Баяндауыш

Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш.

Сабақтың мақсаты : Баяндауыш, оның көбіне етістіктен  жасалатыны   туралы  білімдерін толықтыру.                                                                                                                Міндеттері :

  1. Баяндауыштың қызметі, сөйлемдегі орны , бастауышпен байланысы туралы  білімдерін толықтыру.
  2. Тапсырмалар орындату арқылы баланың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ой — өрісін, сөйлеу тілін, танымдық белсенділігін арттыру.
  3. Оқушының өз бетінше әрекет жасауына, өзіне сенімді болуына ықпал ету, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпын үйренуге  және  сыйлап құрметтеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі : сайыс  сабақ

Көрнекілігі : слайдтар                                                                                                                         

                                         Сабақтың  барысы :

І. Ұйымдастыру.

Сынып  екі топқа  бөлінеді .

— Бүгін біздің  сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сендердің жауаптарыңды  жетондармен  бағалаймын : «5»- қызыл түс, ««4» –жасыл түс, «3» – сары түс.                                                                                              Әр топ  өздеріңді таныстырыңдар.

1- топ : «Болашақ».  Ұранымыз : «Болашақ бізден басталады»

2- топ : «Шығармашыл» . Ұранымыз : «Ізденген  жетер мұратқа»

— Балалар, өз салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымызға байланысты қандай ұлттық ойындарды білесіндер?

ІІ. «Теңге алу» ойыны.

Теңге алу — ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі.  Ертеде киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық  ақшаларды салып қоятын болған. Қазір тақыр жерге  ақ шүберекке түйілген зат тасталады. Ойыншылар ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп алып кетулері керек. Ақшаны ат үстінен алған адам иеленіп кетеді. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып  іліп алу үлкен ептілікті  талап етеді.                                                                                                                     (Дорбаның  ішінде нөмірленген  теңгелер жатыр. Әр нөмірдің  сұрағына жауап берген оқушы теңгені алады.)

1.Зат есім  дегеніміз не ?

  1. Етістік дегеніміз не ?
  2. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді ?
  3. Тұрлаулы мүшелер нешеге бөлінеді ?
  4. Бастауыш дегеніміз не ?
  5. Баяндауыш дегеніміз не ?
  6. Бастауыш қандай сөз табынан жасалады ?
  7. Баяндауыш қандай сөз табынан жасалады ?                                                                         — Кім  сұраққа жауап береді , сол теңгенің иесі болады.

ІІІ. «Бәйге » ойыны .

Шабандоздар  сәйгүліктеріне  отырып  белгілі бір қашықтықта жарысады. Мәреге  бірінші жеткен шабандоз  жеңімпаз аталады.  Шабандоздар  сәйгүліктерін жарысқа  бірнеше айлар дайындайды. Жарыста олар  дайындықтарын  көрсетеді. Сендер де алған білімдерінді  осы жарыста көрсетіңдер.                                                                                                                                                                       Тақтамен жұмыс.  41 – жаттығу, 84 бет.

— Бастауыш пен баяндауышты табыңдар.

ІV. «Аударыспақ» ойыны.

Қазақ халқының  арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе –жекке  шығып, бірін – бірі  аттан аударып тастауға тырысады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты талап ететін  ойын.                                                                                          –Балалар, келесі тапсырманы орындағанда  сендер де өз тапқырлықтарыңды көрсете  білу керексіңдер. Кім тапқыр болады сол  топ осы ойында жеңіске жетеді.                                                                                                                                      — Сөйлемдегі  әр сөзді мағынасы жуық  басқа сөзбен алмастырыңдар. Бастауыш пен баяндауышты табыңдар.

«Болашақ» :  Құстар жылы  жаққа ұшып кетті.

(Қанатты достар  оңтүстікке қайтып барады.)                                                                                                        «Шығармашыл» : Тоқылдақ ағашты тоқылдатты.

( Орман  емшісінің тоқылдатқан дыбысы  естіледі.)

  1. Сергіту сәті. Понтамимикалық ойын.

Ескек  ескен қайықшының  қимылын көрсету.

Сапта жүріп келе жатқан  сарбаздың қимылын көрсету.

Ұшып бара жатқан  құстың қимылын көрсету.

VІ. «Арқан тартыс» ойыны.

Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол  арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды .Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады.                                       – Балалар, барлықтарын бірге күш салып, бірге жұмыс істесеңдер жеңімпаз боласыңдар.

— Сөз санын өсір. Екі сөзден тұратын сөйлемге мағынасына қарай сөз қосып отыр. Бастауыш пен  баяндауышты тап.

«Болашақ» : Шық түсті.

Шөпке   шық түсті.

Таңертең  шөпке шық түсті.

Таңертең  шөпке шық  ақ моншақтай  түсті.

«Шығармашыл» : Қар жауды.                                                                                             Алғашқы қар жауды .

Бүгін жапалақтап  алғашқы  қар жауды .

VІІ. «Көкпар»  ойыны.

Көкпар – ұлттық ат ойыны. Әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан  көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат  үстінде сүйрелеп, бір – бірінен ала қашып, мәз – мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған.

Екі топ жарысады. Тартылатын серкені  алдын ала белгіленген бір шақырымдай жерге апарып тастайды. Тартысқа шыққан екі топ таласа – тармаса  серкені жерден іліп алу амалын жасайды. Серкені іліп алған ойыншы қаша жөнеледі, ал қалғандары оны қуып жетіп , серкені тартып алып мәреге жетуге тырысады.                                                                                                 – Осы ойында ұйымшыл,  бірлігі бар топ  жеңіске жетеді. Әр ойыншы өз үлесін қосу керек  сонда ғана  жеңесіңдер.

— Сурет бойынша әңгіме құру.

«Болашақ» :     Қыс                           «Шығармашыл» : Күз

VІІІ. «Қыз  қуу» ойыны.

Ойынның шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек. Жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жету керек. Ал жігіт оған үлгермей қалса, бұрылыстан қайта шапқанда қыз  шабандоз жігітті қамшының астына алады. Екеуі де осы жарыс үстінде өздерінің тапқырлығын, ептілігін, шабандоздық шеберлікті  көрсете білуі  керек.                                                                                                      Сендер де өз  шеберліктеріңді , шығармашылық қабілеттеріңді көрсетіңдер.

— Өлең құрастыру.

«Болашақ» :                                                    «Шығармашыл» :

…………….көңілді                                           ……………. көңілді

…………….төгілді                                            …………….оралды

……………ашылып                                          ……………….айнала

…………….көрінді                                           ……………өңірді

Х. Қорытынды .

Жеңімпазды анықтау.

ХІ .Үйге  тапсырма .

42 – жаттығу,  84 бет.