Периметр. Аудан. Көлем

Сабақтың тақырыбы: Периметр. Аудан. Көлем. Өздік жұмысы №11

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

Тапсырма: Фигураның периметрін және ауданын тап.

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Периметр. Аудан. Көлем. Өздік жұмысы №11» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

1-нұсқа                                                                    2-нұсқа

1.Амалды орында

102х6+612:6

103х6+618:6

480:3+26х20

1.Амалды орында

105х8-630:6

108х6-648:6

846:2+ 380:5

2. Есепті шартын құрып, шығар

Қоймада 945кг картоп және 880кг

орамжапырақ бар еді. Асханаға 247кг картоп, 165кг орамжапырақ жіберілді. Қоймада көкіністің әрқайсысынан қанша килограмм қалды?

 

2. Есепті шартын құрып, шығар

400г ұн, 250кг қант және 200г

сары майды араластырып,

қоспа жасап пісіргенде, 720г торт шықты. Дайындалған торт қоспадан қанша жеңіл?

3.Периметрі мен ауданын тап.

Тік төртбұрыштың ұзындығы 8 см ,ал ені

ұзындығынан 4 есе кем. Оның периметрі мен ауданын тап.

 

3.Периметрі мен ауданын тап.

Тік төртбұрыштың ұзындығы 9 см, ал ені  ұзындығынан 3 есе кем. Оның ауданы мен  периметрін тап

4. Периметрі мен ауданын тап.

Тік төртбұрыш тәріздес бақшаның ұзындығы 60 м, ал ені одан 22 м қысқа.

Бақшаның ауданын тап

 

4. Периметрі мен ауданын тап.

Тік төртбұрыш тәріздес бақшаның ені 34 м, ал ұзындығы одан 36 м артық. Бақшаның ауданын тап.

5. Теңдеулерді   шеш

1500:(х+400)=3

700-x=56×8

5. Теңдеулерді   шеш

3600:(a-100)=6

63(80-a)=693

 

ІІІ. Үй тапсырмасы. 182-бет. №5,6