Жазбаша көбейту және бөлу. Қайталау
Сабақтың тақырыбы: Жазбаша көбейту және бөлу. Қайталау
Сабақтың мақсаты: Ауызша көбейту және бөлуді орындау, жазбаша қосу және азайту, құрама есептер шығару, құрылымы күрделі теңдеулерді шешу, фигураның ауданын есептеу дағдыларын жетілдіру. Қалдықпен бөлуді орындау. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын тексеру
б) Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту.
Өздік жұмысы
Есепте: 468/2 936/3 332х3 | 481+56 75+470 143х2 808-59 | 1000-804 875-209 629+289 564+198 | |||
Теңдеулерді шеш: 2·х=122·4 66:у=50-17 | 600-у=25+63+10 х+49=65+345 | 28+х=645-320 90·у=1000-190 | |||
Фигуралардың периметрі мен ауданын тап.
|
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жазбаша көбейту және бөлу. Қайталау» болмақ.
ІІ. Мағынаны ажырату.
Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырманы ауызша орындау
2-тапсырмадағы кесте бойынша өрнектер құрастыру және жазу. Олардың мәнін табу.
4-тапсырмадағы кесте бойынша есептер құрастыру және шығару.
ІІІ. Ой толғау.
5-тапсырмадағы өрнектерді есептеу және дұрыстығын тексеру.
- Бүгінгі сабағымызда қандай тапсырмаларды орындау қиынға соқты?
- Неліктен?
- Қай тапсырмаларды орындау жеңіл болды?
- Неліктен?
ІҮ. Бағалау.
Бағалау парағы арқылы бағалау
Ү. Үй тапсырмасы.