Білімді тиянақтау
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға екі таңбалы санға қосуды және азайтуды баған түрінде орындаудың үлгісін көрсету. Алған білімдерін одан әрі тиянақтау.
- Халықтық педагогика негізінде жасалған көрнекіліктермен қызықты есептерге сүйене отырып, ойлау қабілеттерін арттыру.
- Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Баяндау, сұрақ-жауап, ойландыру.
Көрнекілігі: Үлестірмелі қағаздар, сөзжұмбақ, ребустар.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру
- Өткенді қайталау
- Жаңа сабақ
а) Көрнекілікпен жұмыс, 1-мысал.
Кестедегі сандар оқылады. Бірлік және ондықтары аталады. Жазу үлгісі мен түсіндірме мәтін бойынша баған түріндегі жазбаша қосу тәсілі түсіндіріледі. Оқушылармен байланыса отырып 1-мысалды түсіндіру.
- 1. … жазамын
78 2. 8 бірл. 2 бірл/ті қосамын 10 бірл. шығады. 10 бірл. – 1 онд.
+ 0-ді бірл. астына жазамын 1 онд. есіме сақтаймын.
22 3. 7 онд. 2 онд. қосамын 9 онд. шықты ойымдағы 1 онд.
қоссақ 10 онд. шығады.
100 4. Жауапты оқимын: мәні 100-ге тең.
ә) Ребус шешу (жүзім, жүзік, елік сурет/ен сандар шығады)
б)Көрнекілікке сүйене отырып 2-мысалды түсіндіру. Кестедегі сандар оқылады. Бірлік, ондық және жүздігі аталады. Жазу үлгісі мен түсіндірме мәтіні бойынша баған түріндегі жазбаша азайту тәсілі түсіндіріледі.
Оқушылармен сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып 2-мысалды түсіндіру.
100 1. … жазамын.
– 2. Бірл/ді 1 жүзд/ң 1 ондығынан азайтамын.
22 3. Онд. онд. азайтамын 1 жүз – 10 онд. 10 онд. – 1 онд. – 9 онд.
қалған 9 онд. – 2 онд. – 7 онд. шығады.
78 4. Жауапты оқимын: мәні 78-ге тең.
- Тақтамен жұмыс
3-мысалды оқушылар түсіндіре отырып шығарады.