Есептеудің жазбаша тәсілдері
Сабақтың тақырыбы: Есептеудің жазбаша тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Жазбаша көбейту және бөлуді орындау дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын тексеру
б) Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту.
«Иә-жоқ» математикалық диктанты.
- Көпбұрыштың ауданы – бұл оның қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.
- Шаршының периметрін табу үшін оның қабырғаларын 4 есе арттыру керек.
- Аудан метрмен өлшенеді.
- Кілемнің ауданы 36 м2. Кілемнің ұзындығы 9 м. Ені 3 м.
- Тіктөртбұрыш пішінді жердің ұзындығы 10 м, ені 5 м. Осы жерді қоршау үшін 30 м дуал керек.
- Шаршының ауданын табу үшін қабырғасын өзіне көбейту керек.
- Тіктөртбұрыштың ені 2 см, ұзындығы 9 см. Тіктөртбұрыш тең екіге бөлінді. Әр үшбұрыштың ауданы 9 см2.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Есептеудің жазбаша тәсілдері» болмақ.
ІІ. Мағынаны ажырату.
Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырмадағы сандарда неше жүздік, неше ондық, неше бірлік бар екенін анықтау.
2-тапсырмадағы амалдарды орындау, дұрыстығын тексеру.
3-тапсырмадағы кесте бойынша есептер құрастыру.
4-тапсырмадағы есептерді шығару.
Сергіту сәті.
5-тапсырмадағы амалдарды есептеу.
ІІІ. Ой толғау.
Тапсырмаларды ауызша орындау:
- Әкесі 35 жаста, ал ұлы одан 7 жас кіші. Сонда ұлы неше жаста?
- 15 теңгеге бірдей 3 дәптер сатып алынды. Бір дәптер неше теңге тұрады?
- 4 көйлек тігу үшін 12 м мата керек. Бір көйлекке неше метр мата кетеді?
- Асханаға балалар жұптасып саппен барды. Барлығы – 16 адам. Сапта неше жұп бала болды?
- 18 кәмпит балаларға үштен үлестірілді. Неше бала кәмпит алды?
ІҮ. Бағалау.
Бағалау парағы арқылы бағалау.
Ү. Үй тапсырмасы. 175-бет. №6, 7