Оқушылардың білімдерін пысықтау

Тақырыбы: Оқушылардың білімдерін пысықтау.

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың кестелік көбейту және бөлу ережелері туралы түсінігін қалыптастыру, 2-мен 6-ның арасындағы көбейту мен бөлуді меңгере отырып, ауызша көбейтуге және бөлуге берілген есептер арқылы білімдерін тексеру;

Дамытушылық: оқушылардың зейінін ойлау, байқағыштық қабілеттерін, зерде үрдісін дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау. Шығармашылыққа жетелеу;

Тәрбиелік: оқушыны ізденуге, салыстыруға, жеке жұмыс, топ болып, бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа кесте қағаздар, сөзжұмбақ, тесттер, дидактикалық ойындар, суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, ойын сабақ

Сабақтың типі: өткенді қайталау, саяхат сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, жеке топпен жұмыс, өз бетімен жұмыс.

 

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Слайд №1
  • Сәлеметсіздерме, балалар. Қазір математика сабағы. Сондықтан сабақты мына сөздермен бастамақпын: Слайд №2

 

  • Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер
  • Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер;
  • Жасау үшін бәрін де математика-
  • Ең маңызды ғылым бұл, сондықтан да,
  • Сондықтан да сол ғылымның тілін біл!

дей отырып мен

Слайд №3  сендердің кестелік көбейту және бөлу ережелері туралы білімдерінді тексеремін, яғни біз есептерді шығара отырып өз білімдерімізді ортаға саламыз.Жақсы жауап берген үшін бағаларыңыз мынадай болады:

 

  • Слайд №4

 

  • Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Біз қысқы орманға саяхат

жасаймыз. Слайд №5

 

Жаңа жылға шыршаны безендіру үшін Аяз атаның үйін табу керекпіз. Аяз атаға деген сыйлығымыз,  математикадан алған білімдеріміз болмақ.

  • Жолда қиыншылықтардан өту үшін, бізде қандай

қасиеттеріміз болу керек? Әзіл. Білім. Жалқаулық.Назар.

Ұқыптылық.Бір-біріне көмектесу.Табиғатқа деген махаббат.

Жануарларға деген қамқорлық. Достық.Бірлік

 

  • Тақтаға назар аударайық. Слайд №6

Бізге керек қасиеттер болса, шапалақтаймыз, ал қайсысы бізге бөгет жасаса, аяғымызбен тарсылдатамыз.

( әзіл, білім, жалқаулық, назар, ұқыптылық, бір-біріне көмектесу, табиғатқа деген махаббат, жануарларға деген қамқорлық)

 

Енді саяхатқа шығуға дайынбызба?

  • «Ой қозғау» -ойыны, яғни өткенді ескере түсірейік. Слайд №7,8,9

 

Бізді орманның ішінде Ақшақар қарсы алды. Ол адасып қалыпты. Бізбен бірге атасының үйіне жетіп қалғысы келіп тұр. Тапсырмасы:

Ендеше, дәптерлеріңе күнді жазыңдар. Көркем жазу минутасы  369

  • Слайд №10,11,12

 

Сонымен біз орманға барамыз

  • Бірінші болып бізді сиқырлы қыс қарсы алады. Слайд №13,

Ол бізді өзінің патшалығына шақырады, ал ең алдымен ол біздің назарымызды тексергісі келеді: Кім жылдам? Оқулықпен жұмыс: №3

 

  • Слайд №14

Келесі тапсырма: математикалық шынжыр – дәптерге жазу, тақтада орындау

148-(550:5+38)

 

Дәптер жүргізу ережелерін сақтап, осы есептерді дәптерлеріңе жазып алыңдар.

 

Әрі қарай үлкен жайылынға шығамыз. Слайд №15

. Жолда бізге бұғы кездеседі, ол бізге Аяз атаның барар жолда сандар жазып кеткен. Соны оқып берейік.

  • Керемет, балалар, бұл тапсырмамен де мойынсұнбай өттіңдер.

Жарайсыңдар!

 

Келесі аялдама:

Сөзжұмбақ: Слайд №16

 

Көлденеңінен:

  1. аптаның бесінші күні (жұма)
  2. Жыл басы (тышқан)

Тігінен:

  1. аптадағы күн саны (жеті)
  2. 12 жыл (мүшел)

 

 

  • Балалар, қараңдаршы, ана арғы жолда кім тұрғанын.

Жақынырақ келейікші. Слайд №17

А, бұл бұғының бұзауы екен ғой. Ол да анасы сияқты бізге Аяз атаның үйіне жету үшін көмектескісі келеді. Ал ол үшін балалар  ол біздің математикадан ұқыптылығымызды тексергісі келеді. Ол бізге түрлі есептер дайындаған.

Кітапта  -63 бет,

күніне — 9 беттен оқиды.

Кітапты — ? күнде бітіреді

Келесі тапсырмасы:

 

Біз бұғылар отбасымен мына сыннан да өттік, енді әрі қарай жол жүреміз. Иә, жол деген қиын, бірақ біз бәрінен де өтіп бара жатырмыз. Жарайсыңдар, балалар!

 

  • Слайд №18

Бізге қарсы түлкі шығып келеді. Қараңдаршы, ол да шыршаға асығып бара жатыр. Киімі де әдемі екен. Бірге барайық

Қай теңдеу дұрыс шешілген:

с —  47 = 79                  36 : х = 9

с = 32                           х = 4

 

с *5 = 55

с = 32

65 —  х = 25

с = 32

Керемет, балалар, бұл тапсырмадан да мойынсұнбай өттіңдер.

Иә, жол деген қиын, бірақ біз бәрінен де өтіп бара жатырмыз. Жарайсыңдар, балалар!

 

Сергіту сәті:

Слайд №19

Қөңілді аққала мен бірге ойнап көрейік. Оның әрекеттеріне біз көз жүгіртейік.

Көзге арналған сергіту сәті

 

  • Бізге қарсы қоян жүгіріп келеді. Слайд №20

Қараңдаршы, ол да шыршаға асығып бара жатыр. Киімі де әдемі екен. Бірге барайық. Ал енді алдымен мына жауаптардың есептерін есімізге түсірейік.

 

Ауызша есеп  «лото» ойыны арқылы. Әрқайсысының алдында карточкалар жатыр, кез келген тапсырманың дұрыс жауабын өшіріп отырыңыз.

  1. 48 бен 6-ның бөліндісі
  2. 3пен 6-ның көбейтіндісі
  3. бөлінгіш 54, бөлгіш 6, бөліндінің мәні
  4. 2 мен 6-ның көбейтіндісін тап
  5. 1-ші көбейткіш5, 2-ші көбейткіш 9, көбейтіндінің мәні
  6. 6-ны 7-есе артыр
  7. 60-ты 3-есе кеміт
  8. 10-ды көбейту 5-ке
  9. 8-ді 10-есе артыр
  10. 35 пен 5-тің бөліндісі

Керемет, балалар, бұл тапсырмамен де мойынсұнбай өттіңдер.

Иә, жол деген қиын, бірақ біз бәрінен де өтіп бара жатырмыз. Жарайсыңдар, балалар!

Бірақта оның тағы бір тапсырмасы бар:Слайд №21

 

Бәріміз саяхатымызды жалғастырайық  Слайд №22

Өзен бізге жол бермей тұр. Егер біз есертердіи шешсек, онда біз арғы жағаға өтетін боламыз.

  • Жағанын ар жағында тұрған анды көрдіңдер ме?
  • Қалай ойлайсыңдар, ол қайда бара жатыр екен?

Өзенді абайлап өтуіміз керек. Жолбарыстың аңшылығына бөгет жасамайық, өйткені ол сирек кездесетін аң, олар өте аз қалды, сол себепте де Қызыл кітапқа енгізілген және мемлекеттің қарамағында

№1

 

Банан- 18 

Апельсин — 36

Әр бала-? жеміс

 

 

15 сәбіз- 5 қоянға тең бөлді.

Осылайша бөле бергенде

24 сәбіз-? қоянға жетеді

 

  • Ал енді есептерді шешейік.

Бірінші есепті шешеді 1-ші қатардағы балалар, екіншісін –2 қатардағы.

Мінекей, біз қазір басқа жағада тұрмыз. Жарайсыңдар, балалар!

 

Біз кешікпеуіміз керек. Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.

  • Жазбаша тәсіл:

Алдарыңызда көңілді аққала Слайд №23

  • Бізге қардың үстінде бір тапсырмаларды салып қойыпты. Аяз атаға бару үшін, оларды шешу керек, деп қыс айтыпты. Оған көмектесу керек сияқты. Біз ондай есептерді шеше аламыз ғой.

№7  бет 109

Әр топтан кез келген сандарды алып, үш таңбалы сандар құрастыр. Оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз:

 

Слайд №24

№6 “…есе артық (кем)” деген тіркесті пайдаланып, сурет бойынша  есептерді шығар

  • Ханның қоржынында 150 ділдә, ал Алладинде одан 5 есе ділдә кем. Алладинде неше ділдә бар?
  • Азаматта 1200 теңге ақша бар, оған ол 4 доп сатып алды. Бір доп неше теңге тұрады?

 

  • Слайд №25
  • Сергіту сәті ағылшын тілінде

Тапсырмадан мүдірмей өттік.

 

  • Слайд №26
  • Салыстыру:

Әрі қарай барамыз.  Қайыңдар мен қарағайлар қастарынан өтеміз. Қалай әдемі! Бұтақтарда құстар отыр,  олар қазір ұша алмайды, біз салыстыруды шешкеннен кейін ғана ұшып кете алады

Балалар, құстарға көмектесейік, олар да шыршаға барғылары келеді.

Салыстыру:

       6 * 4 =  4* 6

       5*7  <   6*6

       7*6   > 5*8

   14см   =  1 дм4см

 

.Слайд №27

  • Есептер бойынша блиц-турнир

Бізді орман жолында кім күтіп тұр екен? Қасқырлар. Олар да шыршаға барғырлары келіп тұр. Балалар, оларды бірге алайық. Олар біздің достығымызды көргісі келіп тұр. Олар бізге есептер дайындап қойыпты.

 

Слайд №28

Сыммен жұмыс

 

Слайд №29

Геометриялық тапсырма

 

Тік төртбұрыштың ұзындығы 8 см, ал ені одан 4 есе кем. Осы тік төртбұрыштың периметрін  тап.

Тік төртбұрыштың ұзындығы 12 см, ал ені 3 см . Периметрін тап.

Жұппен бірге жұмыс істейміз, жауабын ғана жазамыз.

Өздеріңізді тексеріп шығыңыздар.

 

Слайд №30

Аяз Ата келді, енді шыршаны безендіреміз

Ол үшін мына тест тапсырмаларын орындап, дұрыс жауаптарын кілт арқылы тексерейік

 

Слайд №31

Тест тапсырмалары:

  1. ең кіші үш таңбалы сан:

а) 99999         в) 111             с) 90000                   д) 10000

2.4*4 + 3*3*3 өрнегінің мәнін тап

а) 43            в) 17               с)23                          д) 35

  1. 3 сағ 15 мин= … мин

а) 135 мин           б) 3015 мин            в) 195 мин                 г) 1905 мин

  1. Килограмның төрттен бір бөлігі:

а)200 г            б) 250 г            в) 10 г           г) 350 г

  1. Адам аптасына 350 грамм балық жеу тиісті. Бір күнде ол неше грамм балық жеу керек?

А) 1 кг 500г             б) 50 г              в) 3 кг 500г             д) 9500 г

  1. Көбейту амалының бірінші компоненті:

а) көбейткіш

ә) бөлінді

б) көбейтіндінің мәні

  1. Бөлу амалының нәтижесі қалай аталады:

а) бөлгіш

ә) көбейткіш

б) бөліндінің мәні

  1. Теңдеудің дұрыс жауабы: 24:х=6

а)2               ә)4                 б) 6

  1. 5 бұтақты қайыңда

бұтақ сайын 5 алма;

Біреуін бердім Әділге

Сонда қалды….

А) 4 алма                 ә)   25 алма             б) қайыңда алма өспейді

 

Слайд №32

Кілті:

  • в
  • а
  • в
  • б
  • а
  • а
  • б
  • ә
  • б

“5” – 9  жауап “4” —  8   жауап      “3” – 7  жауап                                                             “2” – 1-6  жауап

 

Міне, саяхатымыз да аяқталды

 

 

Слайд №33

Қорытынды ретінде Ақшақардың сендерге деген тапсырмасы

 

5х6=

7х4=

9х6=

2х6+5=

18:3+18=

24:4+12:=

36:6-15:3=

8:4=

Х*3 =27

 

. Балалар, Аяз Атаға басқа жерлердің балаларына бару керек. Шығарып салайық. Слайд №34

 

Аяз Ата сендерге хат тастап кетіпті.

Жол қиын болды

Бірақ мойынсұнбай өттіңдер. Достар,

Сондай дарынды балаларды

Өзімнің орманымда кезіктірдім!!!

 

  • Сабақ қорытындысы:

 

  • Аяз атаның сендерге сыйлық ретінде бағалары:
  • Қандай мақсатпен сендер саяхатқа шықтыңдар?
  • Саяхат кезінде жақсы білімдеріңді көрсеттіңдер.
  • Жарайсыңдар, сабаққа рахмет!

 

Рефлексия:

Балалар, бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар? Не ұнады, не ұнамады?  

 

  • Слайд №35,36,37,38

Үй тапсырмасы:

109-бет №8

Көбейту кестесін қайталау