Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Сабақтың тақырыбы: №7 бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты: Жазбаша есептеу алгоритмін меңгеру деңгейін, оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын тексеру
б) Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту.
«Қай қатар жылдам?» ойынын ойнау.
900/2 15х30 202х3 102х2 | 290х2 320/2 460/2 350/7 |
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «№7 бақылау жұмысы» болмақ.
ІІ. Мағынаны ажырату.
1-нұсқа 2-нұсқа
1 | а) Есепте. 19·4 505:5 903:3 23·4 820-120·3 8·(360:90) ә) Өрнектерді баған түрінде жазып, есепте. 456+198 802-456 669:3 224·4 | 1 | а) Есепте. 16·6 707:7 802:2 42·4 420+230·2 960:(270:90) ә) Өрнектерді баған түрінде жазып, есепте. 650+195 630-456 442:2 114·2 |
2 | Есепті шығар. Жиһаз жасайтын фабрикаға әрқайсысында 120 метрден 4 орам мата әкелінді. Оның 192 метрі жұмсалды. Неше метр мата қалды? | 2 | Есепті шығар. Қораптан 110 шардан 3 рет алғанда, онда тағы 57 шар қалды. Қорапта неше шар болды? |
3 | Теңдеуді шеш. 30·х=960 х+230=50·9 | 3 | Теңдеуді шеш: х·40=480 х·50=900-450 |
4 | Берілген өлшем бірліктерімен көрсет. 6 сағ 10 мин = мин 3 сағ 30 мин = мин 3 мин 40 с = с 3 мин 45 с = с | 4 | Берілген өлшем бірліктермен көрсет. 125 мин = мин сағ 360 с = мин 2 тәул. 3 сағ. = сағ 3 мин = с |
5 | *Әртүрлі екі тіктөртбұрыштың ауданы бірдей – 180 см2. Олардың қабырғаларының ұзындығы неге тең болады? 1) AB= 2) BC= KL= LM= | 5 | *Әртүрлі екі тіктөртбұрыштың ауданы бірдей – 360 см2. Олардың қабырғаларының ұзындығы неге тең болады? 1) AB= 2) BC= KM= MN= |
ІІІ. Үй тапсырмасы. «Периметр», «Аудан» тақырыптарын қайталау.