамалдың қатесі

Тақырыбы:    «Қамалдың қатесі»

Мақсаты: Мазмұндама жазу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеті:

1.Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;

2.Мәтін түрлерін ажырата білу қабілеттерін дамыту;

3.Ұқыптылыққа  тәрбиелеу;

Сабақ түрі         : жаңа сабақ                

Көрнекіліктер: Мазмұндамалар жинағы.

Әдіс-тәсілдер: өзіндік

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру:

2.Жаңа сабақ:

Мазмұндама мәтінімен танысу:

Мазмұндама.

«Қамалдың қатесі»

Қамал мектепке келе жатты. Жолда арық бар еді. Кеше нөсер жауған. Содан арықтың шеті опырылып қалыпты. Қамал аттап өте алмады. Қамал енді ағаштың бұтағына шықты. Ол арықтың бергі шетіне қарай ырғыды. Бұтақ сырт етіп сынып кетті. Қамал суға күмп етіп түсіп кетті.

 

Сұрақтар:

  1. Қамал қайда келе жатты?
  2. Табиғатта қандай өзгеріс болды?
  3. Қамал қайдан өтпекші болды?
  4. Ол қандай әрекеттер жасады?
  5. Қамалдың үстіне не болды?

Жоспар:    

1.Жолдағы арық. 

2.Іске аспаған әрекет.  

 

Керекті сөздер:

Арық, нөсер, жауған, шеті опырылып, ырғыды, бұтақ, күмп ете түсті.

 

Мәтінді оқушылардың әңгімелеуі.

                                              Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту:

Жоспар бойынша, сұрақтар бойынша, керекті сөздерді пайдаланып мазмұндама мәтінін дәптерге жазу.

 

4.Үйге тапсырма:  қайталау