Математикалық блиц — турнир

Тақырыбы: «Математикалық блиц — турнир»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың алған білімдерін қолдана білуге үйрету, математика ғылымының қолданысы мен маңызын, қажеттілігін түсіну, тарихи мұраларды білу, ойындар арқылы ақыл — ой белсенділігіне, пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу, тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.

Әдісі: сұрақ — жауап, көрнекілік арқылы, тексеру, баяндау, бағалау, түсіндіру, ойын,

сайыс.

Көрнекілігі: кеспе қағаздар, ойын тапсырмалары, сіріңке, нақыл сөздер, портреттер, журналдар, қосымша әдебиеттер.

Пәнаралық байланысы: тарих, география, физика, музыка, қазақ әдебиеті, шетел тілі, астрономия

Сайыс жоспары:

  1. Зерек (сұрақ — жауап)
  2. Зерде (шапшаңдық тапсырмасы)
  3. Зейін (логикалық сурет)
  4. Дерек (тарихи сұрақ)
  5. Дарын (логикалық тапсырма)
  6. Дәлел (есеп шығару)
  7. Дода (математикалық жекпе — жек)

Таныстыру: 1) 8 — сынып оқушылары екі топқа бөлінген:«Өрен»,» «Ұлан».

2) Әділқазы алқасын сайлау.

Мұғалім:

Бүгінде математика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте.

Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер,

Оқушылар, зерделікпен меңгеріңдер.

 

Сайыс барысы:

  1. Зерек (сұрақ — жауап)

«Өрен»тобына:

  • 1. Төртбұрыштың екі бұрышы тік болуы мүмкін бе?
  • 2. Төртбұрыштың ішкі бұрышы 38º Оның сыртқы бұрышын тап.
  • 3. Кесіндінің симметрия центрі қайда болады?
  • 4. Тең төрт қандай үшбұрыштан ромб құрастыруға болады?
  • 5. Қандай тең төрт үшбұрыштан квадрат құрастыруға болады?
  • 6. Ауданы 36 кв. м. болатын квадрат периметрін тап.
  • 7. Түбірлері 4 және 7 болатын квадрат теңдеу құрастыр.
  • 8. Биквадрат теңдеу дегеніміз қандай теңдеу?
  • 9. Тізбектің келесі мүшесін тап 1, 2, 3, 5, 8…
  • 10. ХІІ=ІХ — ІІ. Бір сіріңкені қозғау арқылы тура теңдік құр.

 

«Ұлан» тобына:

  • 1. Төртбұрыштың екі бұрышы сүйір болуы мүмкін бе?
  • 2. Төртбұрыштың сыртқы бұрышы 158°. Оның ішкі бұрышын тап.
  • 3. Шеңбердің симметрия центрі қайда болады?
  • 4. Тең төрт қандай үшбұрыштан ромб құрастыруға болады?
  • 5. Қандай тең екі үшбұрыштан квадрат құрастыруға болады?
  • 6. Катеттері 3 және 4 болатын тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасын тап.
  • 7. Салыстыр: |х| және |- х|
  • 8. Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз қандай теңдеу?
  • 9. Тізбектің келесі мүшесін тап: 2, 5, 11, 23,…
  • 10. Х=VІІ — ІІІ. Бір сіріңкені қозғау арқылы тура теңдік құр.

 

  1. Зерде (шапшаңдық тапсырмасы)

 

«Өрен»тобына:

  1. Наурыз мейрамында өзара құттықтасқан 4 адамның өзара қол алысуларының

саны қанша болады?

«Ұлан» тобына:

  1. Үйде отырған екеудің бірі екіншісінен мүшел жас үлкен. Олардың біреуі 27 — де болса, екіншісі нешеде?

 

 

 

 

Кіріспе. Қош келіпсіздер құрметті оқушылар, ұстаздар!

Сіздер математика жайлы көптеген мағлұматтармен таныссыздар. Сіздер бір сәт ойланып көрдіңіздер ме? Барлық пәндер қандай да бір саланы оқытып, соған бағыттайды. Ол бағыт өмірде қолданылып, кездесіп, пайдаланылады. Ал математика қандай пән, нені оқытады? Соған жауап беріп көрелікші.

Мысалы:

— Астрономия пәні нені оқытады?

— Жұлдыздарды

— Жұлдыздар шын мәнінде бар ма? Бізге көріне ме?

— иә

— Биология пәні нені оқытады?

— өсімдіктерді

— өсімдіктерді шын мәнінде бар ма? Бізге көріне ме?

— иә

— ендеше математика нені оқытады?

Сандарды

Сандар шын мәнінде бар ма? Бізге көріне ме?

— Жоқ

Ендеше бүгін сіздердің бойларыңыздағы қабілеттеріңізді шыңдауда КТК ойынын бастайық.

Қатысатын командаларға белсенділік, тапқырлық талап етіледі. Сәттілік тілеймін!

Ендігі кезекте сайысымыздың кезеңдеріне көшейік.

І Сәлемдесу, топтың аты

ІІ Үй тапсырмасы (көрініс, қызықты есеп)

ІІІ Жұмбақ есеп, жұмбақ өлең

ІV Сандар сыры

V Мақал – мәтелдер ( сандар қолданылған мақал – мәтелдер айту)

VІ Математикалық атаулар «П»

VІІ Шұғыл жауап

І Әр команда сәлемдеседі, топтың атын және ұранын айтады

ІІ Үй тапсырмасында дайындап келген көрініс, қызықты есептерін айтады.

ІІІ Жұмбақ есеп, жұмбақ өлең