Ондық бөлшектерді қосу
Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу
Мақсаты:1.Ондық бөлшектерді қосу анықтамасын пайдалана
отырып,есептерді шығара білуге дағдыландыру, теңдеулерді
шешуге үйрету.
- Есте сақтау, ойлау,сөйлеу,ауызша,жазбаша есептеу қабілеттерін
дамыту.
Типі: Есептер шығару сабағы
Білімділік міндеті:ондық бөлшектер туралы ережелерді әр түрлі
есептеулерде пайдалана білу, өтілген сабақтарды
оқушы санасына бекіту.
Тәрбиелік: еңбекке баулу,ұқыптылыққа, интерактивтік тақтамен жұмыс
жасауга, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық міндеті: іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін,
жеке оқушылардың білім дағдыларың дамытуға
үйрету.
Жоспары:
- Үйымдастыру уақыты.
- «Бәйге ойыны»
Сұрақ- жауап алу арқылы теориялық материалды қайталау.
- Үй жұмысын тексеру.
- Оқулықпен жұмыс.
- Білім бекітуге берілген жаттығулар.
- Тест.
- Үй тапсырма.
- Қорытындылау.
- Балалар, біз қандай бөлшектерді оқып жатырмыз?
Сұрақтар
1) Қандай бөлшектер ондық бөлшектер дап аталады?
Ондық бөлшектерге қандай амалды пайдаланып үйрендік?
2) Ондық бөлшектер қалай қосылады?
Бірнеше мысал арқылы анықтаманы бекіту.
- 1,2+2,3
- 3,25+1,75
- 0,6+0,4
3) Ондық таңбаларының саны әр түрлі ондық бөлшектерді қалай қосады?
- 0,5+0,425
- 2+3,15
- 3,005+7
Сонымен ондық бөлшектерді қосуға, бөлуге, көбейтуге, азайтуға болады.
Біздер бөлшектерді алдынғы сабақтан қосып үйрене бастадық.
Рим жазушысы Цицерон былай деген екен.
«Бөлшекті білмейінше,математиканы білемін деп ешкім айта алмайды.
Сондықтан, бүтін сандарға амалдар қолдануды қанша жақсы білсен де, бөлшек сандарға амалдар қолдануды білмесен, онда есепке мықтымен деп айтпа деген екен.
Сол себепте, балалар, бөлшек сандарға амалдар қолдануды осы бастан дұрыстап үйреніп алайық.
- Ал сабағымызды үй жұмысын тексеру арқылы бастайық.
Тақтаға 2 оқушы шығып жазып, көрсету керек.
Сонда интерактивтік тақтада жауабын шығарып, тексеру.
а | в | а+в |
3,89 | 0,256 | 4,146 |
1,003 | 5,21 | 6,213 |
11,107 | 2,03 | 13,137 |
14,211 | 5,081 | 19,292 |
Бүгінгі сабақта біздер бөлшектерді қосу ережесін пайдаланып, есептер шығарамыз. Соның ішінде № 1011.
№ 1011. Жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдырып есептеуге берілген.
Сондықтан бірнеше тапсырма орындайық.
- Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыр: 2,7; 0,8; 3,54; 121,017.
- Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жаз: 3; 8;;4
№1011;1013;1014
- Білім бекітуге берілетін жаттығулар.
- Теңдік тура болатындай етіп тиісті жеріне үтір қой.
52+07= 59
5+777= 1277
27+368= 638
- 0,17+1,32 И
13,12+5,024 Ә Кестедегі қосындылармен бір бағанға оның
38,4+2,06 А тұсындағы әріптерді қойындар. Сонда xv
0,83+1,607 — ғасырда ондық бөлшектерді енгізген
6,57+0,117 Л самарқандтық ғалымның атын оқисындар.
9,04+13,8 К
0,231+31,25 Ш
Тест.
1)Қосуды орында 5,07+2,33
А | Ә | Б | В |
7,04 | 7,4 | 7,3 | 7,1 |
2) Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып есепте:
15+7
А | Ә | Б | В |
21,12 | 23,12 | 22,13 | 21,13 |
3) Теңдеуді шеш: Х-12=3,07
А | Ә | Б | В |
15,07 | 8,93 | 15,7 | 9,07 |
4)Өрнектің мәнін тап.
3,26+а, мұндағы а=1,74
А | Ә | Б | В |
6 | 5 | 4 | 5,5 |
Жауаптары: 1. Ә
- Ә
- А
- Ә
Үйге тапсырма №1012.
Бағалау.
Қорытындылау.