Кері есептер
Сабақтың тақырыбы: Кері есептер
Сабақтың мақсаты:Берілген есеп бойынша кері есеп құру, шартын, сұрағын, шешуін, жауабын салыстыруға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Кері есеп құра отырып шартын, сұрағын, шешуін, жауабын салыстыра алады.
Бірін-бірі тыңдай отырып, бағалай алады.
Қолданылатын модульдер: Ой қозғау, диалогтық оқыту, ұжымдық оқыту
Стратегиялық іс-әрекет: «топтық жұмыс», «жеке жұмыс», «жұптық жұмыс», пәнаралық байланыс.
Уақыт өлшемі | Сабақ этаптары | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеттері | Ресурстар |
1 мин | Ұйымдастыру Сәлемдесу | Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу, түгендеу | Сәлемдеседі, жылы қабақты сезеді | |
2 мин | Психологиялық дайындық | Өлең шумақтарын оқушылар хормен айтады | Тақта
| |
2 мин | Топқа бөлу | Оқушылар түрлі-түсті қағаздарды таңдап, 3 топқа бөлінеді. Түстердің адам өмірімен байланысы туралы түсінік беріледі. Бағалау өлшемімен таныстырады. | Оқушылар топқа бөлініп отырады. Бағалау өлшемімен танысады. | Үш түсті қағаздар. Бағалау парақшалары. |
5 мин | «Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» | Берілген өрнектердің мәнінің дұрыс, бұрыстығын анықтайды. | Дәлелін келтіре отырып тура өрнекті шындыққа, тура емесін жалғанға жазады. | Өрнектер жазылған кесте |
5 мин | «Ой шақыру» | Ауызша есептер оқылады | Оқылған есептерге тез жауап береді. | |
10 мин | Негізгі бөлім: Кіріспе «Ақылдас, топтас, талқыла» | Жаңа тақырыпты хабарлап, кіріспе жасайды 1 топ: №1 есептің а) 2 топ: №1 есептің ә) 3 топ: №1 есепті б) | Топтасып пікірлесе отырып, өз ойларын еркін, дәл, анық түрде флипчартқа түсіріп қорғайды. Есептердің шартын, сұрағын, жауабын салыстырады. | Оқулық, суреттер, флипчарт, түрлі-түсті маркерлер |
1 мин | Сергіту | «Көңілді күн» | Би қимылдарын орындайды. | Бейнежазба |
7 мин
5 мин | Жеке жұмыс
«Жұбыңа әңгімеле» | Оқушыларға парақшаға жазылған тапсырмалар беріледі.
Сәйкестендіру тесті таратылады.
| Берілген тапсырманы дәптерлеріне орындайды, тақтада жазылған дұрыс жауап бойынша бір-бірін тексереді, бағалайды.
Меңзер бағыты арқылы дұрыс жауабын белгілейді. Жұптар тақтадағы жауап арқылы бір-бірін тексеріп, бағалайды.
| Парақшалар, бағалау бетшесі.
Тест, бағалау бетшесі.
|
2 мин | Қорытынды: | Сұрақтар қойылады.
| Сұрақтарға жауап береді | |
3 мин | Бағалау | Әр оқушы өзінің балын оқып, қорытындысын айтады. | Бағалау парақшалары. | |
2 мин | Рефлексия | Бүгінгі сабақ туралы ойларын білдіреді | Сабақтан алған әсерлерін жазады. |