7-ні қосу және азайту

Сабақтың тақырыбы: 7-ні қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:-ні қосу және азайтудың үлгісін таныстыру,кестелік

есептерге машықтандыру.

2.Дамытушылық: Ауызша есептеу дағдыларын

қалыптастырып,танымдық және логикалық  ойлау қабілеттерін

дамыту.

3.Тәрбиелік: Халықтық педагогика негізінде адамгершілікке,

білімділікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын.

Сабақтың көрнекілігі: асықтар,қоржын,есеп шарты,күн бейнесі.

 

Сабақтың барысы: 1)Ұйымдастыру бөлімі.

Өткенді қайталау

Тақтада дайындалған карточкалар ілулі тұр. Сандар ретімен оның астында буындар жазылған.Оұушылар сан тізбегін жаза отырып, келесі жолға сан ретіне сәйкес жазылған буындарды жазып шығуы тиіс.Нәтижесінде бүгінгі өтетін жаңа тақырыпқа байланысты тәрбиелік санамақ шықпақ.Үлгі: Жеті деген жігер,жетер жолын білер.

 

 

ЖЕ                                 ДЕ                                    ГЕР                                ЖО

    0                                     1                                         5                                      8

 

 

ТІ                                     ЖІ                                       ТЕР                               БІЛЕР

1                                         4                                            7                                      10

 

 

 

ГЕН                                  ЖЕ                                      ЛЫН

  3                                         6                                             9

 

2.Өткен материалды  Бәйге  ойынымен пысықтау.

Қоржыннан алынған асықтарда жазылған сұрақтарға жауап беру.

1.Қосудың ауыстырымдылық қасиетінің ережесі.

2.Қосудың компоненттерін ата.

3.Айырманың компоненттерін ата.

4.Кері сана.

5.Кесіндінің өлшем бірлігін ата.

6.10 неше таңбалы сан.

7.4 санының құрамын айт.

2)Жаңа сабақ

-Біз бүгінгі сабағымызда санға 7-ні қосуды және саннан 7-ні азайтуды өтеміз.

1.7 санын бір жолға толтыру.

2.Фигуралар арқылы санға 7-ні қосу мен азайтуды түсіндіру.

3.7 санының құрамын сұрау.

  1. 7 санының киелі сан екенін айтып,қазақ халқының тіршілігінде көптеген ұғымдардың 7 санымен байланысты екенін айту.(7ата,7 қазына,7 күн,7 шелпек,7 жұт)
  2. Жеті ата тапсырмасы.

Әр адамның өзінен бастап арғы ата-бабаларының есімдерін білуі жеті атаны білу деген сөз.Ондай адамды Жеті атасын білген ұл,жеті жұрттың қамын жер  деп дана  ,білімді адам деп есептеген. Керісінше білмегендерді Жеті атасын білмейтін жетесіз деп айыптаған.Жеті ата мынадай ретпен құралған.

1.ата

2.әке

3.немере

4.шөбере

5.немене

6.шөпшек

7.туажат

Оқулықтағы 1-тапсырманы орындату.

  1. Жеті қазына тапсырмасы.

Ертеде халқымыздың ұғымында 7 нәрсені ең маңызды,қажет деп түсінген.Оларды 7 қазына деп атаған.Енді 7 қазынаны атап өтелік:

1.ер жігіт

2.сұлу әйел

3.оқу,білім

4.жүйрік ат

5.берен мылтық

6.құмай тазы

7.қыран бүркіт

Жеті қазына тапсырмасы № 2 есеп

3.Халқымыз аптадағы 7 күнді былай атаған:

1.Дүйсенбі

2.Сейсенбі

3.Сәрсенбі

4.Бейсенбі

5.Жұма

6.Сенбі

7.Жексенбі

4Жеті күннің тапсырмасы № 3 есеп Шартына қарап есеп құрастыру

Сергіту сәті  Есеп сабағы әні.

Аптаның 5-күні қасиетті күн,яғни ол күні 7 шелпек пісіріп,құран оқыған.

Жеті шелпектің тапсырмасы № 4 есеп

5Жеті жұт. Халқымыз адам өміріне қауіпті табиғаттағы апаттарды да 7-ге бөліп,жеті жұт деп атаған.

1.құрғақшылық

2.жұт

3.өрт

4.соғыс

5.оба

6.топан су

7.зілзала

Жеті жұттың тапсырмасы № 5 есеп

Жаңа сабақты бекіту.

Міне,балалар,біз жеті деген жігер,жетер жолын білер санамағы арқылы бірлесе отырыпөз мақсатымызға жеттік.7-ге байланысты жеті ғалам,жеті жоқ,жеті жетім,жеті керемет,жеті мшел сияқты ұғымдары бар. Олармен жоғары сыныптарда танысамыз.

Үйге тапсырма беру.Бағалау