Үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейтудің және бір таңбалы санға бөлудің тәсілдері
Тақырыбы: «Үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейтудің және бір таңбалы санға бөлудің тәсілдері»
Мақсаты: Білімділік:үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. Есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға жаттықтыру. Бөлу, көбейту амалдарын меңгерту.
Дамытушылық:оқушылардың ақыл-ойын, ой өрісін, ойлау, танымдық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Достық қарым-қатынас, ұжымдық іс-әрекет тәрбиесін беру.
Сабақтың типі: Ғарышқа саяхат (презентация сабақ)
Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, суреттер, тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіз бе балалар.Көңіл күйлеріңіз қандай?
Психологиялық дайындылық.
Мен ақылдымын,
қиындықтан қорықпаймын
Мен жаспын, қандай әдемімін
Мен ұзақ өмір сүремін.
Менің қолымнан көптеген
жақсылық келеді.
Мен халқыма қызмет етемін.
Айға ұшамын, жерге қонамын.
Халқыма тыныштық тілеймін.
3.Топқа бөлену
Суреттер арқылы топқа бөлену
- Әңгімелесу.
-12 — сәуір 1961 ж. нені білдіреді?
— Ғарышкерлер деген кімдер?
— Әлемінде тұңғыш ғарышкер кім ?
-Еліміздің тұңғыш ғарышкелер кім?
-Саяхат жасауды ұнатамыз ба?
ІІ. Жаңа тақырыппен танысу.
-Бүгін біз ғарышқа саяхат жасаймыз, жол бойы аялдамаларға тоқтаймыз, ол қандай аялдама сөз жұмбақ арқылы білеміз.
- Жаңа тақырыпты түсіңдіру.
Ю.А. Гагарин –тұңғыш ғарышкер
1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып,
1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубақіров–
қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер
1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.
Талғат Амангельдіұлы Мұсабаев
Талғат Амангельдіұлы Мұсабаев–
қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері.
2.Математикалық диктант
Кім шапшаң?
3) 27 мен 3-тің бөліндісінен 4-ті азайт — Т
9) 6 мен 4-тің көбейтіндісінен 4-ті азайт.- Ы
7) 5 пен 3-тің көбейтіндісінен 5-ті азайт. — А
5) 5 пен 9-дың көбейтіндісінен 5-ті азайт.- Ң
8) 8 — бен 4-тің бөліндісіне 10-ды қос.-Л
10) 3 пен 9-дың көбейтіндісіне 3-ті қос. — С
2) 6 мен 5-тің көбейтіндісінен 5-ті азайт.- Ш
4) 36 мен 6-ның бөліндісіне 10-ды қос. – А
6 ) 24 пен 6-ның бөліндісін 10-ға көбейт. — Б
1) 15 пен 5-тің қосындысын 4-ке бөл. — Ү
11) 66 мен 11 бөліндісінен 4-ке көбейт – А
12) 25 пен 5-тің бөліндісіне 6-ны қос -Н
3.Көбейтудің орындалғанын ережесі
103 Бірінші көбейткіш -103
* 3 Екінші көбейткіш -3
309 Көбейтіндісінің мәні — 309
4.Бөлудің орындалғанын ережесі
3 0 9 3 Бөлінгіш -309
3 103 Бөлгіш -3
0 Бөліндінің мәні — 103
0
9
9
0
5.Жұмбақтарды шешу
1)Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (жұлдыздар)
2)Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн)
6.Ғарышқа ұшу
Қай топ есепті дұрыс шығарса,
Зымырамен ғарышқа ұшады
217*4 868:4
328*3 984:3
235*4 940:4
286*3 858:3
129*4 516:4
Сергіту сәті
Есептерді шығардық,
Өте шаршадық.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
Жерді айналып ұшу
Қай топ есепті жылдам шығарса,
Жерді зымырамен айналып ұшады.
Өрнектер бойынша есептер
құрастыр және шығар
404*2+203*2
402 тг 203 тг
Кім бірінші?
Теңдеулерді шешу:
600 — у= 25+63+10
х + 49 =65+345
28+х = 645-320
ІІІ. Қорытындылау
1.Бір-біріне тілек айту
Күндей күлімде! Гүлдей жайна!
Жұлдыздай жарқыра! Шын жүректен тілеймін!
- Бағалау
- Үй тапсырма беру
4.-Біз бүгін сабақта қандай тақырыпты өттік?
-Көбейту кезінде қалай сандарды жазу керек?
-Бөлу кезінде қалай сандарды орналыстыру керек?