Ондықтарды салыстыру
26.04.13 5 күн -сабақ 304 каб | |
Сабақтың тақырыбы | Ондықтарды салыстыру. |
Жалпы мақсаты | 1. Ондықтармен санау туралы білімдерін жетілдіре отырып, ондықтарды салыстыруды меңгерту. Берілген теңдік арқылы есеп мазмұнына қарай шартын өзгертіп есептер шығару. 2. Танымдық белсенділіктерін арттырып, логикалық ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3. Пәнге деген қызығушылығын ояту. Ұжымдағы ауызбіршілікке тәрбиелеу. Шапшандылыққа баулу. |
Сілтеме | Күн тізбе жоспары |
Негізгі идеясы | Ондықтың санаудың жана бірлігі екендігі жайында түсінігін пайдалана отырып, ондықтармен санауды қалыптастыру. Ондықтардың атаулары, peтi, оқылуы, жазылуы. Ондықтарды салыстыру меңгертіледі. Оқушы бойында өзбетімен жұмысты орындау қабілетін қалыпастыру. |
Оқу нәтижесі | Толық ондықтардың реті, атауы, жазылуы туралы ойлары жетіліп, толық ондықтарды қосу, азайту, салыстыру дағдылары дамиды. Ауызша тез ойлап, шығармашылықпен жұмыс жасауға төсіледі. |
Әдіс-тәсілдер: | Түсіндіру, диалогты оқыту, сын тұрғысынан ойлау, талдау, ойын. |
Оқытудың белсенді стратегиялары | Оқу мен оқытудағы жаңа тәсіл, сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық әдіс, жас ерекшелігіне қарай оқыту. Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс, АКТ |
Тапсырмалар
| 1-тапсырма: Натурал сандармен жұмыс 2-тапсырма. «Хат тасушы» ойыны арқылы ауызша есептеу 3-тапсырма. 4- Жұптық жұмыс , «Семантикалык карта» 5- тапсырма. Топтық жұмыс есепті түрлендіру. 6- тапсырма. Өзіндік жұмыс
|
Құралдар | Дәптер, ватман, фломастер, А4 парағы |
Үйге тапсырма | 177 бет «Ойлан тап» |
Сабақ бойынша мұғалімнің іс-әрекеті Ұйымдастыру: 1. Психологиялық дайындық. Келген қонақтармен амандасу. Алдымыздан кездескен, Көп адамды танимыз. Ізетпенен сіздерге, Иіліп сәлем береміз. І. Қызығушылығын ояту. (5 мин.) Жайлы әуен ойналып тұрады. Осы әуенді тыңдау арқылы қандай көңіл күйде болдық? Әуен несімен сені баурап алды? Осындай көңіл күйде жүретін кімді білеміз? Әрине сайқымазақ. ( 2- слайд) Ендеше сендерге Сайқымазақ қонаққа келді. Сендерге өзімен бірге жақсы көңіл күймен көптеген тапсырмалар ала келіпті. Құр қолда келмепті ол тапсырмаларды орындау барысында белсенділік танытсақ өз сыйлығын таратып береді. Сыйлығын алу үшін өзіңді қаншалықты көрсете алдың әр тапсырмада бағалап отырасыңдар. Бағалау барысы мынадай түрде болмақ. ( 3- слайд) Егер барлығы дұрыс болса + Жартылай орындалса Орындалмаған жағдайда — Дайынбыз ба? Сайқымазақ тапсырмасы қиын болады деп ойлайсындар ма? Бір, екі, үш сынып іші тыптыныш, Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз. Өткенді пысықтау. (4 мин.) -Сайқымазақ тапсырмасын орындауға өзімізді дайындап алайық. Балалар назарымызды экранға аударайықшы. ( 4 слайд) Не көріп тұрмыз? Сандар, Осы сандар тулары өз ойларың болса айтып отырайық. 10 2 0 30 40 50 60 70 80 90 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Сандарды тура және кері санайық. Екі қатардағы сандарды -салыстырайық. — Осы ондықтар бойынша не айта алмыз? — Ондықтармен санауды үйрендік. -Қандай ереже шығардық? Кез келген ондыққа 1ондықты қоссақ келесі ондық, ал кез келген ондықтан 1ондықты азайтсақ алдыңғы ондық шығады. ( Бұндай ережені тағы қандай санды қосқанда қолданып едік?) — Ендеше, сабағымызды жалғастырайық. (5 слайд) Қандай мамандық иесін көріп тұрмыз? Қызметі қандай? Сайқымазағымыз бір уақыт өзін осы хат тасушы рөлінде көргісі келеді екен. Қолында біраз хаттары бар екен, бірақ қай үйге апарарын білмейді . Көмектесіп, бізде хат тасушы болып көрейік. «Хат тасушы» Хатты қайда таратады? — Әрине үйлерге (Бұл ойынның ерекшелігі де сол, тапсырманы мұқият тыңдап отырсақ шыққан санмен үйдің нөмірі сәйкес келеді) Ауызша есептеу: (6 слайд) 4ондық болатын сан; (40) 50дің оң жақ көршісі;(60) 7ондықпен 9 ондықтың арасындағы ондық( 8 ондық 80 ) 30 дың сол жақ көршісі ( 20) 4 ондыққа 1 ондықты қоссаң ( 5ондық -50) 9 ондығым (90) 80-10= (70 ) Міне алғашқы сайқымазақ тапсырмасын да мүдірмей орындадық. Өзімізді өзіміз мадақтап қояйық. Дәптермен жұмыс: Күн аты жазылады( 7 слайд) 2 мин Көркем жазу: 1 10 1 10 осы сандарды әдемі етіп жазып шығайық. (Сандардың жазылу 8-9 слайд үлгісі слайдпен бірге ауада жазады) Сайқымазақ санды қалай жазғандарыңды тексеріп отыр. Сергіту сәті. Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ Бесті беске қосайық Қатт-қатты соғайық. — Жақсы отырайық орнымызға. Көзге арналған жаттығулар. (10 слайд) Жаңа сабақ (20 мин) ІІ. Мағынаны ашу. ( 7 мин) Келесі сайқымазақтың тапсырмасын топта орындайсыңдар және мұқият орындап өздерің қортынды шығарып көріңдер. ( 11 слайд) Топтық жұмыс ережесінде еске түсіріп көрсек: — Топта тыныштық; — Топта ой бөлісіп, белсенділік таныту; — Әркімнің ойы құнды; — Уақытқа бағыну; — Басқа топты да тыңдау; — Алдарыңдағы тапсырманы орындауға кірісейік, іске сәт. — Қандай тапсырма екен? қиындығы бар ма, нелерді салыстырдық? Ерекше нені байқадыңдар? Жауабымызды тексеріп көрейік, өздеріңді бағалауды ұмытпаңдар. (12- слайд) — Тексеріп болсақ жұмысымызды іліп қояйық. Тағыда осы жұмысымыз үшін өзімізді өзіміз мадақтап қояйық.
-Демек бүгінгі сабақта нені қарастырамыз екен? Ондықтарды салыстыру. (13слайд) «Салыстыру» дегенімізді қалай түсінеміз? Сайқымазақ қонағымызға түсіндіріп берейікші, не үшін қажет? -Салыстыруға қолданылатын сөздер қандай? — Артық, кем, үлкен, кіші сөздерін қолданамыз. Сандарды салыстыру үшін толық ондықтар қатарын білуіміз керек. Өзіндік жұмыс:»Еркін жазу» (14 слайд) Дәптерге кез келген ондықтар жазып салыстырып көріңдер. ( тақтаға екі оқушыдан шығару, жұмысын талдау) Жұптық жұмыс.(15 слайд) (3 мин) » Семантикалық карта» деп аталады. — Сайқымазақтың тағы дайындаған тапсырмасын орындайық. Жұпта талқылап, тиісті белгіні қойып бір біріңнің орындай алу деңгейлеріңе қарай бағалаңдар. ( әр жұпқа бір бір тапсырма) Болған жұп қолдарыңды көтеріп белгі беріңдер, мен тексерген соң дәптерлеріңе жазып алыңдар. (әр оқушы өз мысалын ғана жазады). -Бұл жұмыс арқылы нені білдің? Математикада тағы не істейміз? -Әрине есептер шығарамыз. Бүгінгі есептің ерекшелігі сол ондықтарға байланысты. Топтық жұмыс: (7 мин) Сендерге сайқымазақ шешуі(16 слайд) мына жазу болатындай есептер берді, қане соны топта орындап дұрыс шығарып берейік. (топ ережесін орындай отырып жұмысқа кірісейік). Топ басшылары өз жұмыстарын талдайды. Талдау: Демек 30 саны 10нан 20ға артық. Ал 10 саны 30 санынан 20ға кем. Сергіту сәті. Қане қанат қағайық Қарлығаш болып ұшайық Ұшып-ұшып алайық. Орнымызды табайық. Бекіту: ІІІ «Ой қозғау» — Бүгінгі сабақта ондықтар туралы не білдік? — Осы уақытқа дейін біз бірліктерді салыстыруды білдік, бүгін ондықтарды салыстырдық. Ондықтарда бір бірінен артық, кем бола алады және бір бірімен тең де бола алады деп қортынды шығару керек. Шығармашылық өзіндік жұмыс. Деңгейлеріне қарай есеп барысында тапсырмалар беріледі.
Бағалау: Өздеріңнің бағалау парақтарыңа соңғы қортынды баға қойып дайындап отырыңдар. Сайқымазақ тапсырмасын орындағандарың үшін сыйлықтарын аласыңдар. Рефлексия: Бүгін сабақ ұнады ма? ( 17 слайд) Несімен ұнады? Қандай жаңа білім алдық? Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай? Сайқымазақ тапсырмаларын орындау қаншалықты ауыр немесе жеңіл болды? Өзің сабақта белсенділік таныта алдың ба? ( 17 слайд)Ендеше өздеріңді бүгінгі сабақта белсенділік танутыларың қандай деңгейде болғандарыңды мына бағалау шкаласынан көрсетіңдер. Жасыл — Өте жақсы Сары- Жақсы Қызыл- Әлі де көмек керек Сайқымазақ сендермен қоштаса (18 слайд) отырып өте риза екенін айтып жатыр. Бізде сайқымазақпен қатар келеген қонақтарға да рахметімізді айтайық. Сабаққа белсенді қатысқандарың үшін көп рахмет. Қане өздеріңе өздерің оң қолдарыңды төбелеріңе қойып мақтау сөз айтып қойыңдар. (19 слайд) Сабақ аяқталды. |