Шаршының ауданы
Сабақтың тақырыбы : Шаршының ауданы
Сабақтың мақсаты : 1.Шаршының ауданын табу ережесімен таныстыру.
2.Есептер шығарту,оқушылардың логикалық ой-өрісін дамыту.
3.Ыждағаттылыққа,ұқыптылыққа,дербестікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : сайыс сабақ.
Әдісі : Әңгімелеу,баяндау,түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі : Геометриялық фигуралар,шаршы. Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру.
«Кеш жарық» әнінің музыкасымен.
Кел,балақай,кеш жарық,
Келіп жүрме,кеш қалып
Қане,сабақ бастайық,
Көп қызықты еске алып.
Көңілдерге қонып тұр,
Сәтті мезгіл болып тұр.
Кеңейді ой-сана,
Есептерді шешіп бір.
Мектебіңе келесің,
Қуанышқа енесің.
Жамандықтан жиреніп,
Жақсылыққа ересің.
Құлақ түре қалдың ба,
Қызығына қандың ба ?
Фигуралар сан түрлі,
Теңдеулер де бар мұнда.
Қымбатты оқушылар,біз бүгінгі сабақты үш топқа бөлініп сайыс сабақ түрінде өтеміз.
Олар «Үшбұрыштар», «Төртбұрыштар», «Шаршылар» тобы.
Әр топтың командасы өздерін таныстырады.
І. «Төртбұрыштар» тобы.
Біз төртбұрышпыз,
Сырласуға өзіңмен,
Асығып-ақ жүр едік.
Міне,.бүгін көрістік.
Бір қабырғасы артық боп.
Ағасы болдық үшбұрыштың,
Төрт қабырға,төрт төбе боп,
Үйдің ішін құрадық.
ІІ. «Үшбұрыштар» тобы
Саспаңдар,балалар біз үшін,
Көрсетті төртбұрыш өз күшін.
Ал,үшбұрыш батырың,
Жылжып келеді ақырын.
Саспа,үшбұрыш,саспа сен,
Жаңылып қалма жауаптан.
Қалма артынан өкініп.
ІІІ. «Шаршылар» тобы.
Ақ жаулықты аналар,
Басына тартқан бұрыштап.
Шаршы көкең мен болам,
Қарап қойың дұрыстап.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар,бүгінгі сабағымызға көп қонақтар келіп отыр екен.
«Келгенше қонақ ұялады,келгесін үй иесі ұялады»дегендей ұятқа қалмауға тырысайық.
«Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар» дегендей,өткен тақырыбымызды пысықтап алайық.
І-топ : Ұзындығы 7 см,ал ені 3 см тіктөртбұрыштың ауданы неге тең ?
ІІ-топ: Ауданы 24 см квадрат тіктөртбұрыштың ұзындығы 6 см. Ені неге тең ?
ІІІ-топ : Ауданы 40 см квадрат тіктөртбұрыштың ені 4 см. Ұзындығы неге тең ?
ІІІ. «Біле бергім келеді » Жаңа сабаққа дайындық.
Қай топ жоғалған фигураны тез табады ?
Жоғалған фигура шаршы.
«Ой қозғау»
Шаршы туралы не білесің ?
Оқулықпен жұмыс. Слайд.
№1 Шаршының ауданы қалай табылады ?
Көбейтінді Қысқаша жазылуы Оқылуы
2 * 2 2 екінің квадраты
3 * 3 3 үштің квадраты
4 * 4 4 төрттің квадраты
…….. … ……
а * а а а- ның квадраты
Егер шаршының қабырғасының ұзындығы а- ға тең болса, онда оның ауданы а – қа тең болады.
«Қына тасқа бітеді ,білім басқа бітеді» демекші( слайд № 2) өрнек құрып шығарамыз.
№4 «Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ» Әр топтан бір оқушы шығып,теңдеуді шешеді.
«Ойлы болсаң,озарсың»
«Ойна да ,ойла» Логикалық есептер шығару.
- Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын 100 теңге ақшасы бар еді.Ол дүкеннен сатып алған құрал-жабдығы үшін 97 теңге төлеуі тиіс. Қалай тез есептеп беруге болады ?
- Тұз артылған есек пен мақта артылған ат өзеннен жүзіп өтті. Есек судан шығысымен ойнақтап кетті. Ал,ат болса, төрт тағандап жатып қалды.Неліктен ?
- Мараттың үйінде папасы,мамасы және ағасы бар. Құсы және төрт алтын балығы бар.Осы үйдегі тұрғындардың саны қанша ?
№6 «Талапты бала- талпынған құстай»
І-топ 12 л – 4 ыдысқа ІІ-топ 200 тг – 2 қуыршақ
15 л — ? 400 тг – 1 қуыршақтан
Оның неше қызы бар ?
ІІІ- топ
Шаршының ауданы 30 см,ұзындығы 5 см. Ені неге тең ?
№5. «Өзім дегенде ,өгіз қара күшім бар»
І-топ ІІ-топ ІІІ-топ
36+(87-52)-27 =44 5 * 8 +21 : 3 3 * 9 + 2 * 9
№8 Өзіңді тексер.
Әр топ қалдықпен бөлуді тексереді.
301 : 3 =100(қалд.1) 320:100=3(қалд.20) 303: 3 =100 (қалд.3)
№10. Жаңа білімді бекітуге «Есті болсаң,есіңе сақта».
Сабақты қорытындылау.
Біз нені үйрендік ?
1.Өрнек құруды
2.Шаршының ауданын табуды
3.Теңдеу шешуді
4.Есеп шығаруды.
Бағалау.
Үйге тапсырма : №3 есеп.