Жазбаша көбейту және бөлу. Қайталау.

Сабақтың тақырыбы: Жазбаша көбейту және бөлу. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: Жазбаша есептеу алгоритмін меңгеру деңгейін тексеру. Құрама есептер, күрделі теңдейлер шығара алу, бір өлшем бірлігін басқаларына ауыстыру дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

Математикалық диктант.

  • Асханаға әрқайсысында 24 килограммнан 2 жәшік қияр және 30 килограмдық бір жәшік қызанақ әкелінді. Асханаға барлығы неше килограмм көкөніс әкелінді?
  • Анасы 4 кесеге 448 теңге төленді. Осындай 3 кесе неше теңге тұрады?
  • Балалар шипажайына әрқайсысы 6 кг-нан 12 жәшік құлпынай және әрқайсысы 7 кг-нан 11 жәшік таңқурай әкелінді. Шипажайға барлығы неше килограмм жидек әкелінді?
  • Мектептің үш сыныбында 68 бөлме өсімдігі өсірілген. Біріншісыныпта 13, ал екінші сыныпта одан 3 есе артық бөлме өсімдігі бар. Үшінші сыныпта неше бөлме өсімдігі бар?
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жазбаша көбейту және бөлу. Қайталау» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Оқулықпен жұмыс.

2-тапсырмадағы амалдарды орындау.

3-тапсырмадағы өрнектер арқылы есептер құрастыру және оларды шығару.

4-тапсырмадағы теңдеулерді шешу.

6-тапсырмадағы кесте бойынша өрнектер жазу және олардың мәнін табу.

Сергіту сәті.

ІІІ. Ой толғау.

«Волейбол» ойынын ойнау.

 

ІҮ. Бағалау.

Бағалау парағы арқылы бағалау.

Ү. Үй тапсырмасы. 170-бет. №5