Математика пәнінен бақылау, өздік жұмыстары 3-сынып
№ | Мұғалімнің аты-жөні | Туған жылы | Жұмыс орны | Өтілі | Санаты |
1 | Молдабекова Айнур Жуматаевна | 1975.24.05 | Николаевка орта мектебі. Есіл ауданы. | 20 жыл | бірінші |
Математика пәнінен бақылау, өздік жұмыстары 3-сынып І тоқсан
Мақсаттары:
Мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағды, машықтарын дамыту;
«Математика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімделуін бақылау;
Оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларының даму барысын зерттеу;
Меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан-жақты дайыңдығын тексеру;
Өтілген материалды есте сақтау, өмірде қолдана алуына ықпал жасау.
Міндеттері:
Оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
Математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейінде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
Өзіне деген сенімділік туғызу арқылы тапсырмаларды мұхият орындауға жағдай жасау;
Өз білімін көрсете алуын байқату.
Математикадан оқу жылы басындағы бақылау жұмысы
Тақырыбы:1000 көлеміндегі сандар нумерациясы.
Мақсаты:2-ші сынып бойынша мемлекеттік білім стандарты деңгейінде білім, білік дағдыларын тексеру.1000көлемінде есеп жүргізу, ауызша жәнежазбаша есептеу, өрнектерді салыстыру, құрама есептерді шешу, теңдеу шешу дағдыларын тексеру.
Білу:
- 1000 көлемінде қосу, азайту:
- Жай есептер туралы, шешу барысы және олардың құрамы, есепті шығрудың әртүрлі тәсілдері туралы түсініктерінің болуы;
- Шамалар, өлшем бірліктер, олардың қатынасын;
Қолдану:
- Баған түрінде қосу мен азайту;
- Күрделі теңдеуді қысқарта отыра шешу;
- Геометриялық фигураларды салуда қарындаш пен сызғышты қолдана алу.
Тапсырмалардың мазмұны мен қызмет түрлеріне бөлінуі
Мазмұндық шегі | Білімді қалыптастыру | Білімді қолдану | Білімді интеграциялау | Пайыздық көрсеткіштер |
1.Екі, үш таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайту | ||||
2. Сөзді есепті шығару | ||||
3. Теңдеудішешу | ||||
4. Салыстыру | ||||
5.Төртбұрыш сызу,периметрін табу | ||||
Барлығы |
І-нұсқа
1 нұсқа | 2 нұсқа |
1.Баған түрінде жазып, есепте. | |
46+24 300+200 700-400 89-35 450+256 1000-452 | 76+23 400-200 500+100 94-24 325+134 1000-763 |
2.Есепті шығар. | |
Асханаға 83 кг сәбіз, ал одан 16 кг артық қызылша әкелінді. Асханаға барлығы қанша килограмм көкөніс әкелінді? | Дүкенге 64 кг алма, ал одан 23 кг артық алмұрт әкелінді. Дүкенге барлығы қанша килограмм жеміс әкелінді? |
3.Теңдеулерді шеш. | |
700-х=178+212 а+125=471-68 | 865-х=210+235 а+164=785-152 |
4.Салыстыру. | |
632 см * 6м 3 дм 95-26 * 97-26 2 м 8 см * 2 м 8 дм 48+36 * 49+36 | 356 см * 3м 5 дм 86-15 * 87-15 3 м 5 см * 3 м 5 дм 38+16 * 39+16 |
5.Фигура сыз, периметрін тап. | |
Тіктөртбұрыштың қабырғалары 8см және 4 см. Оның периметрін тап. | Тіктөртбұрыштың қабырғалары 7 см және 3см. Оның периметрін тап. |
6*Логикалық тапсырма. | |
Балабақшада Ақнұр, Бақыт, Айжан, Нұрлан және Жанат болды.Олардың әрқайсысында бір жұптан қолғап болса, оларда барлығы неше қолғап бар? | Шелек пен себеттің әрқайсысында 10 алмадан бар. Шелектен себетке 2 алма алып салынды. Шелекке қарағанда себетте неше алма артық болды? |
ІІ-нұсқа
1 нұсқа | 2 нұсқа |
1.Баған түрінде жазып, есепте. | |
56+31 300 — 200400 + 400 75-44 356 + 4781000 — 325 | 66+32 800-300 615+385 57-16100+600 1000-443 |
2.Есепті шығар. | |
Цирк кассасында үш күнде 480 билет сатылды. Бірінші күні 120 билет, екінші күні 140 билет сатылды. Үшінші күні неше билет сатылды? | Айжан үш күнде кітаптың 356 бетін оқыды. Бірінші күні ол 115 бетін, екінші күні 126 бетін оқыды. Үшінші күні кітаптың неше бетін оқыды? |
3.Теңдеулерді шеш. | |
800-х=1000–600 а-200=450+50 | 900-х=330+70 а+105=1000-500 |
4.Салыстыру. | |
721 см * 7 м 1 дм3 м9см*3м9 дм 92-27*94-2748 + 46 * 49 + 46 | 815 см * 8 м 5 дм 5 м 5 см * 5 м 5 дм 85-42 * 84-24 56+31 * 55+31 |
5.Фигура сыз, периметрін тап. | |
Тіктөртбұрыштың қабырғалары 6 см және 2 см. Оның периметрін тап. | Тіктөртбұрыштың қабырғалары 9 см және 4 см. Оның периметрін тап. |
6*Логикалық тапсырма. | |
Бақытқа барлық достарына 2 кәмпиттен тарату үшін 4 кәмпит жетпейді. Егерде онда 8 конфеті болса, Бақыттың неше досы бар? | Марат 6-шы қабатта тұрады, ал Жанат 3-ші қабатта тұрады. Егер Мараттың үйіне дейін 60 баспалдақ болса, Жанаттың үйіне дейін неше баспалдақ бар? |
Математикадан бақылау жұмысы №1.
Тақырыбы: Көбейту және бөлу.
Мақсаты: көбейту мен бөлудің өзара байланысының мәнін ашатын өрнектердің мәнін таба білудағдыларын жетілдіру, жақшалы және жақшасыз өрнектерді есептей алу,1 және 0 сандарымен көбейту және бөлу амалдары туралы білімдерін бекіту.
Білу:
- Жазбаша кестелік көбейту және бөлу тәсілдері;
- Жақша арқылы берілген жай есептердің негізгі түрлерін шығару;
- Құрылымы күрделі теңдеуді шешу.
Қолдану:
- Кестелік көбейту және бөлу амалдарын қолдану;
- Амалдар таңбасын дұрыс қоя білу.
- Фигураны сызып, оның периметрін тауып , жауабын (мм) өрнектеу.
Тапсырмалардың мазмұны мен қызмет түрлеріне бөлінуі
Мазмұндық шегі | Білімді қалыптастыру | Білімді қолдану | Білімді интеграциялау | Пайыздық көрсеткіштер |
1.Екі, үш таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайту, бір таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту, бөлу | ||||
2. Сөзді есепті шығару | ||||
3. Теңдеудішешу | ||||
4. Фигураның периметрін табу | ||||
5.Амалдар таңбасы | ||||
Жалпы %қатынасы |
І-нұсқа
1 нұсқа | 2 нұсқа |
1. Есепте. | |
250-50+120 800-(350-300) 7∙1 19:19 560+200-160 200+(370+30) 0∙6 0:12 | 250-50+120 (800-350)-300 8∙1 15:15 560+200-160 (200+370)+30 0∙7 0:16
|
2.Есепті шығар. | |
Тігін фабрикасына 165 м жібек мата және 145 м жүн мата әкелінді.Оның 218 метрі пайдаланылды. Тігін фабрикасында қанша метр мата қалды? | Баспаханашыға 360 оқулық түптеп шығару керек болды. Ол 98 математика, 84 қазақ тілі оқулығын түптеді. Түптелмеген қанша оқулық қалды? |
3.Теңдеулерді шеш. | |
45+х=255-140 х-98=312+317 | 595-х=114+216 х+120=900-540 |
4.Шаршы сал, периметрін тап, жауабын (мм) өрнекте. | |
Қабырғалары 4 см болатын шаршы сал, периметрін тап, жауабын миллиметрмен өрнекте. | Қабырғалары 6 см болатын шаршы сал, периметрін тап, жауабын миллиметрмен өрнекте. |
5. Амалдар таңбасын қой. | |
9 120 = 29 0817 = 17 | 81 16 = 24 03 12 = 12 |
6*Логикалық тапсырма. | |
Себеттегі алмалар саны екі таңбалы санға тең. Алмаларды екі, үш немесе бес балаға тең бөліп беруге болады. Себетте неше алма бар? | 10 велосипедтің 27 доңғалағы бар. Олардың нешеуі екі доңғалақты және нешеуі үш доңғалақты велосипед? |
ІІ-нұсқа
1 нұсқа | 2 нұсқа |
1.Есепте. | |
219+(589-130) (678+98)-517 7∙1 53∙1 0:22 24:24 | 300-(859-414) 218+(326-92) 6∙1 45∙1 0:18 36:36 |
2.Есепті шығар: | |
Айжан бірінші күні 45 бет, ал екінші күні одан 9 бет кем оқыды. Айжан екі күнде неше бет оқыды? | Талғат бірінші күні 55 өрнек, ал екінші күні одан 6өрнек артық шығарды. Талғат екі күнде неше өрнек шығарды? |
3.Теңдеулерді шеш: | |
х-254=456 150+х=1000-540 | х-186=358 245+х=1000-465 |
4.Фигуралар сыз, периметрін тап. | |
а) қабырғалары 2см және 5см тіктөртбұрыш ә) қабырғалары 1 см 5 мм шаршы. | а) қабырғалары 3см және 6см тіктөртбұрыш ә) қабырғалары 2 см 5 мм шаршы. |
5.Амалдар таңбасын қой. | |
400(32525)= 50 152(89111)= 352 | 400(32525)= 50 152(89111)= 352 |
6*Логикалық тапсырма. | |
Мен анам, әкем, атам, әжем және қарындасыммен тұрамын. Олардың әрқайсысында бір жұп аяқ киім болуы үшін, барлығы неше аяқ киім қажет/ | Қайрат пен Талғат сурет салды. Олардың бірі тікұшақ пен ұшақты екіншісі машина мен кемені салды. Талғат кемені салды. Қайрат қай суретті салды. |
Математикадан бақылау жұмысы №2.
Тақырыбы: Құрама есептер мен теңдеулер.
Мақсаты: бірнеше есе артық (кем) сандарды табуға берілген есептердішығару, есептің шартын дұрыс құрастыру, жақшалы және жақшасыз өрнектерді есептеу, тіктөртбұрыш салу және оның периметрін есептеу, 2-5 сандарымен кестелік көбейту және бөлу дағдыларының қалыптасу деңгейін,білім деңгейін анықтау.
Білу:
- Жазбаша кестелік көбейту және бөлу тәсілдері;
- Бөлу амалына берілген есептердің түрлерін шығару;
- Көбейту және бөлу амалына байланысты теңдеуді шешу.
Қолдану:
- Кестелік көбейту және бөлу амалдарын қолдану;
- Шамаларды өлшем бірліктерінің бірінен басқа түріне өрнектей алу;
- Фигураны сызып, оның периметрін және ауданын табу.
Тапсырмалардың мазмұны мен қызмет түрлеріне бөлінуі
Мазмұндық шегі | Білімді қалыптастыру | Білімді қолдану | Білімді интеграциялау | Пайыздық көрсеткіштер |
1.Өрнектердің мәнін тап | ||||
2. Сөзді есепті шығару | ||||
3. Теңдеудішешу | ||||
4. Фигураның периметрін, ауданын табу | ||||
5.Өлшем бірліктері, шамалар | ||||
Жалпы %қатынасы |
І-нұсқа
1 нұсқа | 2 нұсқа |
1.Есепте: | |
35:5 9∙3 (4∙3) + (8∙3) 7∙4 24:4 60+(9:9) | 45:5 8∙3 (3∙3) + (9∙3) 6∙4 32:4 40+(3:3) |
2.Есепті шығар. | |
21 кг тосапты бірдей 7 ыдысқа бөліп, құйды. 18 кг тосапты бөліп құю үшін осындай неше ыдыс қажет болады? | 28 банка кофе 7 қорапқа тең бөлініп салынды 36 банка кофені тең бөліп, салу үшін осындай неше қорап қажет болды? |
3.Теңдеуді шеш. | |
х∙3 =20+4 6:х=9:3 х:4=185-179 | х∙4 =20+88:х=10:5 х:3=171-162 |
4.Фигура сыз, периметрін, ауданын тап. | |
Тіктөртбұрыш сал, оның бір қабырғасы 2 см, ал екінші қабырғасы 4 есе артық. Периметрін және ауданын тап. | Тіктөртбұрыш сал, оның бір қабырғасы 3 см, ал екінші қабырғасы 2 есе артық. Периметрін және ауданын тап. |
5.Шамаларды салыстыру «>», «<», «=». | |
70 дм * 70 см 450 см * 405 см 50 дм = □ см 500 см = □ м 8∙2 * 8+8+8+8 2∙5 * 5∙2 | 50 дм * 50 см 370 см * 307 см 70 дм = □ см 200 см = □ м 6∙2 * 6+6+6+6 4∙5 * 5∙4 |
6*Логикалық тапсырма. | |
Түйе палуан 100 кг жүк көтере алады. Егер 1 литр сынаптың массасы 13 кг болса, ол ішіне сынап толтырған 8 литрлік ыдысты көтере ала ма? | Ыдыстағы лимондар мен апельсиндер саны 3-еу, ал апельсиндер мен мандариндер саны 5- еу. Ыдыста неше лимон, неше апельсин және неше мандарин бар? |
ІІ-нұсқа
1 нұсқа | 2 нұсқа | |
1.Есепте. | ||
2∙4 3∙3 (4∙5)-12 40:8 36:9 (45:9)+25 | 2∙6 4∙4 (6∙5)-18 35:7 32:8 (54:9)+33 | |
2.Есепті шығар. | ||
Асханаға 20 кг-нан 3 себет қияр және массасы 30 кг бір жәшік қызанақ әкелінді. Асханаға барлығы қанша килограмм жеміс әкелінді? | Кітапханаға 15 әдеби кітаптан 3 бума және 55 балалар кітабын әкелді. Кітапханаға барлығы неше кітап әкелінді? | |
3.Теңдеуді шеш. | ||
32:х=4 а-254=700 380-с=330-175 | 5∙х=40 99-а=51 с-64=34+152 | |
4.Фигура сыз, ауданын тап. | ||
Қабырғаларының ұзындығы 5 см және 2см болатын тік төртбұрыштың ауданын тап. | Қабырғасының ұзындығы 6 см-ге тең шаршының ауданын тап. | |
5.Шамаларды салыстыру «>», «<», «=». | ||
6 дм 8 см * 60 см 1 м * 80 см 11 кг + 30 кг * 90 кг – 60 кг 5 дм * 5 см | 52 см * 5 дм 1 см 10 дм * 1 м 31 кг – 19 кг * 15 кг – 7 кг 6 дм * 6 см | |
6*Логикалық тапсырма. | ||
Салтанаттан: Сендердің сыныптарыңда неше озат оқушы бар?—деп сұрағанда, ол былай деп жауап береді: -Егер ең үлкен үш таңбалы саннан ең .үлкен екі таңбалы санды шегерсе және нәтижені ең кіші үш таңбалы санға бөлсе, сонда озат оқушылардың саны шығады. Сыныпта неше озат оқушы болған? | Шахтада лифт алдымен 115 м жердің астына түсті,содан соң 37 м жоғары көтерілді. Бұдан кейін тағы 17 метр төмен түсіп, 19 метр жоғары көтерілді. Соңында лифт қандай тереңдікте болды? | |
Өзіндік жұмыстар 3-сынып І тоқсан.
Мақсаттары:
Математиканың алғашқы курсының әртүрлі сұрақтарының арасындағы өзара байланыстыөз бетінше жұмыс жасату;
Оқушылардың орындайтын іс- әрекетінің санын арттыру;
Есептеу және ойлау дағдыларының машықтарын дамыту;
Меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан-жақтылыққа даярлау;
Жалпылау және басқа да әдістерді пайдалану.
Міндеттері
Оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
Математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейінде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;
Өзіне деген сенімділік туғызу арқылы тапсырмаларды мұқият орындауға жағдай жасау;
Өз білімін көрсете алуын байқату.
Математикадан өзіндік жұмыс №1
Тақырыбы: Өткенді қайталау.
Мақсаты: Өткен тақырып бойынша білім, білік дағдыларын тексеру.1000көлемінде есеп жүргізу, ауызша жәнежазбаша есептеу, өрнектерді салыстыру, құрама есептерді шешу, теңдеу шешу дағдыларын тексеру.
Білу:
- Жазбаша қосу және азайту тәсілдері;
- Жай және құрама есептер туралы, шешу барысы және есепті шығару тәсілдері туралы түсініктерінің болуы;
- Теңдеуді шешу.
Қолдану:
- Бірнеше амалдан тұратын сөзді есептерді шығара білу
- Өрнектерді салыстыра алу;
- Фигураны сызып, оның периметрін табу.
Тапсырмалардың мазмұны мен қызмет түрлеріне бөлінуі
Мазмұндық шегі | Білімді қалыптастыру | Білімді қолдану | Білімді интеграциялау | Пайыздық көрсеткіштер |
1.Амалдарды орында | ||||
2. Сөзді есепті шығару | ||||
3. Теңдеудішешу | ||||
4.Өрнектерді салыстыру | ||||
5.Фигураның периметрін табу | ||||
Жалпы %қатынасы |
Тапсырмалардың мазмұны мен қызмет түрлеріне бөлінуі
І-нұсқа
1.Амалдарды орында. |
881-693 251+464 280+30-50 1000-547 586+212 860-(130+70) |
2.Есепті шығар. |
Үш кітапта 926 бет бар. Бірінші кітапта 305 бет бар, екінші кітапта бірінші кітапқа қарағанда 35 бет кем. Үшінші кітапта неше бет бар. |
3. Теңдеулерді шеш. |
а-400=180 520+х=1000 |
4.Өрнектерді салыстыр. |
886*450+390 1000-274*426+439 |
5.Фигура сыз, периметрін тап. |
Ұзындығы 6 см, ені 3см тік төртбұрыш сыз. Оның периметрін тап. |
ІІ-нұсқа
1.Амалдарды орында. |
785-295 800-623 (170+780)-540 579+239 585+289 1000-(680+90) |
2.Есепті шығар: |
Гүлзарға 155 көшет райхангүлі отырғызылды. Оның 85-і қызыл түсті, ал қалғаны сары түсті.Қай көшет артық және неше көшет артық отырғызылды? |
3.Құрылымы күрделі теңдеуді шеш. |
952-х=120+325 а-750=1000-920 78+х=125+68 |
4.Өрнектерді салыстыр. |
45+45*45+54 56-42*56-24 31+8*31+80 |
5. Фигура сыз, периметрін тап. |
Қабырғасы 6 см шаршының периметрін тап. |
Математикадан өзіндік жұмыс №2
Тақырыбы: 4-ке дейінгі кестелік көбейту.
Мақсаты: 4-ке дейінгі кестелік көбейту және бөлу жайлы алған білімдерін тексеру, тиянақтау. Оқушылардың білім, білік дағдыларын анықтау. Қатесіз , тиянақты орындауға үйрету.
Білу:
- Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдері;
- Есептерді шешу барысы және есепті шығару тәсілдері туралы түсініктерінің болуы;
- Көбейтуді қосумен алмастыру;
Қолдану:
- Көбейту амалынан тұратын сөзді есептерді шығара білу;
- Шамалармен өрнектеуді;
- Фигураны сызып, оның периметрін табу.
Тапсырмалардың мазмұны мен қызмет түрлеріне бөлінуі
Мазмұндық шегі | Білімді қалыптастыру | Білімді қолдану | Білімді интеграциялау | Пайыздық көрсеткіштер |
1.Амалдарды орында | ||||
2. Сөзді есепті шығару | ||||
3. Теңдеудішешу | ||||
4.Өрнектерді салыстыру | ||||
5.Фигураның периметрін табу | ||||
Жалпы %қатынасы |
І-нұсқа
1. Қосындымен алмастыр және мәнін тап. |
8∙26∙3 5∙2 |
2. Амалдарды баған түрінде орында және тексер. |
327+206 636+258 340-228 732-308 |
3. Есепті шығар. |
Шапанға 7м мата жұмсалды.Осындай 3 шапанға неше метр мата жұмсалады? |
4. Сантиметрмен өрнекте. |
4 м 29 см = см 3 м 7 см = см 5 м 42 см = см 8 м 6 см = см |
5. Теңдеуді шеш. |
х:4=7 а∙х 8=24 |
6. Фигуралар сыз. |
4 см кезінді сыз және одан 3 есе артық кесінді сыз. |
ІІ-нұсқа
1.Есепте. |
15:5 9∙3-7∙2 10:(35-30)+18 4∙3 12:6+18:2 (21:3)+9∙0 |
2. Есепті шығар және оған кері есеп құрастыр. |
Бір қорапта 6 қарындаш, ал екіншісінде одан 2 есе қарындаш артық. Екінші қорапта қанша қарындаш бар? |
3.Салыстыру. |
315-300*5∙3 15:5*16:8 9∙3*45-29 14:2*4∙2 21:3*3∙3 80-56*20∙1 |
4.Теңдеуді шеш. |
х:2=9 14:у=2 а∙5=10 9∙х=27 |
5. Фигураның ауданын, периметрін тап. |
Ені 2 см-ге тең, ұзындығы 3 см тең тіктөртбұрыш сыз. |
Математикадан тест тапсырмасы №1. 3 сынып
1.Дүкенге 280 литр сүт әкелінді. Оның 30 литрі балабақшаға жіберілді және 3 литрлік 8 құмыра сүт сатылды.Дүкенде неше литр сүт қалды?
А) 86 л В) 226 л С ) 186 л D) 189 л
2.Тік төртбұрыштың ұзындығы 9см, ені одан 3 см қысқа. Периметрін тап .
А) 18 см В) 15 см С ) 30 см D) 6 см
3.Теңдеуді шеш: х — 78 = 12
А) 90 В) 66 С ) 78 D) 98
4.Өрнектің мәнін тап. (26-17) ∙(2+2)
А) 6 В) 9 С ) 36 D) 17
- Ең кіші екі таңбалы санды тап.
А) 10 В) 0 С ) 1 D) 99
- 10 тоннада неше центнер бар?
А) 100 ц В) 10 ц С ) 10000 ц D) 1000 ц
- Қарындасы 8 жаста және ол ағасынан 3 жас кіші.Ағасы неше жаста?
А) 9 В) 24 С) 11 D) 10
- Қай қосындыларды көбейтумен алмастыруға болатынын белгіле.
А) 1+11+111 В) 17+27+12 С) 7+8+9 D) 2+2+2
- Бос шаршыны толтыр:
800 бірл = □ жүзд
10.Минутпен өрнекте: 2 сағ 15 мин
А) 135 мин В) 75 мин С) 120 мин D) 240 мин
- Қосылғыштардың орнын ауыстырғанда қосындысы…
А) ұлғаяды В) өзгермейді С) азаяды D) білмеймін
- Самат пен Арман-құрдастар. Егер Арман 10-да болса, Саматтың жасын тап.
А) 5 жаста В) 7 жаста С) 10 жаста D) 8 жаста
- Санды разрядттық қосылғыштарға жікте: 358
А) 30+50+8 В) 300+50+8 С) 3+50+8 D) 300+5+8
- Шаршының қабырғасы 4 м-ге тең. Шаршының ауданын тап.
А) 25 дм² В) 16м² С) 5 м² D) 25см²
15.Дұрыс жауапты тап: 4∙4-8+3
А) 16 В) 8 С) 11 D) 5.
3 сынып Математикадан тест тапсырмасы №1. (кілті)
1.Дүкенге 280 литр сүт әкелінді. Оның 30 литрі балабақшаға жіберілді және 3 литрлік 8 құмыра сүт сатылды.Дүкенде неше литр сүт қалды?
А) 86 л В) 226 л С ) 186 л D) 189 л
2.Тік төртбұрыштың ұзындығы 9см, ені одан 3 см қысқа. Периметрін тап .
А) 18 см В) 15 смС ) 30 см D) 6 см
3.Теңдеуді шеш: х — 78 = 12
А) 90 В) 66 С ) 78 D) 98
4.Өрнектің мәнін тап. (26-17) . (2+2)
А) 6 В) 9 С ) 36 D) 17
- Ең кіші екі таңбалы санды тап.
А) 10 В) 0 С ) 1 D) 99
- 1 тоннада неше центнер бар?
А) 100 ц В) 10 ц С ) 10000 ц D) 1000 ц
- Қарындасы 8 жаста және ол ағасынан 3 жас кіші.Ағасы неше жаста?
А) 9 В) 24 С) 11 D) 10
- Қай қосындыларды көбейтумен алмастыруға болатынын белгіле.
А) 1+11+111 В) 17+27+12 С) 7+8+9 D) 2+2+2
- Бос шаршыны толтыр:
800 бірл = 8 жүзд
10.Минутпен өрнекте: 2 сағ 15 мин
А) 135 мин В) 75 мин С) 120 мин D) 240 мин
- Қосылғыштардың орнын ауыстырғанда қосындысы…
А) ұлғаяды В) өзгермейді С) азаяды D) білмеймін
- Самат пен Арман-құрдастар. Егер Арман 10-да болса, Саматтың жасын тап.
А) 5 жаста В) 7 жаста С) 10 жастаD) 8 жаста
- Санды разрядттық қосылғыштарға жікте: 358
А) 30+50+8 В) 300+50+8 С) 3+50+8 D) 300+5+8
- Шаршының қабырғасы 4 м-ге тең. Шаршының ауданын тап.
А) 25 дм² В) 16м² С) 5 м² D) 25см²
- Дұрыс жауапты тап: 4∙4-8+3
А) 16 В) 8 С) 11D) 5.