С дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Сс дыбысы мен әрпін таныстыру.

Білімділігі: Буын туралы түсініктерін кеңейту.Сөздерді тұтас оқуға,мәтін   туралы өз ойларын айта білуге машықтау.Қолдарын  жаттықтыра  отырып, сауатты жазуға үйрету.

      Дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін,есте сақтауын,тілін,сөздік

қорын  дамыту.

      Тәрбиелілігі: Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.Шапшаңдыққа,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Пәнге деген қызығушылықтарын

арттыру,ұқыптылыққа,сауатты жазуға қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау.

      Көрнекілігі: суреттер,сөздер жазылған парақшалар,кеспе әріптер,

құрал-саймандар,т.б.

Түрі: Пысықтау сабағы.

      Сабақтың барысы:

       І.Ұйымдастыру кезеңі

             1.Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

2.Сабақ құралдарын түгендеу.

                       «Қайырлы күн» деп айтамыз,

                        Түсте бірге қайтамыз.

                        Отбасының гүліміз,

                        Көңілді өтер күніміз.

     

      ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1.Дәптерлеріндегі  жазу үлгілерін тексеру.

2.Сөздерді оқыту.

 

ІІІ.Өткен сабақты пысықтау

            Сауалнама жүргізу.

Оқушылар берілген сұрақтардың дұрыс жауабын шаблондар арқылы көрсетеді.

1.С дыбысы қандай дыбыс?

а) Дауысты

                   +  ә) Дауыссыз

  1. С дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

+ а) барлық жерінде

                      ә) ортасында

  1. «Дос» сөзінің қай жерінде С дыбысы орналасқан?

а) Басында

                   + ә) Соңында

 

ІY.Жаңа сабақ

                                  Жұмбақ

Білезікке қарайық.

Ұқсайды оған қай әріп?    (С әрпі)

            Ендеше, балалар біз бүгін С дыбысы мен әрпі туралы тереңірек  

         танып,білеміз.

 

Y.Тақтамен жұмыс

Оқулықтағы тұтас сөздерді тақтадан оқытып, буынға бөліп,

мағынасын түсіндіру.

Сай- 1буын, су ағатын жыра.

Сайман-2буын, еңбекке қажетті құралдарды айтамыз.

Су-1буын,тіршілік  нәрі. (сусыз өмір сүре алмаймыз)

Суат-2буын, малдың  су ішетін жері.

Аспан-2буын,ашық аспан, табиғи дене.

Аспап-2буын,музыкалық аспаптар.(гитара,домбыра,қобыз,т.б.)

Саусақ-2буын.адамның дене мүшесі.

(саусақпен біз қаламды ұстап әдемілеп жазамыз)

Саумал-2буын,әлі бабына келіп аши қоймаған бие сүті.

Асқар және Асқат-2буын,адам аттары.

 

YІ.Оқулықпен жұмыс

              Оқулықтағы мәтінді  көрнекілік арқылы таныстыру.

          1.Мәтін дегеніміз не?-Мәтін екі не одан да көп сөйлемнен құралады.

          2.Мәтіннің несі болады?-Мәтіннің тақырыбы болады.

Ендеше, мен сендерді «Саймандар» деп аталатын мәтінмен таныстырамын.

Мұқият маған зер сала қараңыздар.

Саймандар

                Балға-сайман.Балта-сайман.Ара-сайман.Балға,балта,ара саймандар.

             Атамда балға да,балта да,ара да бар.

-Оқулықтан бір-екі балаға оқыту.

          3.Мәтін неше сөйлемнен құралған?-5сөйлемнен құралған,мәтін азат      

                                        жолдан  жазылған.Әр сөйлемнен соң нүкте қойылған.

 

YІІ.Сергіту сәті

                            Әдемі әтеш                           Жан-жаққа қарапты.

Таң атпай тұрыпты.               Айдарын тарапты.

Ойқастап жүріпті,

 

YІІІ.Дәптермен жұмыс

                   Дәптерге сөздік диктант жазу,тексеру.

Қатесіз,таза жазылған оқушының  жұмысын мадақтау.

— Су,бас,маса,сай.

 

ІХ. «Жоғалған сөзді тап» ойыны

                        Сөздерге у дыбысын жалғап, жаңа сөз жасау.

                   ал+у=алу                     тап+у=табу                 қап+у=қабу

                   бар+у=бару                 бақ+у=бағу                 бас+у=басу

                 — П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе,

                 п дыбысы  б-ға айналады.

                  — Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе,қ дыбысы

ғға айналады.

                       Бұл сөздерге жалғанған  «у» дыбысы дауысты «у» дыбысының

қызметін  атқарып тұр.

Х.Сабақты қорытындылау

                                    Мозаика  құрастыру.

Мозаиканы дұрыс құрастырсақ С дыбысының элементін жазамыз.

  1.    «С» дыбысын қай сандыққа салдық?   -көк
  2.    «С» дыбысы қандай дыбыс? –дауыссыз
  3.    «Са» буынынан басталатын  адам атын ата-Самал
  4.         Біздің сыныпта С дыбысынан  басталатын оқушы  аты бар ма?-Серік
  5.    Су сөзіне дыбыстық талдау жаса- с дауыссыз,у дауысты
  6.    «Сырға» сөзіне сөйлем ойла:
  7. «С» дыбысынан келетін сандарды ата: -сегіз,сексен
  8. Бүгін қандай мәтінмен таныстық? –Саймандар
  9. Біз уақытты неге қарап білеміз? –сағатқа

              

              ХІ.Үйге тапсырма:

                    а) Бағандағы сөздерді оқу

ә) Мәтінді әңгімелеу

б) Дәптердегі үлгіні жазып келу

ХІІ. Бағалау