5 санын қосу және азайту

Сабақтық  тақырыбы:  5 санын қосу және азайту

Сабақтық мақсаты: 1. 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру және сандардың құрамы туралы білімдерін тереңдету

  1. Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін,білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
  2. Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, шыдамдылыққа, сауаттылыққа, шапшаң ойлап есептеуге үйрету.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Әдістері: түсіндіру, ой қозғау, мағынасын ашу, ойын

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, үлестірме қағаздар, «алтын теңгелер» шаблондары.

Сабақтың барысы:

І. Бағдарлау –мотивациялық кезең

а) сәлемдесу

ә)Психологиялық дайындық

Мұғалімнің оқушыларға тілегі: «Бес» дегенің үздік баға,

Оқитын бол үздік қана.

Оқушы қызығушылығын ояту.

— Балалар , ерте, ерте, ертеде «Математика елінде» бір хан болыпты. Ханның «Бір»,«Екі»,«Үш»,«Төрт»,«Бес»,«Алты»,«Жеті»,«Сегіз»,

«Тоғыз»  «Он »деген он ұлы болыпты. Олар тату-тәтті өмір сүріп жатады. Күндердің бір күнінде оның «Бес» деген ортаншы баласы жоғалып кетіпті. Сонда хан былай деп жар салыпты:

— Уа, халайық,кімде-кім менің баламды тауып берсе, ат басындай алтын беремін!

— Балалар ханға өзінің ұлын табуға көмектесеміз бе?

Бүгінгі сабақта берілген тапсырмаларды орындау арқылы, «Бестің» табылуына көмектесе аласыңдар. Олай болса, іске сәт!

Сабаққа белсене араласқан баланың әр дұрыс жауабына 1 «алтын теңгеден» қосылады. Сөйтіп, сабақ соңында қорытындысы шығарылады.

1тапсырма.

«Ашық журнал» слайд арқылы берілетін сұрақтар:

Қосындының және айырманың мәндерін тап:

3+2    10- 4    4+1    9+1    8-2    6-3     7+2

  1. тапсырма.4-тен кіші сандарды ата.
  2. тапсырма.4 санының көршілерін ата

4.тапсырма. 4 санының құрамы қандай сандардан тұрады.

  1. тапсырма.Бір топ үйрек ұшып барады. Барлығы бесеу, біреуін атып түсірді. Нешеуі қалады?

— Сонымен, өткен материалды  орындауда біз неше  тапсырманы орындадық? (5)

Демек, бүгінгі  сабағымыз 5 санымен байланысты болады.

Мағынаны тану:

5 санын қосу және азайту.

«Бес» саны қандай сөздерде кездесетінін іздеу (Слайд арқылы)

— Балалар, «Бесті» «Сөз » елінен де іздеп көрейік

  1. «Бес» саны мынадай сөздерде кездеседі.

Бес аспап ,бес күндік,  бес қанат, бес саусағындай біледі, бес саусақтай, бес тиынға тұрмайды.

  1. Бес қару

1)Садақ. 2) қылыш. 3)Найза. 4) Айбалта. 5) Шоқпар.

  1. Абайдың өлеңіндегі 5 асыл және 5 дұшпан. (өлеңді есіңе түсіріп айтып бер)

(өсек, өтірік, мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашпақ)

(Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым).

Оқулықпен жұмыс.

  1. 5 санының құрамын анықтау.

Тез есепте! Тал басында,тізіліп,

Он жапырақ түрады.

Жел соқты да,үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы біреуі.

Тұр әлі де  іілініп,

 

Сергіту сәті

Дәптермен  жұмыс №1 Өздік жұмысы

№2.  5 санын қосу және азайту кестесін жаз және жатта.

1+5    2+5   3+5     4+5    5+5    10-5    9-5   8-5    7-5    6-5   5-5

№3       Ұяда 9 балапан отырды. 5 балапан ұшып кетті. Неше балапан қалды?

Отырды – 9 (б)

Кетті – 5 (б )

Қалды -? (б)

Шешуі: 9 – 5 =4

Жауабы: 4 балапан қалды.

Толғаныс

Балалар бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Тез есепте!

1.Тал басында,тізіліп,

Он жапырақ түрады.

Жел соқты да,үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы біреуі.

Тұр әлі де  іілініп,

  1. «Тез тауып айт бөгелмей»

«Бес» санымен байланысты  5 сөйлем құрау

Оқушыларды марапаттау.

Ханның «алтын теңгелері» санына байланысты бағалау.

Теңгелер санын бағалау парақшасына толтыру.

Сабақты аяқтау

— Балалар, ханға ұлын табуға көмектескендерің үшін рахмет. Сөйтіп барлық цифрлар түгел жиналып, осылардан әрі қарай сандар өрбіген екен.

 

 

 

 

.