Қосындыны санға бөлу
Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлу
Сабақтың мақсаты: Қосындыны санға бөлу тәсілін меңгерту; өтілген есеп түрлерін
шығару дағдыларын пысықтау.
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Ауызша жаттығуларға 1000 көлеміндегі сандарды қосу және азайту, кестелік қосу және азайтуға арналған тапсырмалар .Бір амалмен орындалатын мысалдармен бірге екі амалмен орындалатын мысалдар -3 х 4 : 6, 25: 5 + 20, (36 — 16) : 2
Математикалық диктант:
— 3 пен 8-дің көбейтіндісін 6 есе кеміт. — 16 мен 8 сандарының бөліндісін 6 есе арттыр.
— Әпкесі інісінен 4 жас үлкен. Інісі 4 жаста. Әпкесі неше жаста?
— Анасы 32 жаста, ал баласы 8 жаста. Баласы анасынан неше жас кіші?
— Әрқайсысында 3 кг – нан 4 қалбыр бояу сатып алынды. 4 кг бояу жұмсалды. Неше кг бояу қалды?
— 36 мен 9-дың бөлімдісін 2 есе арттыр.
— Ағасы 12 жаста, ал қарындасының жасы 2 есе кіші. Қарындасы неше жаста?
— 6 мен 5-тің көбейтіндісінен 22-ні кеміт.
- Жаңа сабақты түсіндіру.
Қосындыны санға бөлудің бірнеше тәсілімен таныстыружұмысын өздеріне таныс жаттығу түрлерін орындатудан бастаған жөн: «8 бен 12- нің қосындысын 4-ке бөл» Тақтаға шақырылған оқушы мысалды тақтаға жазып, алдымен қосындыны есептеп, содан соң 4-ке бөлу керектігін түсіндіре отырып шығарады. Тақтада мынадай жазу болады: (8 + 12) : 4 = 20 : 4 = 5
Содан кейін мұғалім №1 (ә) тапсырмаға берілген сурет бойынша қосындыны санға бөлудің екі тәсілін де түсіндіреді.
- Бекіту.
№1 (а) (4+8) : 2 = 12 : 2 = 6 (4+8) : 2 = 4 : 2 + 8 : 2 = 2+ 4 = 6
Содан кейін оқушылар №2 тапсырманы орындайды.Өрнектердің қайсысын түрлі тәсілдермен шығаруға болмайтынын нақтылаған маңызды.
№3 тапсырма
Тексеру кезінде оқушылардың әртүрлі тәсілмен шығарғанын анықтау.Шешудің екі тәсілі де тақтаға жазылып, қысқаша түсініріледі. Екі тәсіл салыстырылып, қай тәсілдің тиімді екені анықталады.
Егер оқушылар есепті әртүрлі тәсілмен шығаруда қиналатын болса, иллюстрациялап көрсету тиімді: 12 қыз бала және 14 ер бала тақта алдына шығады. Оларға тең екі топқа бөліну тапсырылады.
№4 тапсырманың қысқаша жазылуын кестеге жазу тиімді:
Бір топтағы бала саны | Топ саны | Барлық бала саны | |
6 ер бала | ? | ? ер бала | 80 спортшы |
4 қыз бала | ? | ? қыз бала |
Есепті шығару жоспары
- топта барлығы неше бала екенін білу;
- неше топ екенін білу;
- барлығы неше ер бала екенін білу;
- неше қыз бала екенін білу.
Ол үшін барлық балалар санынан ер балалардың санын азайту керек немесе 1 топтағы қыз балалар санын топтың санына көбейту керек.
- Өткен тақырыппен жұмыс
№5 (1-ші және 2-бағандар) және №6 тапсырманы өздік жұмыс ретінде ұсынып, соңынан тексеруге болады.
№8 логикалық тапсырманы балалар мұғалімнің басшылығымен орындайды
- Сабақты қорытындылау.
- Үйге тапсырма: №5 (3, 4 бағандар ) және №7. шығармашылық деңгей: математикалық ребус құрастыру.