Разрядтан аттап жазбаша көбейту, бөлу
Сабақтың тақырыбы: Разрядтан аттап жазбаша көбейту, бөлу
Сабақтың мақсаты: Разрядтан аттап өту жағдайында жазбаша көбейту және бөлу дағдыларын жетілдіру. Периметрі және ұзындығы берілген тіктөртбұрыштың ауданын табуды қайталау. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын тексеру
б) Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту.
Математикалық диктант.
- 30 кәмпит бөлініп 6 қорапқа тең бөлініп салынды. Бір қорапта неше кәмпит бар?
- Анасы 12 шоколад кәмпитін сатып алды, балы бар кәмпит 3 есе артық. Анасы қанша бал кәмпит сатып алды?
- Бидонда 16 л сүт бар, ал құмырада 4 л. Құмырадағы сүт бидондағы сүттен қанша есе кем?
- Асқабақтың салмағы 4 кг, орамжапырақтың салмағы 2 есе кем. Орамжапырақтың салмағы қанша?
- 4 тортқа 16 жұмыртқа жұмсалды. Сонда 1 тортқа қанша жұмыртқа қажет?
- 28 кәмпитті 7 бала теңдей бөліп алды. Әрбір балаға қанша кәмпиттен келіп тұр?
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Разрядтан аттап жазбаша көбейту, бөлу» болмақ.
ІІ. Мағынаны ажырату.
Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырмадағы көбейтуді түсіндіре отырып орындау.
2-тапсырмадағы бөлуді түсіндіре отырып орындау.
3-тапсырмадағы өрнектерді баған түрінде жазып, есептеу.
Сергіту сәті.
4, 5-тапсырмалардағы есепті шығару.
ІІІ. Ой толғау.
Өздік жұмысы.
1-нұсқа 433х2 124х2 183х3 82х6 | 2-нұсқа 223х4 218х3 123х3 74х4 |
ІҮ. Бағалау.
Бағалау парағы арқылы бағалау
Ү. Үй тапсырмасы.