Кестелік және кестеден тыс көбейту және бөлу. Білімді қорытындылау

Күні:             25.05

Сабақтың тақырыбы: Кестелік және кестеден тыс көбейту және бөлу. Білімді қорытындылау

Сабақтың мақсаты: 3-сыныпта математика пәні бойынша алған білім, білік, дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

1-тапсырма: Кесте бойынша есептер құрастыру және оларды шығару.

а17 см9 дм5 м24 мм
b3 см8 дм?9 мм
h2 см?5 м3 мм
V?720 дм375 м3?

2-тапсырма: «Қай қатар жылдам?» ойынын ойнау.

(910-310):6

930:30·4

360+180:6

(360+180):6

(620+190):9

65+650:5

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Кестелік және кестеден тыс көбейту және бөлу. Білімді қорытындылау» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырмадағы суреттер бойынша есепті шығару.

2-тапсырмадағы фигуралардың боялған бөліктерінің ауданын табу.

3-тапсырмадағы амалдары орындау.

4-тапсырмадағы жер телімінің ауданын табу.

5-тапсырмада берілген өлшемдер бойынша кесінділер сызу.

Сергіту сәті.

6-тапсырмадағы суреттер бойынша теңдіктер жазу.

ІІІ. Ой толғау.

Логикалық тапсырмаларды орындау.

  • Мен бір санды ойладым, оған 5-ті қостым, сонда 60 шықты. Мен қандай сан ойладым?
  • 73-тің ойлаған саннан 23-і артық. Қандай сан ойладым?
  • 6-ның белгісіз саннан 39-ы кем. Белгісіз сан нешеге тең?
  • 58-дің ойлаған саннан 18-і кем. Қандай сан ойладым?
  • Егер 62 саны ойлаған саннан 27-ге артық болса, ойлаған сан қанша?
  • Математика пәнінің мақсаты қандай?
  • 3-сыныпта нені үйрендік?

ІҮ. Бағалау.

Бағалау парағы арқылы бағалау.