Рационал өрнектер тақырыбын қорытындылау

 

Сабақтың тақырыбы:  Рационал өрнектер тақырыбын қорытындылау.

Сабақтың мақсаты:   Білімділік: Рационал өрнектерге амалдарды аралас қолдана білу, Өрнектерді ықшамдай білу бейімділіктерін қалыптастыру. Кері пронорционалдық фуникцияның графиктерін сала білу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қаблеттерін, тіл байлығын қалыптастыру, пәнге қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Жүйелі жұмыс істеуге, өз ойын айта білуге, қиындықты жеңе білуге, жергілікті жер материалын пайдалану арқылы туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: у = х2  у = х3  у =   функциясының графиктері, Рационал өрнектерге амалдар таблицалары, Ә. Асқаровтың «Мұнар тауды, мұзарт шыңдарды аңсаймын» кітабы, Катонқарағай МҰТП материалдары, ақша банкноттарының ксерокопиясы.

Сабақ типі, түрі: Қайталау жинақтау сабағы.

Сабақтың өткізу түрі. Топтық саяхат сабақ.

Оқыту әдістері: Көрнекілікпен жұмыс, сұрақ жауап, талдау, өздік жұмыс,тестік жұмыс.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Білімді бекіту есептері.

4.Білім мен іскерлікті тексеру.

5.Сабақты қорытындылау, бағалау.

6.Үйге тапсырма.

1.Ұйымдастыру ( 2минут).  Оқушылар үш топпен отырады. «Туған өлкеге саяхат» сабағы.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. Саяхатқа шығуды бастау  орны.

«Катонқарағай МҰТП бөлімшесі» -Әрбір дұрыс жауапқа 100теңге-

Өр Алтай  ел аузында жыр болып жырланған, ән болып шырқалған жер жанаты. Катонқарағай оның алтын алқасы іспетті, сонымен бірге аргеолог ғалымдарды табындырған көне тарих көзі болып отыр. Осы өңірдің барша байлығын сақтап, табиғи ажарын тоздырмай, келер ұрпаққа аман жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен   Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі құрылды. Оның негізгі аумағы  643477 гектарды алып жатыр. Парктің барлық аймақтары туризм мен демалысты ұйымдастыруда табиғат кешенінің экологиялық жағдайы ескеріліп, табиғи және мәдени құнды обьектілерге залал келтірмеу жағы ойластырылып айрықша қорғауға алынған.

А) Үйге берілген есепті тексеру

293(3)

Жауабы: -4,5

297(2)

 

Жауабы:         

 

    №297(4)

 

Жауабы:  

  1. Білімді бекіту сұрақтары. Екінші саяхат жасау орны.

«Берел қорымы»   -Әрбір дұрыс жауапқа  200теңге-

Археолог- ғалым Зейнолла Самашев жетекшілік еткен экспедиция Берел қорымын бұдан 2400 жыл бұрын жерленген сақ патшасы мен әйелінің табыттағы мүрделері,   көптеген құнды заттар мен әшекейлер, өрнектелген ағаш бұйымдар, киіз бен жүннен жасалған қолөнер жәдігерлері, ер-тоқыммен бірге жерленген 13 жылқының мүрделері, көптеген қажетті әр түрлі заттары бар патшаның қабірханасы бар. Көптеген заттар алғашында алтын фольгамен қапталғандығы анықталды. Жылқылардың ер-тұрман әбзелдері алтынмен қапталған ұзын мүйіздермен әшекейленген. Табылған жәдігерлер, соның ішінде органикалық материалдар, киімдер мен тұрмыста қажетті заттар өте жақсы сақталынған, өйткені ежелгі көшпелілер жергілікті табиғи-климаттық жағдайларды жөнімен пайдалана отырып, мәңгі тоң басқан мұздықтарды қолдан жасай білді. Бұл факт «мәнгі тонның астында феноменін» қалыптастырды. Әлі толық зерттелмеген обалар бар. Бұл қорымды ғалымдар «патшалар алқабы» деп отыр.

1-тапсырма:  Сымнан иіп  жасалған графиктерге талдау жасау. Ол у = х2  у = х3  у =   функциясының графиктері.

 

а) Бұлар қандай функция графиктері?

ә) Графиктерін схемалы түрде орналастыр

в) Графиктердің өспелі, кемімелі болатынын көрсет.

с) Қасиеттерін айт.

2-тапсырма:

Ауызша сұрақтарға жауап беру.

а) Рационал бөлшектерді қосу және азайту қалай орындалады?

Ортақ бөлімдері қалай анықталады?

ә) Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу қалай орындалады?

Бөлщектің негізгі қасиеті мен бөлщектерді қысқарту ережелерін еске түсіру.

в) Рационал өрнектерді ықшамдау кезінде басты назарды неге аудару керек?

4.Білімді бекіту есептері. Үшінші саяхат жасау орны.  «Көккөл кеніші».           — Әрбір дұрыс жауапқа  500теңге-

Аумақтық геологиялық маршрутты жүргізу кезінде 1936 жылы ашылған. Негізінен  вольфрам мен молибден алынып, Ұлы Отан соғысы жылдарында танктердің броні үшін пайдаланылған. Тасқорымды асудың үстінде қысы жазы боран борап тұратын желдің өтінде, 3000 метр биіктіктен біздің бабаларымыз бен әкелеріміз қолмен кен қазған.

Кеніш 1955 жылға дейін жұмыс істеп келген.Салқын климаттың арқасында кеніш құрылысы қазір де жақсы сақталған. Ашық аспан астындағы музей десе де болады. Сол кеніште жұмыс істеген ауылдағы Шоматова Қамаш апа, Изекова Жазира апалар, олардың немерелері осы сыныпта оқиды.

Біздің кеніміз оқу.

Тапсырмалар: Әр топқа тапсырма:

1-топқа                жауабы:  1

2-топқа                          жауабы:

3-топқа                       жауабы:

 

  1. Білім мен іскерлікті тексеру. Төртінші саяхат жасау орны. «Мұзтау». — Әрбір дұрыс жауапқа  1000теңге-

Алтай тауының төріне орналасқан шырқау шыңы түйенің өркешіндей қос шоқы: шығысындағының биіктігі 4506 метр, батысындағысының биіктігі   4435  метр.  Мұзтаудың басы мен етегі мәңгі қар, мұздақтар. Мұздақтардың жалпы көлемі 70 шаршы километр. Оның төңірегінде 162 мұздақ бар.Мұзтауға ғарыш сәулелері сынбай, шашырамай таза өзгеріссіз күйінде түседі. Сондықтан Мұзтау қасиетті, Киелі тау деп есептеледі. Жер шарының энегетикалық өрісі осы Мұзтауда тоғысқан деген сенім бар. Ол энегетикалық өріс ғарышпен байланысты. Сол арқылы бұл аймаққа келген адамдарға Мұзтау қуат беріп, жан сарайын тазартады, денсаулығын түзейді. Осы себепті Мұзтау жер ананың кіндігі саналады.

Тестік есеп пен жауап парақтарын беру.

Тест тапсырмалары.

І деңгей.

1) Өрнекті ықшамда:

А)              В)                      С)                  Д)

  1. Бөлшекті қысқартыңдар.
  2. A)  В)                   С)              Д)
  3. Көбейтуді орындаңдар:

А)             В)              С)                Д)

  1. 4. Бөлуді орындаңдар:

А)             В)            С)                Д)

  1. 5. Өрнекті ықшамда:

А)          В)               C)              Д)

 

 

ІІ деңгей.

1)  Өрнекті ықшамда:

  1. A)  В)                С)                  Д)
  2. 2. Бөлшектерді қысқартыңдар:

А)            В)             С)            Д)

  1. Көбейтуді орындаңдар:

А)            В)             С)           Д)

  1. 4. Бөлуді орындаңдар:

А)            В)              С)           Д)

  1. 5. Өрнекті ықшамда:

А)             B)              С)                Д)

Тестік тапсырманы қорытындылау.

«5»  (1000) —  5 дұрыс болса

«4»  (500) —   4 дұрыс болса

«3»  (200)  —  3 дұрыс болса

Бағалау бетіне бағасын қою.

  1. Сабақты қорытындылау, бағалау. Рационал өрнектерді түрлендіру тақырыбының алдыңғы сыныптарда пайдалануы, ҰБТ да тесте болатыны туралы ескерту.
  2. Үйге тапсырма. IV тарау. §12-§15, 300 (1,2) ,  тест тапсырмаларын қарау.

 

Ә. Асқаровтың «Мұнар тауды, мұзарт шыңдарды аңсаймын» кітабы, Катонқарағай МҰТП материалдарын оқу