Ө.Тұрманжанов Малсақ бала
Сабақтың тақырыбы: Ө.Тұрманжанов Малсақ бала
Сабақтың мақсаты: Өлең мазмұнын ашып, идеясын түсінуге жағдай жасау.
Міндеттері: а) білімділік: Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсінуге өлең мазмұны бойынша талдау жасауға үйрету. Теориялық мәлімет бере отырып жаңа теңеу сөздермен таныстыру;
ә) дамытушылық: Дүниетанымдарын, сөйлеу тілдерін,
мәнерлеп оқу машықтарын, ой-өрістерін дамыту;
б) тәрбиелік: төрт түлікке деген сүйіспеншілікке,
еңбекқорлыққа, еңбек адамдарын құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді хабарлау сабағы
Әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, ізденушілік, аудиоалдық, өзін-өзі
бағалау
Қажетті құрал-жабдықтар: интерактвті тақта, үнтаспа, слайдттар,
бағалау парақтары, тапсырма жазылған парақшалар,
оқулық, дәптер
ӨТІЛУ БАРЫСЫ
І.Бағдарлау-мотивациялық кезең
Психологиялық дайындық
«Қошақаным» әні
Қызығушылықты ояту
- «Төрт түлік туралы не білеміз?» сызбасын толтыру.
Ортақ белгілері
- Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы таныстырылады
Шешуі: Малсақ бала
- Малсақ сөзін қалай түсінеміз?
ІІ. Операционалдық орындаушылық кезең
1.Өтебай Тұрманжанов туралы мәлімет беріледі.
- Үнтаспадан «Малсақ бала» өлеңі тыңдатылады.
- Оқушылардың өз беттерімен оқуы (бір-біріне оқуы).
- Сөздік жұмысы мен теориялық мәлімет беріледі:
— Қойшылар бағып жүрген қойларының жүні арқылы ауа райын болжай білген. Мәселен, өрісте жүрген қойдың жүнін уыстап көреді. Егер қой жүні құрғақ болса, онда күн ашық болады. Егер жүн дымқылданып, суланып тұрса, онда көп кешікпей жаңбыр жауады.
Тілімізде жүнге байланысты жүн балақ (әлжуаз, әлсіз, ынжық), жүні үрпию (мұздау, тоңу), жүн-жыбыр (ұсақ-түйек) сияқты тұрақты сөз тіркестері, жүндей жұмсақ тәрізді теңеу, «Жүйкесі – жүн, жігері — құм», «Күндіз қойын күтерсің, кешке жүнін түтерсің» секілді мақал-мәтердер қалыптасқан.
- Өлең мазмұнымен жұмыс:
— Атасы немересіне не тапсырды?
— Ол туралы өлеңнің қай шумақтарында айтылған?
— Өлеңде иттің пайдасы туралы не делінген?
- Өлеңді рөлге бөлі оқыту.
- Шығармашылық тапсырма:
Тұрған жеріңде қойдың жүнін сатумен айналысатын мекеме саны екеу еді. Біреуі жүннің бағасын екі есе өсіріп жіберді. Осы жағдайда қарсылас мекеме қандай шаралар жүргізуі мүмкін? Өз ойыңды жүйелеп айт.
ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі
- Баланың атасына берген жауабына қарап, мінездеме беру
- Бекіту сұрақтары:
-Өлеңдегі негізгі ой не?
— Өлеңдегі баланың ісінен қандай үлгі аласың?
- Бағалау парағы бойынша бағалау.
- Үйге тапсырма:1. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу;
- Суретпен жұмыс (292-294беттер)