Күрделірек санды өрнектер

Сабақтың тақырыбы: Күрделірек санды өрнектер.

Сабақтың мақсаты: Құрылымы күрделірек санды өрнектерді құрып, жазады және олардың мәнін табуды  үйренеді; есептеу дағдыларын арттырады.  Көбейту кестесі бойынша білімдерін автоматтандырады,  логикалық ойлау қабілеттерін дамыта түседі.  Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: ойын сабағы.

Қолданылған әдістер: жартылай-ізденіс, ізденіс, проблемалық оқыту, СТО стратегиялары  «ЖИГСО-1», «Дөңгелек үстел»

Сабақ барысы      

Ұйымдастыру.  

-Адам өз алдына биік мақсаттар қойып, соған жету үшін еңбек етеді. Бүгінгі сабақта Математика шыңына көтерілеміз.  Оған жету үшін төмендегідей мақсат-міндеттерді орындауымыз керек. (Сабақтың мақсат-міндеттерін  қойып, оқушылардың іс-әрекетіне бағыт-бағдар беру. )  (Слайд)

—  Әлемдегі ең биік  шың қалай аталады? Ол қайда орналасқан? (Джомолунгма, биіктігі 8863 км – Эверест, Гималаи тау жүйесінде орналасқан)

I белес.  Көркем жазу

1топ – 657 санын түрлендіріп, өсу ретімен жазу.

2топ – 492 санын түрлендіріп, кему ретімен жазу.

3топ – жүздігі, ондығы, бірлігі бірдей цифрларымен берілген үш таңбалы сандарды өсу ретімен жазу.

пердесін пайдалану)

II белес. «Допты ұста» ойыны арқылы көбейту кестесі бойынша білімдерін автоматтандыру.

III белес. Математикалық диктант.

  • Ең кіші 2 таңбалы сан мен 4-тің көбейтіндісінің мәні
  • Ең үлкен үш таңбалы саннан кейінгі сан
  • 18-дің жартысы
  • 8-дің төрттен бір бөлігі
  • 900-дің жүзге бөліндісі
  • 28-дің ширегі
  • Мен бір сан ойладым. Оның жартысын 2-ге көбейткенде 16 шықты. Мен қай сан ойладым?
  • Азайғыш 94, азайтқыш 24, айырманың мәні?

(Тақтада  берілген дұрыс жауаптары бойынша  жұпта бірін-бірі өзара тексеріп, бағалайды.  Слайд – актив тақта)

IV белес. Ойлан, тап.

  • Ішінде 5, 9, 3, 7 банандары бар тәрелкелерді бір үстелдегі банандар екіншідегіден 2 есе артық болатындай етіп, 2 үстелге қалай бөліп қоюға болады?
  • Екі натурал санныың қосындысының мәні 13-ке тең, ал көбейтіндісінің мәні 36-ға тең. Ол қандай сандар?
  • Бақаның қысқы ұйқысының ұзақтығы 4 ай. Жылдың қандай бөлігін бақа ұйқымен өткізеді?

 

(Осы уақытта үлгерімі  төмен оқушы карточка бойынша жұмыс орындайды)

Жаңа сабаққа дайындық

V белес.  -Берілген жазулардың ішінен санды өрнектерді теріп жаз, мәнін тап.

36-4*3                     а:8=4                             7*в

5*2  58-14               8*3= 6*4                        27: х = 9

30*2                        200 :10                           (12+8):2 +46

Санды өрнектердің құрылымы жағынан ерекшелігін байқа.

VI белес.  Оқулықпен жұмыс №1 – тақтада орындау.

VII белес.  ЖИГСО-1 стратегиясы бойынша  орындалады

Топта отырған оқушылар  №1  №2  №3 №4  №5  №6  деп нөмірленіп,  сәйкес үлестірмелі қағаздарға жазылған  күрделі санды өрнектерді жеке шығарады. Нөмірлер бойынша жеке топтар құрылып, бірін-бірі тексереді. Жанұя тобына оралып,  тапсырмасын талдап түсіндіреді.

VIII белес. «Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша жұмыс.

1 топ. Көбейтумен шығарылатын есеп құрастыру  —  3 кг    4 пакет

2 топ. Бөлумен шығарылатын есеп құрастыру  — 5 кг     40 кг

3 топ. Бөлумен шығарылатын есеп құрастыру  6 пакет   24 кг

1қадам — есеп құрастыру

2 қадам – басқа топтың құрастырған есебін тексеріп, қысқа шартын жазу

3қадам – басқа топтың құрастырған есебін,  қысқа шартын тексеріп, шешуін жазу

4 қадам – басқа топтың құрастырған есебін,  қысқа шартын, шешуін  тексеріп,  жауабын жазу

IX белес. №7 – тақтада жұмыс

X белес.   Қорытынды:  

Қай амал бір бірінші орындалатынын көрсет  — тест жұмысы

Алдымызға қойылған мақсат – міндеттер орындалды. Математика шыңына да жетіп,  туымызды  тігеміз.

Бағалау.  «Баспалдақ» әдісі  арқылы  өзін-өзі бағалайды.

Үйге тапсырма: №6, №11, 108 бет