0 саны және цифры
Пән: математика
Сабақтың тақырыбы: «0 саны және цифры»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 0 санының мағынасын , пайда болуын, қатардағы орнымен таныстыру.
Дамытушылық: Теңдік , теңсіздік таңбаларын дұрыс пайдалана білу іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың типі:дәстүрлі
Сабақтың көрнекілігі:презентация,таңбалар, цифрлар,суреттер,
Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,пікірталас,
Пән-аралық байланыс: ритмика
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
— Балалар, бәріміз қонақтармен амандасайық.
— Саламатсыздар ма.
Психологиялық дайындық
— Ал, енді балалар бір – бірімізге жылуымызды жіберейік.
— Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы күн!
Қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін.
Бір — бірімізге күннің жылуын үрейік.
— Қане, отырамыз. Бүгінгі Сауат ашу сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырманы тексеру, сұрау
№1 дәптердегі өрнектердің шешуін тексеру.
1+1=2 1=1 2=2
1+0=1 2>1 0<1
Өткен сабақтан алған білімін тексеру
-2 санын қалай шығарып алдық. Саны неше бірліктен тұрады? 2>1 1<2 2=2 1=1
Мақсат қою
тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жаңа сабақ
а) Түсіндіру. -2 дәптер бар еді 2 оқушыға бердік
Дәптер қалды ма? 2-2=0
3) 3 алманы 3 оқушыға бере салсақ, неше алма қалады? 2-2=0 3-3=0 1-1=0
Оқулықпен жұмыс:
1)1-1=0 2) 0+1=1 2+0=2
1-2 сурет бойынша 1+1, 2-1 жазуын түсіндіру.
3) 0санымен 1,2 санын салыстыру. Теңсіздіктерді дұрыс оқып үйрену.
2>0 0=0 0<1
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.(отыру)
Дәптермен жұмыс
№1 математика дәптерлерімізді ашамыз.23 бет
-1-ші суретке қажет санды сәйкестендіру.
-«0» цифрын ауада жазу
-0 цифрын бастырып жазу
-0 цифрымн байланысты өрнекер мен теңсіздіктерді шығарамыз
Қорытынды
Сандар қатарында 0 нешінші орында тұрады.?
Бүгін біз сендермен <, >, = таңбаларын қандай жағдайда пайдаландық?
Қандай санмен таныстық?
Үй тапсырмасы
№2 математикадан қосымша дәптердегі тапсырма
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау