5 санын қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: — оқушыларға 5 санын қосуды және азайтуды үйрету.
— оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерің
дамыту.
— оқушыларды адамгершілікке, жақсы азамат болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
«БиС» технологиясы бойынша ой жылдамдықтарын тексеру.
ІІ. Өткен тақырыптарды қайталау.
Сұрақтар:
- Қосындының компоненттері.
- Айырманың компоненттері.
- Есептің мәнді белгісі.
- Кез-келген санға 0-ді қоссақ…
- Кез-келген саңға 1-ді қоссақ …
- Қосылғыштардың орнын ауыстырғанымен…
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Оқушылар, мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, шешуін математика сабағы болғандықтан сандардан іздейсіндер.
Бір түнде өсіп шықты тез
Қозықұйрық бірнешеу:
Мұнда – екеуі, мұнда – үшеу
Жалғыз емес, бір емес
Бәрі қанша? Тура — …
- Ия, оқушылар бүгін сендермен сабағымыз осы 5 санымен байланысты болады.
- 5 нәрседен тұратын не бар? Адамның денесінде ше?
Бес сәулесі бар жұлдызша да бар. Әрбір сәуле әлемнің бір бұрышын білдіреді. Жоғары сәуле қалған төрт сәулені бір нүктеге біріктіреді. Өздеріңе де зейін салып қарасаңдар, сендерде бес сәуледен тұрасыңдар. Ол сенің қолың, аяқтарың, ал ортаңғы бәрін біріктіруші сәуле – басың. Өздеріңді әлемдегі жалғыз, ерекше жұлдызбын деп есептеулеріңе болады деп, бүгінгі күнді тақырыпты дәптерлеріңе жазамыз.
Жұмбақ.
Өзі жап-жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмытылар
Тастамайды жылы үйді,
Түкті тоны шұп-шұбар. (Мысық)
- Мысық турал қандай ертегілер білесіңдер?
- Бүгін біз математика сабағында «Мақта қыз бен мысық» ертегілер әлеміне саяхат жасаймыз.
Сахналық түрде мақта қыз бен мысық шығып ертегіні бастайды. Оқушылар 5-топқа бөлініп отырады. Ертегілер кейіпкерлерінен заттары сатып алу үшін деңгейлеткен есептерді шығарады.
1-деңгейлік.
5 + 4 10 — 5
5 + 8 12 – 5
5 + 7 14 – 5
Салыстыру.
5 * 6 5 * 3
5 * 7 5 * 2
5 * 8 5 * 2
2-деңгейлік. Сергіту сәті.
Салыстыру.
5 + 2 12 – 5
5 + 3 11 – 5
5 + 4 14 – 5
5 + 1 16 – 5
5 + 2 – 4 16 – 5 + 2
5 + 4 – 6 10 – 5 + 3
5 + 3 – 5 12 – 5 + 1
Сергіту сәті.
Есеп: Шарты: М-5а
С-3а
Б- ?
Шешуі: 5 + 3 8(а)
Жауабы: 8 алма.
Логикалық есеп.
Аскардың әкесі – дәрігер, Талғат – ұшқыш, Дәулет –мұғалім.
- Сонымен, оқушылар бүгін біз сабақта сандарға 5-ті қостық, азайттық. 5-ке байланысты есеп шығардық. Осы 5-санға байланысты Абай атамыздың өлеңдері де бар екен.
- Абай Құнанбаев деген кім?
- Ол ұлы ақын сендер сияқты жас бүлдіршіндерде өнер-білімге шақырған.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз,
Тілеуің өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек 6-5 Талап 5 + 4
Өтірік (9 — 5) Еңбек 5 + 3
Мақтаншақ (7 — 5) Терең ой 5 + 5
Еріншек (8 — 5) Қанағат 5 + 2
Бекер мал шашпақ (5 — 5) Рахым 5 + 4
Деген сөздер өрнектерді шешкеннен кейін ашылады.
Сабақты қорыту:
- Сонымен оқушылар бүгін біз санға 5-ті қосып және азайтып үйрендік. Сабаққа жақсы қатысқан үшін үлкен рахмет!
Сабақтың соңы.