Менің апам-дәрігер
Тақырыбы: «Менің апам-дәрігер»
Мақсаты: Мәтінді түсіндіру,оны сын тұрғысынан ойлау арқылы меңгерту.
Білімділігі:Оқушылырға жаңа мәтін туралы түсінік беру,өз ойларын
ашық айта білуге төселдіру.Өз бетімен жұмыс жасауға бейімдеу.
Дамытушылығы:Ауылдағы мекемелер,шаруа,маман,көлік түрлері туралы
өзіндік көзқарас қалыптастыру.Тіл байлықтарын арттыру.Ауыл
тұрмыс-тіршілігі жайында ойларын тереңірек білуге ұмтылдыру.
Тәрбиелілігі:Оқушылардың туған жерге деген қызығушылығын ояту,оны
сүйе білуге тәрбиелеу.Адал,абыройлы оқушы болуға жетелеу.
Түрі:Аралас сабақ
Әдіс-тәсілі:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілікпен жұмыс,сөздік
жұмыс,венн диаграммасы,топтастыру,ойын түрлері,өзін-өзі
жетілдіру,өзін-өзі бағалау.
Көрнекілігі:көшпелі тақта,суреттер салынған плакаттар,суреттер,
үлестірмелі таяқшалар,т.б.
Жүрісі:І.Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабаққа назар аударту.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау,бағалау
- Көктемгі көрініс бейнеленген сурет тақтаға ілінеді.Сурет арқылы «гүл теру»ойыны ойналып,сұраққа жауап алынады.
- Ауыл көрінісі бейнеленген суреттерін тексеру,мадақтау.
ІІІ.Жаңа сабақ
«Менің апам дәрігер»
Алдын-ала дайындалып келген оқушыларды анықтау.
1.«Кім болам?»ойыны ойналады
Оқушылардың болашақта,азамат болғанда кім болатындары туралы пікір алысады.
«Дәрігер». Дәрігер адамдарды емдейді.
-Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Менің апам –дәрігер».
2.Түсіндірме жұмыс
-Оқушыларға жаңа сабақты сурет арқылы түсіндіру.
3.Оқулықпен жұмыс
-Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
-Жеке-жеке жүргізіп оқыту.
Жаңа сабақты игерту:Үйдегі көмек
- Сергіту сәті «Апам үшін күнде де.»
- Тапсырмалар
1) Ауылды жерде қандай мекемелер барын байқа.
Балабақша Аурухана Тәртіп сақтау бөлімшесі
Мектеп Кітапхана
Мәдениет үйі Теміржол бекеті
Спорт метебі Дәріхана
Мәтіндегі мекемелер:баплабақша,аурухана,мектеп.
2) Ауылдағы шаруа түрлерін теріп оқу. «Жасалған жұмыс түрлері».
- Сиыр сауады,тамақ дайындайды,ауруларды емдейді,ағаш жарады,малға жем береді,малды ауылды аралайды.
- Үйге жиылған отбасы мүшелері не істейді?
- Әркім өзінің атқарған шаруасы жайында әңгімелейді,пікірлеседі.
3) Ауылда қандай мамандар жұмыс жасайды?
-Мәтіндегі мамандар:дәрігер,мал дәрігері.
-Маман түрлері:мұғалім,теміржолшы,күзетші,құрылысшы,жүргізуші,
жөндеуші,су айдаушы,малшы,есепші,бақылаушы,суретші,мүсін-деуші,тәрбиеші,т.б.
- Көліктің қандай түрлерін білесің? «Венн диаграммасы»
Қала мен ауыл
Ауыл Қала
5.Дәптермен жұмыс «Сөздік жұмыс»
Салт атты-атқа мінген адам.
Ат-арба-атқа жегілген арба.
IY.Қорытындылау «Өзін-өзі жетілдіру»
Жаңа білімді бекіту: Мұғалімге қояр сауал,ой толықтыру, жеткен нәтиже (мазмұнын немесе өзінің жаңа сабақ бойынша түсінігін әңгімелеу).
-Үйден алдын-ала дайындық жұмысын жүргізген екі оқушы.
1.Сағынғали Амангүл
2.Жұбандық Әсемгүл
Алдын-ала оқу | Үйдегі көмек | Мұғалімге қояр сауал | Ой толықтыру | Жеткен нәтиже |
1.Мәтінді үйден бес рет оқыдым. Мазмұнын айтуға дайындал-дым. | «Дәрігер» туралы сұрадым. Олардың атқаратын жұмыстарын білдім. | Мәтін не себепті дәрігер туралы айтылған? | Мәтін туралы мағлұмат алдым. Маман,меке-мелерді ажырата білдім. | Үйдегі дайынды-ғымның арқасында қиындықсыз ойлаған мақсатыма жеттім. |
2.Мәтінді түсініп оқыдым.Тапсырмаларға көз жүгірттім. | Мәтіндегі мамандардан басқа қандай маман иелері барын сұрап білдім. |
——- | Тапсырма-ларды қызыға отырып орындауға тырыстым. | Мұғалімнің көмегімен жаңа сабақты игердім. |
Y.Үйге тапсырма:мәтіннің мазмұнын айту
YІ.Өзін-өзі бағалау