10 саны мен цифры

Сабақ тақырыбы: 10 саны мен цифры

Мақсаты:  

  1. 10 саны мен цифрын меңгерту . дициметр және көп таңбалы сандар туралы ұғым қалыптастыру.
  2. Танымдық қабілетін арттыру, логикалық ой-өрісін , математикалық тілін дамыту.
  3. Пәнге деген қызығушылықтарын артыру, талапшылдыққа, ептілікке тәрбиелеу

Ғылымилығы:  цифрлардың қай ғасырда ойлап тапқаны, олардың аталуы жөнінде түсініктерін қалыптастыру.

Әдісі: сөздік, көрнекілік, талдау, жинақтау, ивристикалық

Көрнекілігі: шаблондар, тірек сызба

Сабақтың түрі: аралас

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Сабаққа психологиялық дайындық

  • Ойнап, күліп аламыз

Оқып білім аламыз.

Интерактивті тақтамен

Дамиды бүгін санамыз.

Ұстаз сөзін тыңдайтын

Біз әдепті баламыз.

  • Жыл мезгілін, апта, ауа райын анықтау.
  • 0-ден 9-ға дейін тура, кері санату
  • Міне, математикада тоғыз цифр бар. Әр цифр бір таңбалы санды білдіреді. Бұл сандардан басқа екі, үш, көп таңбалы цифрдан тұратын сандар құралады.

Бір таңбалы сандар;1,2,3,4,5,6,7,8,9

Екі таңбалы сандар;10,12,13,14,15,20 т.б

Үш таңбалы сандар;100,133,624,801

Біз сендермен сандардың көмегімен неше зат екенін санауға, олардың мөлшерін білуге, заттың ұзындығының енін, биіктігін, қанша салмақ тартатынын білуге болады.

Енді осы цифрларды ең алғаш VI ғасырда ойлап тапқан. Бұл үнді жерінде болған. Бірақ бұл цифрларды араб цифрлары деп атайды. Өйткені Европаға  үнділерден  үйренген арабтар арқылы келген.

 

 

2.Санамақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Слайд

Алшаға кеп күнара

Қонушы еді бір ара

Бүгін тоғыз туысын

Ертіп келді бұл ара

Сонда бүгін алшаға

Келіп қонды қанша ара?(10ара)

Біз бүгін 10 саны және цифрымен  сатылай кешенді талдау технологиясының басшылыққа алып,интерактивті тақта көмегімен танысамыз.

Міне мынау 10 саны және цифры.Сандар қатарында 9-дан кейін тұрады.

  1. Жаңа сабақты меңгерту: СКТ.Н.Оразақынова

Анықтама:    10 натурал сан,себебі нәрселерді санауға

қолданылатын сандар натурал сандар

деп аталады.

Тану  2.1.   Оқылуы       он деп оқылады.

 

2.2.    Жазылуы         натурал сандар араб цифрымен ондық

жүйемен  жазылады (он цифрын жазу)

2.3.  Мағынасы         10 оқушы 10қатар заттың мөлшерін

ретін білдіреді.

3.1.  Түрге айыру        10 жұп сан себебі 2-ге бүтін

бөлінеді

3.2.   10 тақ сан емес себебі тақ сан 2-ге бөлінбейді

4.1.   Салыстыру Үлкен 10>9 10>8  10>7 т.б

4.2                       Тең 10=10

4.3                          9<10  8<10   7<10 т.б

Амалдау.                                     Өрнек + — амалына заттарды санау арқылы

теңдік құру .10 санының пайда болуы.

Қорытынды.                                Жұмбақ есеп арқылы 10 санын пысықтау

 

Оқулықпен жұмыс.

1а.Шаблондарды санай отырып теңдік құру

9+1=10                                              10-1=9

1 ә.Кесіндінің ұзындығын өлшеу.

10см=1дм                                     Дм ұғымын меңгерту

2.Заттарды санау арқылы салыстыру

10>9                                      9<10

3.«Көршім қайда?» ойыны арқылы қалып қойған санды табу

Кіші көршім сол жақта,

Үлкен көршім оң жақта.

Тұрушыедіқасымда,

Қайда кеткен жан-жаққа

VI.Дәптермен жұмыс

А 10 цифрын жазу

Ә.Теңдік құру       №4 орындау

 

VII.Сабақты қорыту.

  • Жұмбақ есеп.

Қалау қауын ұрлады,

Қасым қарап қалмады.

Қалау салды үшеуін

Қасым салды жетеуін

Көріп бағбан тыстағы

«Ұрыларды »ұстады

Бағбан ашып қапты,

Қанша қауын тапты                            (10 қауын)

2)Ауызша математикалық диктант.Үлестірме карточкалар