Қанша қымбат

Сабақтың тақырыбы: Қанша қымбат

Сабақтың мақсаты:

  1. Есеп шығару, қымбат туралы білімді бекіту, жай есептердің мазмұны бойынша амалды таңдай алу білігін жетілдіру. Сөйлеу тілін, қабілеттерді, өздігінен әрекеттенуді дамыту.2. Есептерді жазуға және салыстыруға . Терминдерді және амалдардың қасиеттерін түсіндіре  отырып шығаруда қолдану біліктігін дамыту.3.Тапқырлықты, ойлау қабілетін және шығармашылық қабілетті дамыту.

Сабақтың түрі: ойын

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, көрсету, сұрақжауап, практикалық

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, кестелер, суреттер

Сабақта қолданылатын пед. Технологиялар: ойын, сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Өсті міне бойымыз

Үй тапсырмасымен жұмыс

Табыс ситуациясын туғызу

Сиқырлы поезд

Сабақтың мақсатын хабарлау

 Бүгінгі сабақ өте қызықты болмақ. Сабаққа келген қонақтар сендердің өте ақылды, білімге құштар оқушы екендіктеріңді естіп, көруге келген  екен. Сендерді жасқанбай өз білімдеріңді көрсетуге шақырамын.

Алдымен дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазып қояйық.

Біз ұқыпты баламыз.

Көркем жазу сәті

7 саны қасиетті сан. Ендеше барынша ұқыптылық танытып жазып шығайық.

(Осы кезде карточкалар таратылады) деңгейлік тапсырмалар

Жасыл мәні / бес

Сары \ бір

Көк \ алты

Ақ \ жеті

Тоқ сары \тоғыз

Өте жақсы, жарайсыңдар!

Қандай сөз шықты?

Алдар кім? Ол қандай адам?

Сабағымызда Алдар көсемен білім сайысына түсеміз. Дайынсыңдар ма? Ендеше Алдар көсенің өзін тыңдап көрейік.

Видио фрагмент қосылады.

Алдар көсенің сөзі

Мұғалім: Балалар Алдар көсе бізді білім сайысына түсуге шақырып тұр. Онымен сайысқа түсіп, өзіміздің білімімізді көрсетейік пе?

Алдар көсе бізге дайын есебін көшіруге беріпті. Алдар көсенің қандай қу адам екенін жұрттың бәрі біледі. Оған алданып қалмас үшін есепті өзіміз шығарып көрейік.

Ол үшін түгелдей 1 есепті оқиық.

Байдың шапаны  7 а                 ? қымбат

Алдар көсенің шапаны  3 а

Шешуі: 7-3=4

Жауабы: 4 алтын ақша қымбат

 

Балалар, Алдар Көсенің есебінде ол нені тауып тұр?

 Барлығын

Өте жақсы, жарайсыңдар! Енді Алдар көсе  не дейді екен. Біздің алданбағанымызды мойындайтын шығар.

Видио фрагмент қосылады.

Мұғалім: Алдар көсе біздің ақылды оқушы екендігімізді мойындайтын түрі жоқ. Ендеше бұл есептің де жауабын жылдам тауып жіберейік.

Алдар көсенің қатесін тап.

5+5=9     10-3=7

8-4=4      7+2=8

2+6=9

Сергіту сәті. Оң қолымда бес саусақ

Алдар көсенің тапсырмасы оңай болды. Неге?

Ендеше, осы жолы Алдар көсе не дер екен?

Видио фрагмент қосылады

Балалар, Алдар көсе әлі де болса, бізді алдағысы келеді. Онысы бола қоймас.

3тапсырманы өзінше орындапты. Кәне тексеріп көрелік!

 

5  4

 

Бос терезеде қандай сан болуы керек деп ойлайсыңдар?

Оңай болды ма? Жарайсыңдар, енді Алдар көсе біздің шынымен білімге құштар оқушы екендіктеріңе күмән келтіре қоймас.

Видио фрагмент қосылады

Ал, балалар, құтты болсын, өмірлеріңдегі алғашқы жетістіктеріңнің куәсі болып отырмыз! Бірақ әлі де шығарылмаған 1есеп қалып қойды. Жылдамдатып шығарып жіберейік. 124 бет, 5 тапсырма

Бекіту

Сонымен, балалар, сабағымыз аяқталып қалыпты.

Сабақ сендерге ұнады ма?

Неліктен?

Сабақта не білдік?

Не үйрендік?

Бір заттың екінші заттан қанша қымбат тұратынын қалай білуге болады екен?

Бағалау.

Бағалау парағымен жұмыс.

2 ұпайдан артық жинаған оқушылардың барлығы 5 ке бағаланады

Үйге тапсырма: 4 тапсырма 124 бет

Қорытынды бөлім

Бүгін сабақта белсенділік көрсеткендерің үшін барлықтарыңа разымын. Әрқашан осындай білімге құмар болып өсіңдер! Рахмет!