Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу
ТАҚЫРЫБЫ: Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу.
МАҚСАТЫ:
1). Оқушылардың бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға, әр түрлі тапсырмалар орындауға, екі және бір амалды есептер шығаруға, теңдеулер шешуге үйрету;
2).Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту,қиялын ұштап,қабілеттерін шыңдау, іскерлік дағдыларын қалыптастыру;
3).Оқушылардың ойын арқылы ақыл-ой белсеңділігін тәрбиелеу,алғырлыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу. Сауатты, таза, әдемі жазуға баулу .
Әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру.
Түрі : жарыс, ойын.
Көрнекіліктері: тірек сигнал карточкалары, дөңгелектер ( қызыл, сары, көк)
« ТЕЛЕФОН» , « ДЕНСАУЛЫҚ ШЫҢЫ», « ОЙЛАН, ТАП» ойындары, перфокарталары, кесте, гүлдер.
БАРЫСЫ: І . Ұйымдастыру кезеңі.
1). Оқушылардың назарын аудару. Сәлемдесу.
2). Жеке каточкалармен жұмыс.(4 оқушы)
3). Өткен тақырыпты қайталау:
а) тірек сигнал карточкалармен жұмыс: 2 онд.8бірл.+7бірл.
2онд.+3онд.; 9 онд-2 онд.
4). « Телефон» ойыны ( ауызша шот)
ІІ ЖАҢА САБАҚ.
1). Сабақтың мақсатымен, тақырыбымен танысу
2). Кестемен жұмыс (тақтада)
— Екі домбырадан неше рет алынған ?( 3 )
— Барлығы неше домбыра? (6)
— Қандай бірдей қосылғыштармен 6 санын алмастырдық? ( 2+2+2)
— Екі түймеден неще рет алынған? (4)
— Барлығы неше түйме? (8)
— 8 сансын қандай бірдей қосылғыштардың қосыдысымен алмастырдық ?
( 2+2+2+2)
ІІІ Оқулықпен жұмыс.
1). « Денсаулық шыны» ойыны. (Тақтаға «Денсаулық шыны» ілінеді) . Оқушылар тапсырмаларды дұрыс ,тиянақты орындап, топпен шынға көтеріледі. Жазылған сиқырлы сөздерді хормен оқиды.)
2). Дәптермен жұмыс а) ай,күнді жазу
№3( тақтада). Оқушылар кезек-кезекпен шығып , тапсырмаларды орындайды.
2+2+2+2 3+3 5+5
4+4 2+2+2 2+2+2+2+2
6+6 4+4+4 3+3+3
3+3+3+3 2+2+2+2+2+2
№4. Есепті оқу, талдау.
- Наурыз мерекесіне неше парақ түсті қағаз жұмсалды?
- Ақ қағаз туралы не айтылды?
- Есептің сұрағы қандай?
- Есеп неше амалмен шығарылады?
- Неліктен ?
Түсті қағаз – 37
Ақ түсті -? 18 парақ артық
(38+18)+37=92 парақ
Жауабы: барлығы 92 парақ қағаз жұмсалды
— Бірінші амалмен нені біліп алдық?
— Екінші амалмен ше?
-Есепті бір амалмен шығарылатын есепке айалдырыңдар
-Не істеу керек?
-Есепті оқыңдар және шығарыңдар.
Түсті қағаз-37парақ
Ақ түсті-?18 парақ артық
37+18=55 парақ
Жауабы: 55 ақ парақ жұмсалды
IV Сергіту сәті. «Менің досым»
- Бекіту 1). «Белгісіз санды тап» ойыны.
Алдымызға бүркіт кедергі болды. Ол бізге тапсырма дайындап қойыпты, егер оны дұрыс орындасақ, жоғары көтерілеміз.
Белгісіз саннан 32-ні кеміткенде 53 болды.
Х-32=53 бұл не? (теңдеу)
х=53+32
х=85
85-3=53
53=53
Бір оқушы шығару жолын түсіндіреді.
2). «Білім арқаны» ойыны.
-Екі оқушы тақтаға шығып, тапсырманы орындайды:
(12 6) =8
(12+6)-10=8
(12-6)+2=8
-Орындағаннан кейін екі гүлді алып, сиқырлы сөздер оқылады. (хормен)
VІ. Қорыту
-Қандай тақырыппен таныстық? Денсаулық шыңына жету үшін қандай тапсырмалар орындадық? Денсаулықтарың мықты болу үшін не істеу керек?
VІІІ. Үйге 149 бет№6
ҮІІ.Бағалау
-Оқушылардың білімін дөңгелектерің көмегімен бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың білімін бағалау.
ҮІІІ. «Тілектер » ойыны