Кестелік қосу және азайту. Ондықтарды қосу және азайту
Пәні: математика
Сыныбы: 1
Мерзімі: 12.05.2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: Кестелік қосу және азайту. Ондықтарды қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 1. Ондықтардың ретін және оларды қосу мен
азайтуды қайталау.
- Есептеу қабілетін, ой-өрісін дамыту.
- Ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе сандар,таңбалар.
Оқыту әдісі: ойын,ұжымдық жұмыс,оқулықпен жұмыс,карточкамен жұмыс.
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың мазмұны.
- Ұйымдастыру: психологиялық ынталандыру.
- Үй тапсырмасын тексеру.
III. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау,күн ретін анықтау.
IV.Жаңа сабақты негізгі кезеңіне дайындау. Тақырып бойынша
сандар қатарын,екі таңбалы сандарды, олардың жазылу ретін қайталау. Дидактикалық ойын «Ойлан, тап!»
V.Дәптерде жұмыс: күн ретін жаздыру.
Арифметикалық диктант жазу:
- Ең кіші бір таңбалы санды жаз.
- Ең үлкен бір таңбалы санды жаз.
- Ең кіші екі таңбалы санды жаз.
- Ең үлкен екі таңбалы санды жаз.
- 20-дан кейінгі ондықты жаз.
- 50-ден кейінгі ондықты жаз.
- 70-тің алдындағы ондықты жаз.
- 40-тың алдындағы ондықты жаз.
VI.Оқулықпен жұмыс.
Бос торкөзді ондықтармен толықтыру: ауызша, ұжымдық жұмыс.
Амалдарды орындау.
4+2 6-4 40+20
6-2 60-40 60-20
6дм-2дм 4дм+2дм 6дм-4дм
60см-20см 40см+20см 60см-40см
VII.Сергіту сәті.
Өрнектердің мәнін табу.
20+30 40+30 50+20 60+30
30+20 30+40 20+50 30+60
50-20 70-30 70-20 90-30
50-30 70-20 70-50 90-60
VIII. Білімді бекіту. Өзіндік жұмыс.
5 және 4 сандарын пайдаланып және қосу амалына есеп құрастыру.
Ұзындықтары 9 см және 1 дм кесінділер сызу.
ІХ. Сабақты қорытындылау. Біз бүгінгі сабақта не істеуді үйрендік?
Х. Үйге тапсырма: 190-бет№2