1000-ға дейінгі сандар нумерациясы
Сабақтың тақырыбы: 1000-ға дейінгі сандар нумерациясы
Сабақтың мақсаты: 1000 көлеміндегі сандардың нумерациясын қайталау. Сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын дамыту. Ауызша қосу және азайту туралы білімдерін бекіту. Құрама есептерді шешу тәсілдерін қайталау. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын тексеру
б) Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту.
- Осы оқу жылында математика сабақтарынан не үйренгілерің келеді?
- Олай болса былтырғы оқығандарың толық естеріңде ме тексеріп көрейік? Ол үшін бірнеше жаттығулар орындаймыз.
а)«Бірліктер және ондықтар» ойынын ойнау.
Санның ондық және бірлік құрамын анықта.
23 56 48 52 91 73 46
ә) «Қандай сан жоқ?» ойынын ойнау.
240 | 230 | 235 | 233 | 223 |
236 | 228 | 222 | 227 | 229 |
232 | 221 | 237 | 239 | 231 |
224 | 238 | 225 | 234 | 220 |
226
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «1000-ға дейінгі сандар нумерациясы» болмақ.
ІІ. Мағынаны ажырату.
Оқулықпен жұмыс.
2-тапсырмадағы сандарды көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
3-тапсырмадағы сандарда неше бірлік, неше ондық, неше жүздік бар екенін анықтау.
4-тапсырмадағы тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін табу.
5-тапсырмадағы килограммдарды центнермен өрнекте.
Сергіту сәті.
ІІІ. Ой толғау.
Өздік жұмысы.
Кестені толтыру.
Сан | Жүздік | Ондық | Бірлік | Разрядтық қосылғыштардың қосындысы |
826 | ||||
578 | ||||
802 | ||||
584 | ||||
897 |
ІҮ. Бағалау.
Бағалау парағы арқылы бағалау.
Ү. Үй тапсырмасы. 172-бет. №6,7,8