«Математикалық сандық» ойыны
Тақырыбы: «Математикалық сандық» ойыны
Мақсаты: оқушылардың оймен есептеп, логикалық өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін дамыту, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: топтық сайыс
Типі: ойын түрінде
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Біздің ұранымыз: «Арифметика – математиканың, ал математика – ғылымдардың патшасы».
Қайырлы күн, қадірменді көрермен!
Ой сараптау ойынына қош келдіңіздер.
Математика қызықтырар біздерді.
Ойынға қатысуға, шақырамыз сіздерді,- ортаға Тапқырлар және Алғырлар топтарын шақырамыз.
Тапқырлық пен білгірлікті, білімді сараптап сіздер көріңіздер, ал әділқазы алқасы әділ баға беріңіздер! – дей отырып, сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ – қазылар алқасын ортаға шақырамыз.
Көңілді тапқырлар, білгіштер.
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді қөп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Есептен сайысады екі тобымыз
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік білімдерін сараламақ
Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.
I тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)
II тур. «Жүзден жүйрік» (Әр топ 1 минут уақыт ішінде 5 сұраққа жауап беруі тиіс, жауабын білмесе келесі сұраққа өтуі тиіс)
I топқа: 1. Өздеріңіз оқып отырған «Математика» оқулығының авторы кім? Ақнаева, Лебедова.
- 7 майшам жанып тұр, 4 – уін сөндірсек неше майшам қалады. (4)
- Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына
- Үш сызықтан пайда болған фигура (үшбұрыш)
- 81 нешенің квадраты (9)
II топқа: Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)
- Үстелде 3 стакан бар. Алмас 1 стакан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стакан бар? (3)
- Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек?
- Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?
5.Аю қыста үш ай ұйықтайды. Әр аю неше ай ұйықтайды? (3)
III тур. Математикалық хоккей. 1. Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір – бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.
(43 * 9 – 9 : 3) * (106 : 53 – 2 ) Ж: 0
Логикалық есеп. Алма ағашында 15 бұтақ бар. Әр бұтақта 9 жаңғақ бар. Алма ағашында барлығы неше жаңғақ бар? (Алма ағашында жаңғақ өспейді)
IY тур. Минитест. 1. 100 саны
А. Жүздік В. Ондық С. Бірлік Д. Мыңдық
- Осы суреттен жоқ фигураны табу
А. Шеңбер В. Тіктөртбұрыш С. Үшбұрыш Д. Бәрі бар
- Чебурашка дүкеннен 7 бірдей дәптер сатып алды. Неше теңге төледі?
А. 2000 В. 3070 С. 1540 Д. 2160тг
- Ең кіші жай сан
А. О В. 1 С. 2 Д. 7
- Қорытынды. Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталады.