Есептер шығару. Өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. Өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты: Разрядтан екі рет өту арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру. 3-4 амалмен өрнек түрінде есептер құрастыру және шығару дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын тексеру
б) Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту.
«Компьютер» ойынын ойнау.
900-783 539+295 701-568 677+69 1000-53 | 234х3 98х9 996/2 408/3 140х4 | 277х3 520/5 600/4 732/6 840/4 |
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Есептер шығару. Өткенді қайталау» болмақ.
ІІ. Мағынаны ажырату.
Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырманы ауызша орындау.
2-тапсырмадағы фигураның боялған бөлігінің ауданын табу.
3-тапсырмадағы есептерді әртүрлі тәсілмен шығару.
4-тапсырмадағы есепті шығару.
Сергіту сәті.
5-тапсырмадағы өрнектерді есептеп, дұрыстығын тексеру.
«Тир» ойынын ойнау.
ІІІ. Ой толғау.
Математикалық диктант (жауабын дәптерге жазу).
- көшеттерді суғару үшін әрқайсысы 65 литрлік 4 бөшке суға толтырылды. 195 литрі жұмсалғанда, қанша литр су қалды?
- әр қатарға 5-тен b түп қарақат отырғызылды. Ал b түп қызыл қарақат әр қатарға 6-дан отырғызылды. Барлығы қанша қатар қарақат отырғызылды?
- Бақшаға қияр көшетінен 3 есе артық болатын 135 түп қызанақ көшеті отырғызылды. Барлығы қанша түп көшет отырғызылды?
- екіден бір бөлігі 4 см-ге тең кесінді сыз;
- сегізден бір бөлігі 5 мм-ге тең кесінді сыз;
- екіден бір бөлігі 15 мм-ге тең кесінді сыз.
ІҮ. Бағалау.
Бағалау парағы арқылы бағалау.
Ү. Үй тапсырмасы. 166-бет. №6