Санды 10-ға,100-ге,1000-ға қалдықпен және қалдықсыз бөлу
Сабақтың тақырыбы: Санды 10-ға,100-ге,1000-ға қалдықпен және қалдықсыз бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Санды 10-ға,100-ге,1000-ға қалдықпен,қалдықсыз бөлудің тиімді тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық: БжС технология әдісінің элементтерін қолдана отырып оқушылардың ақыл-ойын,логикалық ойлау жүйесін дамыту,өздігінен қорытынды шығара білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: БжСтехнология элементтерін қолдану,топпен жұмыс.
Көрнекілік: Слайд,Эрдниев кестесі,дидактикалық материалдар, интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі..
Сыныпты топқа бөлу: А тобы,В тобы,С тобы
2.Өткен тақырыпты пысықтау: көбейту кестесін интерактивті тақтада мысалдарды шығару арқылы тексеру.
3.Жаңа сабақ.
Слайд арқылы бойынша санды 10-ға,100-ге,1000-ға қалдықпен,қалдықсыз бөлуді талдау.
Топпен жұмыс. Әр топқа 1,2,3,4 жетондарын тарату,сол бойынша бірігіп отыру.
Оқулықпен жұмыс
№3 (А1,В1,С1)
Мына сандардың ішінен 10-ға қалдықсыз бөлінетіндерді 1-бағанға,ал 100-ге ,1000-ға бөлінетіндерін келесі бағандарға тізіп жаз: 3784,3780,3700,3000,4873,7870,4800,4000
№4 (А2,В2,С2)
Тапсырма
Қалдықпен бөлуді орында және тексер:
48: 10 438: 100 4839 :1000
76: 10 765: 100 7658: 1000
№5 (А3,В3,С3)
Тапсырма
Әрбір бөлінгіштегі бөліндінің мәнін білдіретін цифрлардың астын сыз:
359:10 647:100 12894:1000
200:100 4389:100 8536:1000
72:10 2000:1000 600:100
№6 (А4,В4,С4)
Әрбір бөлінгіште қалдықты білдіретін цифрлардың астын сыз:
294:10 356:100 34000:10 58417:1000
2400:100 68:10 7492:100 6246:1000
4.Барлық топтың оқушылары өз орындарына қайтып келіп,жаңа тақырыпты карточка арқылы бекітеді.
А тобы –санды 10-қалдықпен,қалдықсыз бөлу тәсілі.
В тобы-санды 100-ге қалдықпен,қалдықсыз бөлу тәсілі.
С тобы-санды 1000-ға қалдықпен,қалдықсыз бөлу тәсілі
5.Қорытындылау. Сөзжұмбақ шешу,ребус шешу.
300,100-ім,100-ік
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру: №6