1000-ға дейінгі сандар нумерациясы. Өткенді пысықтау
Сабақтың тақырыбы: 1000-ға дейінгі сандар нумерациясы. Өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты: Есептердің әр түрін шығару біліктілігін жетілдіру. Есептеу дағдыларын дамыту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын тексеру
б) Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту.
Математикалық диктант.
- Кітаптың 100 беті, журналдың 25 беті бар. Журналда кітапқа қарағанда неше бет кем?
- Сара 30 бет оқып бітірді. Бұл барлық кітаптың үштен бір бөлігін құрайды. Кітапта неше бет бар?
- Мирас 65 теңгеге альбом, 70 теңгеге қарындаш сатып алды. Мирас қанша теңге жұмсады?
- Мектеп үшін 90 парта сатып алынды. Бұл мұғалімнің үстелінен 10 есе артық. Мектепке неше мұғалім үстелі алынды?
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «1000-ға дейінгі сандар нумерациясы. Өткенді пысықтау» болмақ.
ІІ. Мағынаны ажырату.
Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырмадағы суреттер бойынша есептер құрастыру және оларды шығару.
2-тапсырмадағы есепті әртүрлі тәсілдермен шығару.
3-тапсырмадағы кесте бойынша есептер құрастыру және оларды шығару.
4-тапсырмадағы есептерді әртүрлі тәсілдермен шығару.
Сергіту сәті.
5-тапсырмадағы есепті шығару.
ІІІ. Ой толғау.
1-тапсырма: Сандарды разрядтық қосылғыштардың түрінде жазу.
790, 709, 795, 970, 907, 979, 890, 954
2-тапсырма: 4,6,8 цифрларын пайдаланып, бірнеше үш таңбалы сандар жазу.
- Бүгінгі сабақта қай тапсырманы орындау қиынға соқты?
- Неліктен?
- Қай тапсырманы орындау жеңіл болды?
- Неліктен?
ІҮ. Бағалау.
Бағалау парағы арқылы бағалау.
Ү. Үй тапсырмасы. 192-бет. №6,7