Жазбаша көбейту және бөлу

Сабақтың  тақырыбы :  Жазбаша көбейту және бөлу.
Мақсаты: 1.Жазбаша көбейту және бөлуден алған білімдерін бекіту, тиянақтау.

2.Оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

  1. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тарауынан алған білім-икемділіктерін іске асыра білуге дағдыландыру.

       Типі:                  Білімді бекіту.

       Әдісі:                 Топпен жұмыс.

       Көрнекілігі:     Ақпараттық құралдар.

       Барысы:             І. Ұйымдастыру.

а) Сабақты ертеңгілікпен бастау.

Мұғалім:            Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз

Қайырлы күн , балалар.

Қайырлы күн, қонақтар.

Балалар:            Күндей жадырап

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

— Балалар  бүгінгі  жаңа  сабағымыздың  түрі  жарыс  сабақ . Біз  3 топқа бөлініп өз білімдерімізбен  жарысқа  түсеміз , жеңіске  жетуге  тырысамыз .

І  топ   «Ойшылдар », ІІ топ  «Дарындылар » , ІІІ топ  «Жас ғалымдар».

Мақсаты :  Әр  жеке  оқушыларға  сабаққа  жауап  берулеріне  байланысты жұлдызшалар  беріліп  отырады . Сол  бойынша  жеке  оқушылар  бағаланады. Жеңіске  жеткен  топ  анықталады .

Сабақ  9 кезеңнен  тұрады .

  1. Бәйге .
  2. «Кім зерек ?» ойыны.
  3. Сандық субтест .
  4. Теңдеу шешу.
  5. Артық сан мен артық  сөзді тап .
  6. Сәйкестендіру тесті .
  7. Математикалық домино .
  8. Тездет, бірақ қателеспе !
  9. Жұлдыз санау .

І кезең.  Бәйге 

Мақсаты : Өткенді  қайталау , естеріне  түсіру .

Математикалық  тест  тапсырмалары

1) Немересі 8 жаста, ал әжесі одан 10 есе үлкен.Әжесінің жасы нешеде?

а) 8+10            ә) 8 х 10            б) 10+8

Бүгін бізде   қонақта  болған  достықтың ,  әдеміліктің  белгісі

Ақ көгершіннің  құрметіне  « Ақ  көгершін » әнін  орындайық .

Рахмет балалар ,  сабағымыз  аяқталды.

2) Белгісіз санды тап.

8 х Х = 240

а) 232           ә) 248               б) 30

3)  Ұзындығы 7см, ені 5см тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең?

а) 35 см 2                          ә) 12 см 2            б) 24 см 2

4) Қандай сан 2,3 және 7 сандарына

қалдықсыз бөлінеді?

а)  24           ә)  35              б)  42

5) 3 санының кубы нешеге тең?

а) 18        ә) 27                б)  9

6) Бір тәуліктің 1/6 бөлігі нешеге тең ?

а) 6             ә) 4             б) 12

7)  Альбом 60 теңге, кітап одан 4 есе қымбат тұрады. Сатып алуға екеуіне қанша ақша жұмсалады?

а) 280 тг          ә) 240 тг         б) 300 тг

8)   59 : 8 = 7 бөліндісінде қанша қалдық қалады?

а) 3                   ә) 4                  б) 1

9) Қай мысалды көбейтумен алмастыруға болады?

а) 11+21+31       ә) 15+15+15          б) 5+6+5

10)  Әлияның 120 теңгесі бар еді. Ол біреуі 50 теңге тұратын 2 қаламсап сатып алды.Әлияның неше теңгесі қалды?

а) 120 -50 +2     ә) 120 -50  х 2     б) (120-50) х 2

Оқулықпен  жұмыс  № 1  тапсырма  (ауызша)

ІІ кезең .Кім  зерек ? ойыны

Бұл  кезеңде  оқулықта  № 2  тапсырма орындалады .

ІІІ. Кезең . Сандық  субтест

Мақсаты : Бос  орындардағы  тиісті сандарды  табу .

 

 

 

 

 

х8                                 ׃3

׃ 9                                         х3

45

 

х2

׃5

х7

 

 

 

ІҮ. Кезең . Теңдеу шешу

Оқулықтағы  3 – тапсырма .

3 топтан 3 оқушы  орындайды .

 

Ү. Кезең .  Артық  сан мен артық сөзді тап .

 

 

 

ҮІ. Кезең . Сәйкестендіру  тесті .

Оқулықтағы  № 4  тапсырма

А)  (10 + 438 ): 4        114         Ә)  (10 + 238 ) – 4          245

(18 + 438) : 4        112                (11 + 238) – 4          244

(26 + 438) : 4        118          (12 + 238) – 4            247

(34 + 438) : 4        116         (13 + 238) – 4             246

ҮІІ. Кезең . Математикалық  домино .

 

 

 

Мақсаты :  Ойымызды сергіту мақсатында берілген цифрларды көбейту , бөлу амалдары арқылы шешіп жоғалған әріпті табу .

Жоғалған  әріптерден  әдептілік сөзі шығады . Оқушылардан  «Әдептілік» туралы сөздер , мақал – мәтелдер сұрау . Мысалы :

Сіз , біз , саламатсыз ба , сау болыңыз, рахмет, кешіріңіз , т.б

  1. Әдептілік ар ұят , адамдықтың белігісі .
  2. Әдептілік белгісі , иіліп сәлем бергені т.б.

ҮІІІ. Кезең. Тездет , бірақ қателеспе .

Мақсаты : математикалық жұмбақ есептерді тез , қателеспей  есептеу .

(Жұмбақ есептер үнтаспа арқылы беріледі ).

 ІХ. Кезең . Жұлдыз  санау .

Бұл кезеңде  оқушылардың  жинаған  жұлдызшалары  арқылы білімдері  бағаланады . Жеңіске жеткен топ анықталады .