Түсті металл кендері
Сабақтың тақырыбы: Түсті металл кендері
Сабақтың мақсаты: 1) Түсті металл кендері және кен орындары туралы мағлұмат беру ,
олардың тұрмыста қолданылуын түсіндіру.Оқушылардың кен
пайдалы қазбалары және олардың топтары туралы түсінігін
толықтыру.
2) Оқушының ырықты зейінін, берік есте сақтау, ойлау қабілетін, шығармашылық қиялын дамыту; талдау, жинақтау, ой қорыту, ізденіс дағдыларын жетілдіру
3) Туған жерге,Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың формасы: ұжымдық, жеке дара
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, ізденушілік.
Техникалық жабдықтар: интерактивті тақта
Қолданылған технология:Биоақпараттандыру және синергетика» білім беру технологиясы «Ауызша сабақ – 1» картасы.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
Арнайы психологиялық сергіту
ІІ . Үй тапсырмасы
1.Тренинг:
2.«Кенді пайдалы қазбалар», «Қара металл кендері» тақырыптары бойынша ТСҚ (тақырыптық сөздік қор) 5 минут . 44 сөзден жоғары жазған оқушылар ООМ – да (оқушылардың отыру матрицасы) белгіленеді, % шығарылады.
- Мәтінді мазмұндату.
ІІІ. Актуалдау
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақ бойынша жалпы мағлұмат беріледі
- Жаңа сабақты меңгерту
Қабылдауды ұйымдастыру .7 тірек сөз беріледі.
мыс
қола дәуірі
алюминий
боксит
қорғасын
мырыш
полиметалл кені
Есте сақтау. Тірек сөздерді жаттауға 30 сек. ,жатқа жазу – 30 сек. ООМ да 2- баға енгізіледі. Егер 63 % оқушы 6 – 7 сөз жазса, норматив тапсырылды деп есептелінеді. Оқушылар тірек сөздерді толықтырып жазады.
Сергіту сәті
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік
Оңға, солға бұрылып
Қазбаға бай ел көрдік.
Ұғынуды ұйымдастыру: Мәтінмен жұмыс. Жұмыс уақыты 6 минут.
Қиылыс сұрау. Түсініктің бірінші тексерілуі, тірек сөздер мағынасын ашу. ООМ да 3 — інші баға енгізіледі.
Бекіту. СТС (сын тұрғысынан сұрау)
1.Алюминий — қызғылт түсті жұмсақ металл (жоқ)
- Мыс электр тоғын жақсы өткізбейді (жоқ)
- Мыс телефон , телеграф байланысына кеңінен қолданылады. (иә)
- Мыс басқа металдармен қосылып, қорытылмайды. (жоқ)
- Жез алюминий мен мырыштың қосындысы (жоқ)
- Мыстың қалайы, алюминий, никель және басқа металдармен қоспалары қола деп аталады. (иә)
- Ежелгі дәуірде қоланы қару – жарақ жасауға пайдаланды. (иә)
- Сондықтан ол кезең мыс дәуірі деп аталды. (жоқ)
- Жезқазған, Қоңырат мыс кен орындары дүние жүзіне әйгілі (иә)
10.Алюминий – қара түсті ауыр металл (жоқ)
- Алюминий бокситтен алынады. (иә)
- Боксит Жезқазғаннан өндіріледі (жоқ)
- Қорғасын – қоңыр түсті, өте жеңіл металл (жоқ)
- Мырыш – сұрғылт түсті металл (жоқ)
- Мырыш күнделікті тұрмыста қолданылмайды (жоқ)
- Мырыш пен қорғасын қосылып, полиметалл кенін құрайды. (иә)
- Полиметалл кенінде алтын, күмістің қоспасы жоқ (жоқ)
- Полиметалл кені Алтай өлкесінде мол. (иә)
ООМ- да төртінші баға енгізіледі
Талдау және рефлексия
- Қорыту.
VІ. Үйге тапсырма:
- Мәтінді оқып, мазмұндау
- Түсті металл кен орындарын кескін картаға түсіру
VІІ. Бағалау