Өтілген материалды бекіту
Пән: математика | 3- сынып | ||||
Сабақтың тақырыбы | Өтілген материалды бекіту | ||||
Мақсаты | 1.Әртүрлі шамалар арасындағы байланысқа берілген есептерді , теңдеу құрастыру және оны шешу, амалдардың орындалу реті және жақшалы өрнектерді шешу дағдыларын бекітеді. 2. Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын арттыру. 3. Жеке, және ұжымда бірлесе жұмыс істеуге, өз пікірімен бөлісіп, дәлелдеуге, өзгелердің ойымен санасуға тәрбиелеу. | ||||
Күтілетін нәтиже | Әртүрлі шамалар арасындағы байланысты анықтап, есептерді теңдеу құрастыру арқылы шешіп, амалдардың орындалу ретін анықтау арқылы жақшалы өрнектердің мәнін табу арқылы білімдері мен біліктіліктер арттырады. | ||||
Сабақта қолданылған модульдар | 1.Оқу мен оқытудағы жаңа тәсіл 2. Көшбасшылық 3. Оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру. 4. АКТ 5. Бағалау | ||||
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары | |||||
Мұғалім немен айналысады | Оқушылар немен айналысады | ||||
І. Ұйымдастыру . а) Тренинг «Өзіңді ата» Мақсаты:Өзін ұжымға, қатарластарына таныстыра білуге үйрету.
ә) Сыныпты 3топқа бөлу: 80 + 20 200-100 140-40 90 + 10 60 + 140 130+70 300 – 100 250 – 50 400 – 100 150+150 200 + 100 350 – 50 500 – 200
ІІ. Өткенді қайталау. 1. Көбейту кестесін тексеруге арналған тапсырма (2мин)
2. Өткен материалды тексеруге арналған тест (4 мин) Сілтеме 1. Слайд №1
Жауабы: слайд №1 ІІІ. Оқулықпен жұмыс: 133-бет №13.Ауызша берілген кестені толтырады Слайд №2
№14. Жұппен жұмыс 3 мин Слайд №3 Барқыт мата – 156 м 205 м Жібек мата – х м 156 + х = 205 х = 205 – 156 х = 49 Жауабы: 49 м
Сәбіз – 84 кг 120 кг Картоп – х кг 84 + х = 120 х = 120 – 84 х = 36 Жауабы: 36кг
Сергіту сәті: видеоролик 2мин
№15. Топпен жұмыс 3мин Слайд №5
№16. Логикалық тапсырма 2 мин Слайд №6
V.Рефлексия. 2 мин Білу. Түсіну. Қолдану
VІ. Бағалау Сабақ барысында әр тапсырма бойынша бағалау парақтарында бағаланып отырылады.
| Барысы: Балаларға өзін таныстыру ұсынылыды, өзінің атын атау, өзін үйінде, топта қалай атағанын айту ұсынылады.
Сынып оқушылары өрнектердің мәніне байланысты топтасады. І-топ: 100 ІІ-топ: 200 ІІІ-топ: 300
1.Карточкамен жұмыс
Оқушылар 4 нұсқа бойынша тест тапсырмасын орындап, өзін-өзі тексеру арқылы критерийлар бойынша бағалайды.
Мәтінді есепті талдай отырып тақтада орындату
Есептерді теңдеу құрастыру арқылы шешу:
1.3.5-жұп: Фабрикаға 205 м мата әкелінді. Оның ішінде 156м барқыт мата, бірнеше метр жібек мата бар. Фабрикаға неше метр жібек мата әкелінді? 2.4.6-жұп: Дүкенге 120 кг көкеніс әкелінді. Оның 84 килограмы сәбіз және бірнеше килограмм картоп. Дүкенге неше килограмм картоп әкелінген?
Теңдіктер тура болатындай етіп, жақшаларды орналастыр.
Сызбада неше тіктөртбұрыш бар екенін анықтау
Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, сабақ ұнаса көк түспен, немесе ұнамаса қызыл түсті стикерге жазып, шыршаны безендіреді.
Бағалау парақтарындағы бағалары бойынша қортынды баға шығарылады. | ||||
Дереккөздер және жабдықтар | АКТ, Математиканы оқыту әдістемесі Ә.Б. Ақпаева, Л.А.Лебедева, Есептер мен жаттығулар жинағы. | ||||
Үйге тапсырма | №17 134-бет | ||||
Сабақты бағалау | 1. Бағалау критерилары: «5» — қате жоқ «4» — 1 -3 қате «3» — 4- 6 қате «2» — 7 және одан көп | ||||
Сабақ бойынша өзгертулер | Сабақ барысына байланысты | ||||