Разрядтан екі рет аттау арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері 165х3, 495:3
Сабақтың тақырыбы: Разрядтан екі рет аттау арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері 165х3, 495:3
Сабақтың мақсаты: Разрядтан екі рет өту арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру. 3-4 амалмен өрнек түрінде есептер құрастыру және шығару дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын тексеру
б) Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту.
Математикалық диктант.
- 126 мен 376 сандарының қосындысын 2-ге бөл;
- 1000-нан 107 мен 3-тің көбейтіндісін азайт;
- 515 пен 5-тің бөліндісіне 450-ді қос;
- 255 пен 345 сандарының қосындысынан 59-ды кеміт;
- 936 мен 9 санының бөліндісінен 12 мен 6 санының көбейтіндісінен азайт.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Разрядтан екі рет аттау арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері 165х3, 495:3» болмақ.
ІІ. Мағынаны ажырату.
Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырмадағы көбейту және бөлудің қалай орындалғанын түсіндіру.
2-тапсырмадағы баған түрінде көбейту мен бөлуді тақтаға орындау.
3-тапсырмадағы есепті шығару. Кері есептер құрастыру және оларды шығару.
Сергіту сәті.
4-тапсырмадағы берілген өлшемдер бойынша үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табу.
ІІІ. Ой толғау.
Кесте бойынша өрнектер жазу және құрастыру. Олардың мәндерін табу.
Қосылғыш | 136х3 | 342+259 | 340х2 | 253+284 |
Қосылғыш | 25х2 | 707-69 | 12х2 | 180х4 |
Қосындының мәні |
Азайғыш | 198/2 | 930х3 | 412х2 | 230х3 |
Азайтқыш | 12х2 | 660-524 | 168/3 | 15х5 |
Айырманың мәні |
ІҮ. Бағалау.
Бағалау парағы арқылы бағалау.
Ү. Үй тапсырмасы. 143-бет. №5