Жазбаша көбейту және бөлу. Қайталау
Сабақтың тақырыбы: Жазбаша көбейту және бөлу. Қайталау
Сабақтың мақсаты: Жазбаша есептеу алгоритмін меңгеру деңгейін тексеру. Құрама есептер, күрделі теңдейлер шығара алу, бір өлшем бірлігін басқаларына ауыстыру дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын тексеру
б) Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту.
Математикалық диктант.
- 23 пен 7-нің қосындысын 4-ке көбейт;
- 14 пен 6-ның көбейтіндісін 5-ке арттыр;
- Қай санды 6-ға бөлгенде, бөліндінің мәні 7-ге, ал қалдық 2-ге тең болады?
- 21 мен 40-тың көбейтіндісін 300-ге арттыр;
- 36 мен 9-дың бөліндісін 120 есе арттыр;
- 600-ден 102 мен 3-тің көбейтіндісін азайт;
- белгісіз санға 154-ті қосқанда, 400 саны шықты. Белгісіз санды тап.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жазбаша көбейту және бөлу. Қайталау» болмақ.
ІІ. Мағынаны ажырату.
Оқулықпен жұмыс.
6-тапсырмадағы логикалық тапсырманы орындау.
7-тапсырмадағы фигуралардың ауданын табу.
8-тапсырмадағы логикалық тапсырманы орындау.
Тапсырма: а) Фигуралардың боялған бөліктерінің аудандарын табу.
ә) Фигуралардың периметрін тап.
б) Фигураның көлемін тап.
ІІІ. Ой толғау.
- Қай тапсырманы орындау қиынға соқты? Неліктен?
ІҮ. Бағалау.
Бағалау парағы арқылы бағалау.
Ү. Үй тапсырмасы. Көбейту кестесін қайталау.