«Үздік математик» сайысы
Сабақтың тақырыбы: «Үздік математик» сайысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру,алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер,ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз
ойын еркін айта білуге қалыптастыру.Оқушыларды
ауызбіршілікке ,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған
жерінің табиғатын сүюге,қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік.ізденушілік,ойын , құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, интер/к ,
тақта ,тест,ертегі есеп, өлең есеп,слайд
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
-Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздер 3 сыныптар арасында өтетін «Үздік математик» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!.
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырма-
ларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін
пысықтау.
Сайыс сағатымызда өлең есептер,ертегі есептер, сөзжұмбақтар ,бейнелі
сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс
айтылған жауаптарға ,бір ұпайдан қосылып отырады.Сайыста ұпайды көп
жинаған топ «Үздік математик» номинациясына ие болады.Ал ұпайды аз
жинаған топсайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапат-
талады.
Уа,халайық,халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып ,шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ,есеп бәрі бар
Ал,сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.-деп
- Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
«Алғырлар» тобы 1) Топ басшысы- Қайрат Асхат
Оңалбекқызы Дильназ
Темірбай Данияр
Орысбай Эльвира
«Білгірлер» тобы» 1) Топ басшысы-Әбдіқаниева Аяулым
Болсын Аян
Нысанжан Арайлым
Темірбай Мадияр
Енді сөз кезегін топтарға берейін,өз топтарын өлең жолдары арқылы
таныстырып өтсін.
«Алғырлар»
Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.
« Білгірлер»
Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді
жұмып,мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды)
«Жасыл дала,құлпырған қып-қызыл гүлдер,сарқырап аққан
мөп-мөлдір су,жайқалған ағаш,ашық аспан,жарқырап күлімдеген
күн сәулесі.»
Осы сезімге беріле отырып,көзімізді жаймен ашайық.
Арайлап нұрлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырап әсем табиғат,
Желекке бөлеп аймақты.
Оқушылар қандай көрініс көріп тұрық.? Әсем табиғаттың.
- Ендеше мен сіздерге проблемалық ой тастағым келіп тұр.
Жаздың бір шуақты күнінде Асқар мен Болат ата-анасымен бірге көлдің
жағасына дем алуға барады.Асқар мен Болат суға шомылып,күнге қызды-
рынып болған соң,анасы оларды тамақтануға шақырады.Тамақтанған соң
ойнады. Кетер кезде әкесі оларға қарбыз жарып берді.Қарбызға тойған соң,
олар қабықтарын көлге лақтырып ойнады.Анасы тамақ ішкен ыдыстарын
салып алды да,тамақтың қалдықтарын көлге,лақтырып қалған қоқыстарын
жинамастан балаларына:
-Тез машинаға отырыңдар,үйге қайтамыз- деді.Сөйтіп олар машинаға отыр-
ып кете берді. Табиғатымыз қоқыстанған,ластанған.Соны тазалау үшін ,өз
үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймын. Ол үшін «Сөзжұмбақ» шешуле
іңіз қажет.
Сонда әсем табиғатымыз қоқыстан тазартылады.
Ей,балалар,балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Сөзжұмбақты қиналмай
Лезде шешіп тастайық.
«Алғырлар»
1.Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз
2.Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы
3.Ондықтан құралған сан. Қырық
4.Бір таңбалы сан. Үш
5.Кеміту амалы. Азайту
«Білгірлер»
1.Бір таңбалы сан Бір
2.Геометриялық фигура. Төртбұрыш
3.Бұрыш түрі Сүйір
4.Уақыт өлшем бірлігі. Ғасыр
5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. Шеңбер
Әсем табиғатымызды,суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады.Таза ауамен дем алсақ,денсаулығымыз да мықты болады.
Жолдау.
Міне оқушылар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында : «Қазақстан ауасы
таза, суы-мөлдір,жасыл желекке айналуы тиіс»,-деген болатын.
— Балалар ,біз даламызды жасыл желекке айналдыру үшін қандай үлес қоса
қоса аламыз?
— Қоқыстан тазалаймыз,ағаш отырғызамыз,гүл егеміз.
Ендеше ,балалар,табиғатымызды таза ұстап,қамқорлыққа алу,гүлдер егіп,даламызды жасыл желекке айналдыру-болашақ ұрпақ сендерге байланысты.
Сондықтан өз үлесімізді қосайық..
- «Ағаш отырғызамыз»
Ағашты жақсы етіп отырғызбасақ,ол дұрыс өспей қалады.Ад сіздердің ағашты дұрыс отырғызғандарың , тапсырманы дұрыс орындағандарын болып саналады.
1- ағаш тапсырмасы:
«Қызықты эстафета»
1 — топқа т, ң, е, г, ү, б, і, р, е, ң.
2 — топқа б, р, ұ, ы, ш, н, а, с, м, қ.
Берілген әріптер бойынша, сұрақтарға жауап бере отырып, сөздер құрастыру.
1 — топқа сұрақтар:
- Ұлттық валюта. (теңге )
- Дәрежеге кері амал. (түбір )
- … етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей. (еңбек)
- Суға еніп тұрған құрлықтың бір бөлігі. (түбек)
- Шағатын өте кішкентай жәндік. (бүрге)
2 — топқа сұрақтар
- Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс)
- Қоянды қамыс, ерді … өлтіреді. (намыс)
- Өнер ағып тұрған бұлақ,
Білім жанып тұрған … ( шырақ)
- Бір нүктеден шығатын екі сәуледен құралған жазықтықтың бөлігі (түбек)
- Иіс сезу мүшесі. ( мұрын)
2-ағаш тапсырмасы:
«Математикалық бейнелі сөз» шешу
, Қаз Ай Ту (Азайту) Мысық ,Етік, Р (Метр)
Сергіту сәті:
Жапырақтары жайқалып,
Биік ағаш өседі.
Самал желмен тербеліп,
Бұлттар жылжып көшеді.
— Тағы қандай үлес қосамыз.
— Гүл егеміз.
— Жақсы. Бірақ гүл егу кез-келген адамның қолынан келе бермейді.Оны баптап күту қажет.
Қызғалдақ тапсырмасы.
Бейне сұрақ .
«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен ,панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты.Жаз шығып ел жайлауға көшкенде,сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді.Кемпір:-«Бұлар менің жалғаз сиырымды нысанаға алмақ болған екен,мен де бұларды алдайын»,-деп ойлайды.Сөйтіп жалман –жан бір шелексуды сапырып отырып мынадай өлең айтыпты:
Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер»,-деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі ,әрі бізден екі есе көп,кетейік»,-деп кетіп қалыпты.Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.
«Білгенге маржан»-Сандар туралы
Раушан гүл тапсырмасы.
Математикалық санамақ айтып жарысу.
4-дегенім жақсы баға,
1-дегенің жаман баға,
-Алады оны жаман бала.
2-дегенім нашар баға,
Інішегім нашарлама.
3-дегенім орта баға
Сапасы да орта ғана.
Енді әсем табиғатымызға көрік беретін құстар жетіспейді,қәне құстарымызды шақырайық.
Құстар біздің досымыз
Біз қамқоршы боламыз
Құстарға ұя саламыз
Жем су беріп жаз бойы
Балапанын бағамыз.
1-құс «Аққу» тапсырмасы
Математикалық викторина.
15 шырпыдан метр деген сөзді құрастыру керек.
2 –құс «Кептер» тапсырмасы.
Екі топқа ортақ өлең есеп оқылады . Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау.
-Кел балалар ,ойнайық
Қандай есеп болсада.
Шешпей оны қоймайық.
Ал,тыңдаңдар,тыңдаңдар.
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық дегенге.
Бөгеліп те тұрмаңдар.
Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу,топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу,есепкер
(Бес торғай)
Көлден ұшты 50 қаз, 6 аламаның 2-уін
Қайтып қонды 20 қаз Досың сұрап алады.
Қонбады оның нешеуі, Айтшы сонда нешеуі
Қане кім тез шешеді? (30 қаз) Өз қолыңда қалады. (4)
Аулада 60 үйрек, 11 түйе,бес жылқы.
Қорада 20 үйрек, 2 сиыр,бір ешкі
10 үйрек тығылды 2 қоян,үш түлкі,
10 үйрек жығылды, Болды сонда нешеуі? (24)
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
Табақта 55 алма 100 асықтың 30-ын,
Қолымда 5 алма Досым сұрап алды
Барлығын қосқанда Айтшы сонда нешеуі
Болады неше алма? (60 алма) Өз қолымда қалады.
«Сергіту сәті» «Көңілді күн»
3-құс «Саршымшық» тапсырмасы.»Мини тест»
1- топ 2-топ
Амалды орында: 27 + 42 28 + 32
а) 69 а) 60
ә) 47 ә) 61
б) 29 б) 62
- 1 жылда қанша ай бар? 1 аптада қанша күн бар?
а) 12 а) 7
ә) 18 ә) 14
б) 36 б) 21
Сатылғаны-10 л Кесе – 70 теңге
Қалғаны – 30 л Қасық – 30 теңге
Болғаны — ? Барлығы — ?
а) 10 а) 40 теңге
ә) 33 ә) 90 теңге
б) 40 б) 100 теңге
Салыстыр: 8 жүздік * 6жүзд 9 жүзд * 5 жүзд
а) < а) <
ә) > ә) =
б) = б)>
Минутпен өрнекте: Сағатпен өрнекте:
2сағ 20 мин = 1 тәуілік 4 саға=
а) 120 ә)140 б) 160 а) 20 ә) 28 б) 24
«Жаңылмастан айтып көр!»
Математикалық жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу.
Жаңылтпаштар.
Кім сызғышсыз?
Біз сызғышсызбыз!
Сызғышсыздарға,
Сызғышсыз сызғыз.
Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш,
Тең — тең бұрыш, тұтас бұрыш,
Тұстас бұрыш, тұстас бұрыш,
Сәйкес бұрыш құрған бұрыш.
Сонау-сонау алысқа,жүзсін десең кемелер,
Тылсым-сырлы ғарышқа , ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика-
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
— Осымен ,балалар «Үздік математик» атты сайыс сағатын
аяқтай отырып. Елбасымыздың жолдауына үн қоса отырып,табиғатымызды қорғай білейік,оның гүлденіп көркеюіне үлесімізді қоса жүрейік дегім келеді. Жеңімпаз топты анықтап
« Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.
Қорытынды «Достар» әні
1 — жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар!
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
2 — жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар,
Сіз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.
1 — жүргізуші:
Есепті түрлітүсті шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар,
Әзіл есепке де отырамыз.
2 — жүргізуші:
Олай болса, бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық.
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды шақырамыз
1 — жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын, әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын таныстырып өтейік. Төрешілер алқасын сайыстың шартымен таныстырады. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.
Дұрыс жауап берген командаға 5 ұпай.