Қосындыны санға көбейту (Көбейтудің үлестірімділік қасиеті)

Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға көбейту (Көбейтудің үлестірімділік қасиеті)

Сабақтың мақсаты: «Қосындыны санға көбейту» тақырыбын пысықтау. Есептер шығару. Ойлау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: қала суреттері, ұшақ билеттері.

 

Сабақтың жүрісі:

 

І. Ұйымдастыру.

 

  1. Психологиялық дайындық.

 

Армысыздар, балалар!

Дайынбыз ба сабаққа?

Шебер, шешен өнері,

Сай келейік талапқа!

Бар ма үйден дайындық?

Тапсырмамыз дұрыс па?

Оқымасаң уайым жеп,

Тығылмаймыз қуысқа,

Ойымызды айтайық,

Білімімізді бастайық.

Мына тұрған ұстаздар

Қалсын бір сәт марқайып…

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

 

А) Есептерді тексеру.

Б) Көбейту кестесі сұралады.

В) Сұрақ – жауап.

 

ІІ. Жаңа сабақ.

 

  1. Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы еліміздің сапалы өзгерістерге сатылап жетуінің бағдарламасы екендігі баршамызға мәлім. Осы жолдауда елбасы Қазақстандағы қала халқының санының өсуіне жағдай жасау керектігін қадап айтты. Осыған негізгі қадам ретінде қазіргі Алматы мен Астана, Шымкент пен Ақтөбе қалалар ірі мегаполис ретінде қосылуы жоспарлап отыр. Осы қалаларға саяхатқа шығамыз. Ол үшін көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есептеу арқылы ұшаққа билет аламыз. Саяхатты елордамыз Астанадан бастаймыз. Астанаға бару үшін мына кестені толтырамыз.

 

24 : 6 = 4                    30 : 6 = 5                    5 · 6 = 30                    42 : 6 = 7

8 · 6 = 48                    8 · 8 = 64                    9 · 8 = 72                    24 : 8 = 3

4 · 8 = 32                    0 · 8 = 0

 

            Міне, Астанаға келдік. Астана ҚР елордасы. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Ол киелі орын, босаға деген мағынаға ие. Астанада 808429 адам тұрады. Қаланың аумағы 200 шаршы км жерді алып жатыр. 1998 жылы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 10 шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы Астананың тұсауы кесілді.

 

  1. Алматы қаласына жету үшін оқулықпен жұмыс жүргіземіз, есептер шығарамыз. (тақтаға №2, 4, 9 тапсырмалар орындалады). (Дәптермен жұмыс. Күннің жадысын жазу).

 

Қаңтардың 29-ы

Сынып жұмысы

 

6          12        18        24        30        36        42        48        54        60

 

№2.     (9 + 4) · 6 = 9 · 6 + 4 · 6 = 78

(3 + 9) · 7 = 3 · 7 + 9 · 7 = 84

(5 + 8) · 2 = 5 · 1 + 8 · 1 = 26

(6 + 5) · 3 = 6 · 3 + 5 · 3 = 33

(7 + 2) · 4 = 7 · 4 + 2 · 4 = 36

(5 + 4) · 5 = 5 · 5 + 4 · 5 = 45

 

№4.     384см + 5дм = 434см

112см – 6дм = 52см

9м 20см – 130см = 790см

40дм – 3см = 397см

 

№9 Өз бетімен жұмыс.      54 : 10 = 5 (қ4)

98 : 10 = 9 (қ8)

5 · 10 + 4 = 54

9 · 10 + 8 = 98

 

Міне, Алматы қаласына жеттік. 1927 жылы 2 наурызда  ҚазақАССР-нің астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді. 1927 – 98 жылдар аралығында ҚР астанасы болды. Қала 170 шаршы км жерді алып жатыр. Қазіргі кезде Алматы Қазақстанның мәдени астанасы деп аталады. Алматы қаласы әйгілі апорт алмасының отаны.

 

  1. Келесі бағытымыз Шымкент қаласы. Бұл қалаға бару үшін мына тапсырмалардың шешімін табамыз.

 

  1. Сағаттың 4/1 бөлігінде неше минут бар? (60 : 4 = 15 минут)
  2. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)
  3. 3 май шам жанып тұрады. Екеуін сөндірсе, нешеуі қалады? (біреуі жанып кетеді, екеуі қалады).
  4. Бұтаның түбінен қоянның 10 құлағы көрініп тұр. Бұта түбінде неше қоян бар? (10 : 2 = 5 қоян)

 

Шымкент қаласына келдік. Шымкент оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Тұрғыны шамамен  660300 адам. Қазақстанда қала халқының саны жөнінен 3 – орында. Онда Сарыағаш сауықтыру орталығы мен су артезианы орналасқан. Қазақстандағы мақта орталығы. Шымкентте Қазақстандағы ең үлкен жиһаз өнеркәсібі бар.

 

  1. Келесі бағытымыз Батыс Қазақстан өңіріндегі Ақтөбе қаласы. Ақтөбе қаласына жету үшін оқулықтағы №5, 6, 7 тапсырмалар орындалады.

№5.           Шешуі:           (2 + 3) · 3 = 15

2 ·3 + 3 · 3 = 15

Жауабы:         15 әшекей.

 

Шешуі:           (4 + 5) ·7 = 63

4 · 7 + 5 · 7 = 63

Жауабы:         63 орындық.

 

Шешуі:           10 · 3 + 10 · 4= 70

(3 + 4) ·10 = 70

Жауабы:         70 сәбіз.

 

 

№6            Әрқайсысы 12 б.ш. – 10ш.  Барлығы — ?

Әрқайсысы 5 б.ш. – 10ш.

 

Шешуі: 12 · 10 + 5 · 10 = 170

Жауабы: 170 шам.

 

№7.           Әрқайсысы 20ж. – 2 алқа                           Барлығы — ?

Әрқайсысы 10м. – 4 салпыншақ

 

Шешуі: 20 · 2 + 10 · 4 = 80

Жауабы: 80 асыл тас.

 

Ақтөбе қаласына жеттік. Ақтөбе ҚР батысында орналасқан. Қала 19 ғасырда бой көтерді. Ақтөбе Батыс қазақстанның экономикалық орталығы. Қалада 300 мыңнан астам халық тұрады. Қазіргі таңда қала медициналық орталық өз деңгейінде дамыған.

 

Мінеки, біз Қазақстанның 4 ірі қаласына саяхат жасадық. Осы саяхат кезінде келесі бөлімдегі тапсырмаларды қоса орындаған оқушы бар ма?

 

Орындаған оқушылар бар болатын болса саяхатымыздың соңын осы жерден аяқтаймыз. Бұл жерде өзіміздің ауылымыз – Бейнеу. Бейнеу ауданы Маңғыстау облысының солтүстігінде орналасқан, экономикалық қарқынды дамып келе жатқан аудан. Аудан 1973 жылы құрылған. Бейнеу ақ тасымен Республиканы қамтамасыз етіп отыр. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында 2050 жылдары Бейнеу ауылы да осы 4 ірі қаланың қатарынан көрінеді деп сенеміз. Оған осы отырған болашақ елдің ертеңі – сіздердің қолдарыңызда!!! Бейнеуді көркейтетін – сіздер!

 

ІІІ. Қорытынды.

 

ІҮ. Бағалау.

 

Ү. Үйге тапсырма беру. №3, 8 тапсырма.