Разрядтан екі рет аттау арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері 165х3, 495:3
Сабақтың тақырыбы: Разрядтан екі рет аттау арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері 165х3, 495:3
Сабақтың мақсаты: Разрядтан екі рет өту арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру. 3-4 амалмен өрнек түрінде есептер құрастыру және шығару дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын тексеру
б) Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту.
«Қай қатар жылдам?» ойынын ойнау.
136х3 142х4 98х3 198/2 230х3 | 287х3 412х2 97х6 144/4 650/5 | 168/3 930/2 261/3 340/5 930/3 | 342+259 660-524 707-69 253+284 180х4 |
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Разрядтан екі рет аттау арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері 165х3, 495:3» болмақ.
ІІ. Мағынаны ажырату.
1-тапсырма: Фигураның жалпы ауданы 1000 см2-ге тең болса, бір бөлігінің ауданы қаншаға тең болады?
2-тапсырма: Есепті шығару.
а) Әкелінді — ? кг
Сатылды – 20 кг-нан 18 қорап
Қалды – 12 кг-нан 6 қорап
ә) 4 автобуста – 15 адамнан
5 автобуста – 38 адамнан
Барлығы — ?
3-тапсырма: Тапсырманы орында
а)Ауданы 140 см2 болатын тіктөртбұрыштың периметрін есептеп шығару.
ә) Шаршының периметрі 36 дм екені белгілі. Осы шаршының ауданын есептеп тап.
ІІІ. Ой толғау.
Математикалық диктант.
- Дәулет үй тапсырмасын 55 минутта орындады. Ол уақыттың бестен бір бөлігінде есеп шығарды. Дәулет математиканың тапсырмасын қанша минутта орындады?
- Дәулет үй тапсырмасын 55 минутта орындады. Сол уақыттың бестен бір бөлігінде есеп шығарды. Дәулет қалған сабақтарға қанша уақыт жіберді?
- Ұзындығы 8 м, ені 5 м, биіктігі 3 м бөлменің көлемін есептеп шығар.
ІҮ. Бағалау.
Бағалау парағы арқылы бағалау.
Ү. Үй тапсырмасы. 143-бет. №6