Уақыт. Сағат неше?
Сынып: 4 сынып
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Уақыт. Сағат неше?
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға уақытты дұрыс айта білуге, уақытты пайдалы өткізуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Грамматикалық тақырыпты лексикалық тақырыппен ұштастырып меңгерту, сұрақтарға дұрыс жауап беру. Уақытты қазақша дұрыс айта білуге Тәрбиелік: Уақытты дұрыс пайдалануға, үлкенді құрметтеуге, кішіні сыйлауға тәрбиелеу. Дамытушылық: Жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді. Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастырады. Сабақтың түрі: аралас сабақ Оқыту әдістері: критериялық ой қозғау, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, жазбаша жұмыс Көрнекілігі: жұмбақ, суреттер, сағат, кесте, жаңа сөздер
|
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Негізгі бөлім.
- Жұмбақ шешу (Қызығушылығын ояту).
Сартылдайды күнімен,
Сартылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты,
Көрсетеді тілімен. (Сағат)
(Тақтаға сағаттын суреті ілінеді.)
Сұрақ-жауап әдісі ой қозғау.
- Бір жылда неше күн бар?
- Бір жылда неше ай бар?
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Бір аптада неше күн бар?
- Бір тәулікте неше сағат бар?
- Бір сағатта неше минут бар?
- Бір минутта неше секунд бар?
Сөздік жұмысы.
— мұғалім бір рет оқиды, түсіндіреді;
— оқушылар мұғалімнен кейін жаңа сөздерді қайталап айтып отырады;
— жаңа сөздерден сөз тіркестері құралады;
— оқылым;
— жазылым;
Сағат – часы
Қол сағат –наручные часы
Қабырға сағат – настенные часы
Қалта сағат – карманные часы
Сағат неше? – Который час?
Уақыт қанша, айтыңызшы? – скажите, пожалуйста, который час?
Қазір уақыт қанша? – Сколько сейчас времени?
Көрсетеді – показывает (о времени)
- Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың санын білдіреді. Оларды сан есімдер деп атайды. Мыс: бес, он, жиырма, алпыс, жүз, төртінші, алтыншы
При указании времени (даты) на вопрос Қашан? (когда? ) к числительным прибавляются окончания – да, -де, -та, -те. Мыс. алтыда, екіде, бесте.
2.Суретпен жұмыс. Тақтадағы сағаттың суретімен таңысып , сағатпен жұмыс істеу.
Сағат неше? Сұрағына жауап беруге машықтану.
- Дәптермен жұмыс.
Сағат, уақыт сөздерін септеп жаз.
- Тілдесу. Жауап беріңдер?
Сабақ неше минут болады?
Қазір сағат қанша?
Сабақ қашан басталады?
Сабақ қашан бітеді?
Сағат нешеде үйге қайтасың?
- Критериялық ой қозғау.
А) Сағат
Ә) 2 сын есім
Б) 3 етістік
В) Сөйлем құрастыру
Г) синоним немесе баламасын табу.
Сабақты қорытындылау.
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
Үйге тапсырма беру.
Бағалау